ФОСФОР ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ КӘСІБИ НАУҚАСТЫЛЫҚ

 

Сарсеева Г.Б., Жанилова А.Т., Наметова Ж., Тасболат А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Фосфор және оның қосындыларымен созылмалы улану мәселесі Қазақстан үшін өзекті болып табылады. Жұмысшылардың ағзасында фосфорды өндіру факторларының зиянды әсеріне арналған зерттеу сұрақтары көптеп зерттелінбегенмен осы кезге дейін аурудың клиникалық ағымы қызметтен ұзақ уақыт ажыраған кейінгі сұрақтары және оны науқастар категориясының, әлеуметті-медициналық қалпына келтірудің практикалық маңызды мәселелері қарастырылмаған.

         Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік тәжіріибесі жоқ эксплуатациялық аса зор бірліктік қуаттағы электротермикалық пеш құрылған фосфорлық зауыты қайта іске қосылды.

Төменде көрсетілген кестеден фтордың тек газ күйінде атмосфераға қандай мөлшерде бөлініп жатқанын көруге болады. Ол өз кезегінде топыраққа, су бассейндеріне қонып, басқа заттармен реакция түседі. Жоғарыда атап өткендей фтор периодтық жүйедегі ең активті элемент болып табылады.

Фосфор және оның қосылыстары (органикалық және бейорганикалық) тұрмыстық шаруашылықта кеңінен пайдаланады: фосфорлық тыңайтқыштар ретінде, химиялық реактивтер, цементтің фотореактивтері, медикаменттер, активті көміртегі, инсектицид, пестицидтер ретінде, сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында жалындататын және түтін түзуші заттар жасауда құрамдық компонент ретінде және сіріңке өндіруде т.б. жерлерде қолданылады.  Фосфорлық өндірістік жағдайда, яғни мекеменің ауа кеңістігі құрамында токсиндік эффектісі бар газ және шаң тәрізді заттарға төмендегі заттар жатады: фосфор тотығы, фосфин, фосфордың булары, фторлы сутегі, күйелі газ және т.б. заттар. Бұлардың барлығыда улану  концентрациясын 8-10 есе жоғары көтереді. Соның ішінде ең улы зат сары фосфор (ПДК = 0,03 г/м3) және сутектік фосфор (фосфин) (ПДК = 0,1 мг/м3 ) болып саналады [1]. 

Жұмыс аймағының ауа кеңістігінде бұл заттардың концентрациясы шлактарды және феррофосфорды құюда, сары фосфорды өндіргенде конденсациялау процесінде, азоттың үшполифосфаты өндірісінде фосфор қышқылын бейтараптауда, мырыш фосфиді өндірісінде фосфорды барабандау арқылы қайта өңдеу процестері кезінде жоғарылайды.

Өндірістік жағдайда ағзаға фосфордың түсудің ең басты жолдары болып тыныс жолдары, ішек-қарын жолдары және тері жатады. Ішке түскен фосфор өкпе ауа тамырлары, ішек-қарын, сонымен қатар зәр шағыру мүшерлері арқылы бөлініп, олардың дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтіреді.

Исектицит және акарициттер түрінде ауылшаруашылығында қолданылатын фосфордың органикалық қосылысы, жылықанды жануарлардың және насекомдардың организміне улы әсер етудің негізі болып саналады. Бұл топтың жалпы барлық қосылыстары үшін ең маңызды фермент холинэстараздың әрекетін сипаттау т.б.

Организмнің фосфорганикалық заттармен улануы көптеген жағдайда, белгілі бір ингебаторимен холинэстераздар, физостилин және прозерин сияқты заттармен улануды еске түсіреді. Өздерінің активтеріне байланысты фосфордың барлық препараты бірдей емес, олардың атжалманға арналған мөлшерінің уытты әсері осының көрсеткіші. Фосфор қосылыстарының уыттылығы организм үшін ұлпадағы холинэстраздар активті орталығын фосфорлау қабілеттілігі бойынша анықталады.

Зерттеу нәтижесі фосфор қосылыстарының организмдегі қышқылдану және фосфорлану процесіне әрқилы әсер ететіндігін көрсетеді. Организмнің фосфор қосылыстарымен улануының биохимиялық өзгерістері жалпы белоктың және қант құрамының артуы, гемоглабин мен эритроцит санының көтерілуі, сонымен қатар холинэстераз активтілігінің қатты қысымы болып табылады.

Ғылыми зерттеу жүргізудің нәтижесінде жасуша қабықшасы липидтерінің пероксидция процесінің және антиоксиданты қорғаныш механизмінің жойылуы байқалған.   Егерде алғашқы жылы липидтердің қостотығының тотығуы антиоксидант жүйесінің жұмысын реттесе, ал 15-19 жыл жұмыс уақытынан кейін антиоксиданттық жүйесінің механизмі төмендейді, яғни антиоттегілік, антипероксид және антирадикалды ферменттердің активтіліктері төмендейді. Сондай-ақ бір кезеңде альфатокоферол,  SH-тобы, P450,, B5 т.б осылар сияқты табиғи оксиданттардың мөлшері төмендейді. Жасуша қабықшасында және субклеткалық түзілу процесі кезінде антиоксиданттық қорғану процесінің  липидтерінің пероксидция процесінің және антиоксидантық жүйе ферменттерінің төмендеуінің әсерінен қорғаныш механизмінің жойылуы байқалған. Едәуір мөлшерлік концентрацияда  фосфордың жалпы уыттылық әсері 3-5 жылдан кейін-ақ  оның ағзадағы жүйке жүйесімен висцеральдық мүшелерге өзіндік әсерінің потологиясын көрсетеді, бірақ 8-12 жылдық жұмыс уақытымен салыстырғанда әсері төмен, ал ПДК-ның жұмыс орнындағы әсерінің концентрациясы жоғарырақ болады.

Фосфордың ағзаға ингаляциялық жолмен түсуі жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпе-бронхы аппараттарының қабынуына әкеліп соғады. Фосфорлы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшыларда бронхының уытты қабынғаны, яғни диагнозы қойылған. Бұның барлығыда фосфор, фосфор қосылыстарымен созылмалы уланудың нәтижесінде болып отырады. 

Фторлы қосылыстардың әсерінен терінің, сілемейлі қабаттардың тітіркенуі байқалады. Ұзақ уақыт әсер етуінен мұрыннан қан кетеді, жөтел, жүрек айну пайда болады, сонымен қатар өкпедегі газ алмасу бұзылады. Фтор ағзада жеткіліксіз мөлшерде болатын болса, қаңқада  кальцийдің түзілуі және аса маңызды роль атқаратын коллаген мен мукополисахаридтердің биосинтезі нашарлайды. Табиғи ортаның фтор қосылыстарымен ластануы ауыл шаруашылық жануарлардың жайлымдарының фтормен ластануының және флюорозбен ауруының бірден-бір себебі болып отыр. Флюороз ауруымен ауыратын аумағы барған сайын Тараз қаласынан шығысқа және солтүстік-шығысқа қарай кеңейюде. Осыған байланысты қазіргі уақытта профилактикалық және емдеу жұмыстары  қарқынды жүргізілуде.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Аладатова А.Г.,  Метиль Г.Е., Рыбина Г.Е. и др. Медико-биологические значение уровни содержания ртути в биосредах организма. //

2.Антипанова Н. С., Громова Т.И., Домрачеева В.А. и др. Гигиеническая содержания ртути в организме работников электрохимического производство каустической соды. // Гиг. И сан. 2012

3.Алиакпаров М. Е. Медико-экологические проблемы здоровья населения Центрального Казахстана.  // Медицина и Экология. – 1996. №1.

4.Базелюк Л.Т., Кулкыбаев Г.А., Бекеева С.А. Влияние экологических факторов на здоровье детского населения // Здравоохранение Казахстана. -1998. - №5-