Байкенжеева Д.Б.

Университет «Мирас», Шымкент, Казахстан

 

БАНКТІК БИЗНЕСТЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР

 

Қазіргі таңда әлемдік банктік салада барлық қызмет саласын қамтитын жаһандық электронды инфрақұрылымдардың дамуы мен қалыптастыру процессі жүріп жатыр. Жаһанданудың қаржылық процессі инновациялық технологияларға, сондай-ақ дәстүрлі материалдық және адами ресурстарға негізделеді. Инновациялық технологиялар бұл банк саласында инновациялық төлем құралдарын дамытудың мүмкіндіктерін ашатын адамдардың ақпараттар ортасымен өзара қарым-қатынас жолы.

Жаһандану аясында қаржы саласының маңызды бір инновациялық технологияларды қолданудың объектісі болып табылатын барлық банк жүйесінде төлем жүйесінсіз дамуы мүмкін емес.

Заманауи жағдайда банк саласындағы инновациялардың әсерінен дәстүрлі банктік операциялар үлесі қысқарды, банктік есеп-айырысудың жаңа түрлері көбейіп жатыр.

Заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар базасында жаңа банктік өнімдер мен қызмет көрсетулердің дамуы банктік инновациялық бизнестің негізін құрайды.

Жаңа банктік өнімдер мен қызметтер нақты төлем құралдарымен заттанады. Бұл құралдар нақты уақыт режимінде төлем жасауға мүмкіндік береді және төлем жүйесінің ажырамас элементіне айналады. Банк саласындағы жаңа электронды инновациялық технологиялардың дамуымен банктер мен клиенттер арасындағы өзара қарым-қатынас өзгерді. Мәселен, Интернет арқылы қаржылық қызмет ұсынытатын қашықтықтан қызмет көрсететін банктер немесе өзіне-өзі қызмет көрсететін банктер жұмыс істей бастады. Сондай-ақ клиенттер электронды пошта немесе компьютерлік желілер байланысы арқылы жеке немесе қашықтықтан банктік қызметтерді пайдалана алады.

Инновациялық бөлшек төлем құралдарының дамуы ресурстарды тарту мен орналастыру арасындағы уақыт алшақтығын қысқартады. Бұл банктік жүйе субъект арасындағы делдал – уақытша еркін ақша ресурстарының иеленушісі және осы еркін ресурстарға мұқтаж субъектілер болып табылып, экономиканың даму қарқынын анықтайды.

Бөлшектік төлем жасаудағы жаңа және кең таралған құралдардың бірі пластикалық карточка болып табылады. Барлық дамыған елдерде пластикалық карточка сауда және қызмет көрсету саласының ажырамас белгісі болып табылады. Төлем карточкасының көмегімен жүргізілген операциялар көлемі банктік жүйе мен қоғамды біріктіру дәрежесін көрсетеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде тауарлар мен қызметтерге қолма-қолсыз төлем жасау  барлық ақшалық операциялар құрылымында орта есеппен 90% жетіп отыр.

Көпшілік экономистердің пікірінше, пластикалық карточка – бұл «банктік істегі технологиялық революциялар» элементіінің нақты бір « ғасыр қызметі». Сондықтан, пластикалық карточка бөлшектік банктік істегі негізгі инновациялық төлем құралы болып табылады.

Қаржы нарығының дамуындағы банктік сектор электронды технологиялар, соның ішінде төлем жүйесінін қабылдау арқылы жаһандыһ өзгерістерге ұшырады. Қашықтықтан  банктік қызмет көрсету мен өзін-өзіне қызмет көрсетуін енгізумен байланысты Қазақстанда әлемдік тәжірибеге сәйкес жақын уақытта банк пен клиент арасындағы өзара қатынасты өзгертуі мүмкін.

Ескере кететін жайт, электронды төлемдердің жұмыс істеу тиімділігі клиенттердің қаржылық шығындарын, жоғары тәуекел және банктік жүйеге сенімсіздіктің алдын ала отырып, қаржылық тұрақтылыққа ықпал жасайды. Адами ресурстардың менеджментін, жаңа технологиялар мен өңдеу мәселелерін, сондай-ақ транзакцияның қарапайым және жылдам тәсілін дұрыс жүргізетін банктердің төлем құралдары жүйесіне инновацияларды ендірудің тиімділігін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері бар.

Алайда клиенттердің кейбір бөлігі төменде аталған себептерге байланысты төлем құралдарының дәстүрлі жүйесінде қалып отыр [38]:

-      ақпараттар алмасудың жылдамдылығын қамтамасыз ететін банк қызметкерлерімен тікелей байланыс;

-      кез-келген банктік транзакцияны жүргізудің дұрыстығын растайтын төлем жасау кезінде қосымша деректер (мысалы, счет-фактура немесе басқа да ақпараттар, құжаттар беру);

-      жүргізіліп жатқан төлемге қаржылық бақылау, яғни сенімділігі қамтамасыз ету үшін қол қоюдың қажеттілігі;

-      он-лайн транзакцияны жүзеге асыру мен оның аяқталу уақытын ұзарту.

Сонымен қатар, банктік нарықтағы өсіп жатқан жаһандану әр түрлі клиенттер үшін жаңа құралдарды ендіруді көтермелейді. Сондай-ақ инновациялық төлемдерді ендіруге кеткен шығындар жаңа ақпараттық қамтамасыздандырудығ жаңа құрылғыларды және кадрларды қайта даярлауды талап етеді.

Халықаралық тәжірибені талдауда түпкі паййдаланушылар үшін  маңыздылыққа ие болған төлем жүйесін енгізу кезінде тиімділіктің нақты белгілері жүзеге асырылатын халықаралық банктік жүйеде анықталды[39]:

- уақтылығы;

- қол жетімділігі;

- қолданудағы қолайлық;

- басқа банктік операциялармен біріктіру жеңілділігі;

- қауіпсіздігі және сенімділігі;

- төмен баға және ашықтығы.

Егер коммерциялық банктер бірыңғай төлем құралдарын ұсынатын болса, клиенттер төмен баға бойынша төлем құралдарын дұрыс деп табатыны айқын. Алайда, әрбір төлем жүйесінің өзіндік артықшылықтары бар. Сондықтан да төлем құралдарының бағасы клиенттер үшін қауіпсіздікті, сенімділікті, қол жетімділікті және т.б. сақтай отырып, ақпараттар айқын болу керек. Айқындылығы ретінде сондай-ақ төлем құралдарының қасиетінің шығындары мен тәуекелін зерделейтін ерекшеліктері туралы ақпараттарды түсінуге де болады.

Төлем құралдарын инновациялық енгізудің рентабельділігі мен тәуекелді бағалау үшін дамыған елдердің қаржы нарығында ұзақ тарихы бар банктік сектор қызметі көптеген әдістер негізінде әзірленген.

Банктік қызметтегі инновациялық талдамаларды енгізуде үш негізгі элементпен: банктік операциялық қызмет көрсетумен, төлем құралдарының инновациялық ерекшеліктерімен және маркетингтік зерттеулермен байланысты.

Инновациялық төлемдерді бағалау және өңдеу бойынша барлық деректер «жүйелік интеграторлармен» жүзеге асырылуы тиіс [40]. Бұл топ банктік транзакцияны жүзеге асырудың деректер жиынтығын талдайтын, инновациялық төлем құралдарынан потенциалды залалдар мен тәуекелдерді бөлетін, сондай-ақ төлем құралдарының одан әрі жетілдіру және тиімділігі үшін клиенттер мен сыртқы эксперттерге кеңес беретін банктің қызметкерлерінен құралған.

Әрбір элемент инновацияны енгізудің тиімділігі үшін өте маңызды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұтынушылардың таңдауы тек жаңадан енгізілген төлем құралдарының ерекшеліктері мен техникалық артықшылықтарына ғана емес, сондай-ақ басқа да клиенттердің сипаты мен талғамдарына да тәуелді. Ол үшін банкке инновацияны енгізудің қолайлылығы мен маңыздылығы жайында клиенттердің сенімділігіне маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет.

Сонымен қатар, банктік қызметтерге инновацияларды енгізу бойынша жобалар үшінші тараппен немесе қызығушылық танытқан тараптармен бірге орындалуы қажет. Мәселен, мобильді банкинг бойынша тиімдірек нәтижелеріне мобильді қызметтер операторларын, несиелік ұйымдарды немесе электронды ақша жүйесінің оператоларын тартуға болады.

Сондай-ақ әр түрлі клиенттерге қызмет көрсету барысында төлем құралдарына мониторинг жүргізудің құралы ретінде Ұлыбританияның банктерінде әзірленген тәуекелге бағдарланған әдістемені қолдану ұсынылады. Бұл әдістеме анағұрлым тәуекелді төлем құралдарына банктің назары мен ресурстарын шоғырландыра отырып, тәуекелді бағалауға мүмкіндік береді. Дегенмен, көбінесе жаңа қаржылық құралдардың тиімділігі елдегі жұмыс істеп тұрған төлем жүйесі саласындағы заңнамаларды және құқықтық актілерге тәуелді [41]. 

Бұл әдістеме банктің қаржылық тұрақтылығына  теріс әсер ететін тәуекелдер мен елдің жалпы экономикасы арқылы екі негізгі арналарын анықтады [38].

Теориялық тұрғыдан, коммерциялық банктер төлем жүйесімен байланысты залалдар мен тәуекелдерді, сондай-ақ ықтимал салдарын бағалауға қабілетті болуы тиіс. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер әр түрлі клиенттердің қауіпсіз және балама тәсілдер арқылы жүзеге асыра алатын тәуекелділік жүйесін төмендетуге бағытталған әдістемелер тиімсіз болатынын ескеріп отыр.

Сонымен қатар, төлем құралдарын қызметтендірудің тиімділігінің маңызды бір факторы толық енгізу жүйесін қамтамасыз ететін және банктің құрылымына сәйкес жауапкершілікті жүктеуге мүмкіндік беретін банктік орталықтандыру болып табылады.

Инновациялық құралдарды қолданудың тиімділігіне қол жеткізу және экономикалық рентабельділікпен қамтамасыз ету үшін банктен көп күш, дұрыс менеджмент және тәуекелділікті азайту қабілеті болу керек.

Өз негізінде, инновация банктік өзгерістің нақты құрылымымен қауымдасады. Сондықтан, екінші деңгейлі банктер енгізудің алғашқы кезеңінде қаржылық шығындарды және жаңашылдықтармен байланысты мүмкіндіктерді, адами ресурстарды, нарықтағы бәсекелестікті бағалауы тиіс.

Мәселен, коммерциялық банктер деңгейіндегі инновациялар адами ресурстарды үнемдеу мақсатында инновациялық төлем құралдарын қолдану бойынша нұсқауларды, жоспарлы операциялар үшін Call Center және автожауаптарды пайдалануға әр түрлі клиенттерді жігерлендіре отырып, кейбір банк филиалдарының қызметтерін қайта жобалау қажет болып табылады. Клиенттер, сонымен бірге, қолма-қол қаражаттарды салу, сейфке қол жетімділікке ие болу, құпия транзакция және т.б. белгілі бір мәселелер бойынша банк қызметкерлерінен кеңес алуға болады.

Коммерциялық банктерде көрсетілген модельді кешенді әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында инновацияларды енгізудің арнайы топтарын құру орынды. Осындай топтардың негізгі қызметтері келесідей:

– инновацияларды енгізу механизмін ұйымдастыру;

– жалпы банктің жұмысын жоспарлауға қатысу;

– жеке инновацияларды енгізу бойынша жедел топтарды ұйымдастыру және олардың жұмыстарын  үйлестіру;

– жаңа технологиялар мен өнімдердің мүмкіндіктерін талдау үшін жедел топтарды кезеңдік жинау;

– тәуелсіз кеңесші-мамандармен байланыстарды қолдау;

– көмек көрсету және кеңес беру, туындаған мәселелерді шешу, ақпараттарды ұсыну;

– адамдар арасында байланыс орнату, барлық бағыттар бойынша ішкі байланыстармен қамтамасыз ету;

– қызметкерлердің ұсыныстарын қарастыру, оларды жоғары деңгейдегі басшыларға жеткізу;

– басшылыққа өз жұмысы туралы жүйелі есеп ұсыну және ол туралы қызметкерлерге ақпарат беру.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.       С.Б.Мақыш. Ақша айналысы және несие. – Алматы: Издат.Маркет,2004ж.

2.       С.Б.Мақыш, А.Ә.Ілияс. Банк ісі. – Алматы: Қазақ университеті, 2004 ж.

3.       1999 ж. 16 шілдеде шыққан № 436 «ҚР Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңы. 8-тарау.48-50 баптар.

4.       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған қаржылық сектордың дамуы туралы» 25.12.06 жылғы  №1284 тұжырымдамасы.