Биназарова Н.Н.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ АУЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ  ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

 

20-30 жылдардағы Қазақстанда жүргізілген қауырт, жедел шаралардың себептерін анықтау, оларға объективті баға беру кеңестік әміршіл-әкімшіл экономиканың калыптасу эволюциясын сараптаумен тығыз байланысты.

Ұлттық тарихтағы ақтандақтар қатарына 20-шы жылдардың соңында, 1926-1927 жылдары "Шабындық, егістік жерлерді жөне жайылымдарды бөлу" деген атпен белгілі жер реформаларын жатқызуға болады. Бұл коллективтендіруден 3 жыл бұрын басталып, патриархалды, қауымдық жер қатынастарын өзгерту мақсатын қойған, "тап күресінің шиеленісуі туралы" сталиндік қағида рухында жасалған волюнтаристік шара болды.

Алайда, "тап күресінің шиеленісуі" мәселесінің күн тәртібіне қойылуы Одақта кейінірек, 1929 жылы басталғанын ескерсек, аталмыш шараның Қазақстанда ерте басталуына байланысты сұрақ туады. Өйткені 20-жылдардың ортасында жаңа экономикалық саясаттың нарықтық реттегіш функцияларынан бас тартылмаған еді. Әлсіз экономикалы Ресей жағдайында социализм орнатудың ұзақ мерзімге созылу мүмкіндігі ескеріліп, жаңа экономикалық саясат ауыл шаруашылығындағы жеке меншікті тез арада өзгерту мақсаттарын қойған жоқ. Лениннің сөзімен айтсақ: "Ауыл шару-ашылығын қайта құру және шаруалардың психологиясын өзгерту үшін бір ұрпақтың мерзімі керек. Бұл тапты помещиктерді жойғандай жоя алмаймыз, оны өзгерту үлкен күш пен шығындарды талап етеді".

Осы бағытта 1925 жылы өкімет ауыл шаруашылығында товар-ақша қатынастарын дамыту, жеке меншікті нығайтуға бағытталған аренданы, жалдама еңбекті пайдалану туралы шешімдер қабылдады. Осындай саяси келісімге негізделген жаңа экономикалық саясат кезінде Қазақстанда байларға қарсы бағытталғаны шаралардың жүзеге асуын немен түсіндіруге болады?

"Қоғам дамуының қозғаушы күші - тап күресі" деген кереғар маркстік қағидаға сүйенген олар қазақ даласындағы әлеуметтік жайбарақаттықпен келіспеді. 1925 жылы өлкелік партия комитеті басшылығына қазақтың тілінен, дінінен, дәстүр-танымынан, тұрмыс-тіршілігінен хабары жоқ, "революционер" Ф.Голощекин жіберіліп, ол Казан революциясының казақ даласына әлі жетпегеніне "қатты қынжылып", "Кіші Октябрь" төңкерісін дайындауға кірісті. "Бай", "орташа", "кедей" топтарын анықтау, олардың экономикадағы үлес салмағы, осы әлеуметтік топтардың бір-біріне ара-қатынасы мәселелерін талқылау барысында Ресей жағдайына еш жанаспайтын, мүлде өзгеше әлеуметтік-экономикалық жағдай көзге ұрынып-ақ тұрды. 1927 жылы одақта жеке шаруалардың 35% -кедейлер, 60% - орташалар, 4-5% - кулактар болса, қазақ ауылындағы мүліктік жіктелу мүлде басқаша, кедей шаруашылықтар көп, орташа - жоқтың қасы, бай - өте аз боп шықты. Мысалы, 1926 жылғы мәліметтер бойынша Павлодар уезіндеті шаруашылықтардың мал басы санына қарай жіктелуі төмендегідей болды: 5 ірі қара малы барлар - 57 процент; -5-10 малы барлар - 28 процент; -10-20 малы барлар - 4 процент;

Жалпықазақтық Ш-партия конференциясында 3 губерния бойынша ауылдағы жіктелу туралы мәліметтер де осы деңгейді көрсетті: кедейлер - 72 процент, орташа - 18,9 процент. Оның растығын кейіннен, шабындық жерді бөлу науқаны дәлелдеп берді. Мұнда іріктелу революциядан бұрынғы Щербина санағымен де сөйкес келеді. Әсіресе, орташа шаруалар тобын анықтау өте қиынға соқты. 1924-25 жылғы салық салу науқанында қазақ малшыларының 75 проценті салықтан босатылғанын тілге тиек етсек, кедей тобының шаруашылықтың нетізін кұрайтыны белгілі болып шығады.

1926 жылы бір басталып, 1927 жылы қайта жалғасқан шабындық және егістік жерлерді бөлу қазақ шаруаларын талап-тілегінен туған шара емес еді. Голощекин "жер реформасы" деп көкке көтерген бұл бөліс байды жерден айыру мақсатын қойғаны мәлім. Бірақ жерге жеке меншік жоқ (Қазақстанда жер патша заманынан бері -мемлекеттік) жерді пайдаланудың рулық формасы сақталған жағдайда, оған қоса, отарлық саясат негізінде шұрайлы жерлерінен айырылып, құнарсыз жерлерге ығыстырылған мал бағудың көпшелі, жайылымдық түрімен айналысатын казақ үшін Бұл шараның басқаша ұйымдастырылуы керек еді.

Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ аудандарында берілегін жер мөлшерлері қысқартылып, қалған жер совхоз, колхоздар және көшіп келушілер үшін берілуі тиіс болды. 1928-1929 жылдары жерге орналастырудың селоаралық түрінің көлемі 12 мың гектарға жетті. Тек 1925 жылдың өзінде Жетісу губерниясына рұқсатсыз келіп қоңыстанушылар 12мың семья немесе 60мыңдай адам болған. Өкімет тарапынан шаруаның жерді тиімді пайдалануына жағдайлар жасалмады. Малы аз немесе малы жерді калай ұқсата алады, егер оған мал алуға немесе құрал- алуға несие-қаржы берілмесе? Керісінше, малы бар ауқатты жерсіз калып, енді бар малын сатуға мәжбүр болды. Мал өз құнынан әлдеқайда төмен бағаға сатылып, тиімсіз пайдалану шаруашылық деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Ақырында, байларды жерден айыру Қазақстан мал шаруашылығын көтеруге емес, керісінше, экономиканың құлдырауына алғы шарт жасады. Ал кедейге малын көбейтіп, ауқаттының деңгейіне жеткенше (мемлекет қаржыландырған жағдайда) 2-3 жыл уақыт керек. Сөйтіп, бұл шара Ленинің сөзімен айтқанда "бір кадам ілгері, екі кадам кейін" болып шықты. 1929-1930 жылдарда мал басының кемуі оған дәлел болады.

 Қазақ ауылнан кеңестендірудің басы саналған шабындық және егістік жерді бөлуге орталықтан еш қаражат бөлінбеді. Ол туралы республика басшыларының бірі Н.Нұрмақов Сталинге хатында былай деп көрсетті: Өзбекстандағы жер реформасына 30-40 млн сом ақша жұмсалды. Қазақстан Өзбекстандағыдан кем емес шабындық және егістік жерлерді бөлуді жылма-жыл бір тиын алмай жүргізіп отыр. Алайда жер бору _ ауыл шаруашылық құрал-сайманы мен басқа да шаруашылық шаралармен ұштастырылмай, алынған жерлер игерілмей отыр. Жер реформасы еш нәтиже бермеді". Қазақстан басшысының бұл шараға берген бағасы осындай.