Сарыбекова Қ.Н.
ТаразМемлекетік
педагогикалық институты
Өлкетану
мәселесінің қалыптасуының тарихи-теориялық
аспектілері
Қазіргі таңда
ХХІ-ғасырға аяқ басқан кезімізде адамзат
баласының айналасын қоршаған
табиғи орта мен оның күрделі экологиялық
мәселелерін шешу – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік көлемдегі саяси-экономикалық маңызы зор
проблемаларының бірі.
Уақыт талабына сай білім мен тәжірибе,
іскерлікті игере отырып, мектептегі
өзекті мәселелердің бірі — өлкетану жұмысын
ұйымдастырудың жолдарын
айқындап, бір жүйеге келтіру де
ұстаздардың үлесіне тиіп отыр. Өйткені тәуелсіздік алғаннан кейін
ғана ұлттық тарихымызды оқытуға баса назар аударылды. «Өмір — кіндік қан
тамған жерден басталады»
десек, балалардың туған жер тарихынан білімдерінің олқы
қалып жатқаны жасырын
емес. Егер әрбір саналы азамат төл тарихын жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда,
өткен жолын, қиындық-мехнатын, рухын, тар жол
тайғақ
кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен
сезе білгенде, елдің басын біріктірген
тарихи тұлғалардың жат жұрттан жерін, суын, даласын
қанын төгіп
қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін
қастерлей білгенде ғана Отанға, халқына деген мақтаныш сезімі оянады.
Бүгінгі өзі басып жүрген топырақтың қадір-қасиетін жете
түсініп ата-баба рухына бас иетін болады.
Өлкетану – белгілі бір өңірдің
табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін
зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы.
Шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын,
тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу
төңірегімен қоса зерттеу. Өлкетану - салалық
өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және
т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың
өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану
болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ
туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық,
топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық
мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және
жүйелеу болады [2, 47 б.].
Туған өлке табиғатын қорғау және
тиімді пайдалану, оны ластану мен бүлінуден қорғау үшін
адамзатты жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатпен
қарым-қатынас жасаудың азаматтық негіздерін
қалыптастыру Отанға деген сүйіспеншілікке байланысты.
Патриоттық сезімді тәрбиелеу өз Отаныңды, тарихың
терең танудан басталады. Бұл жайлы М.И.Калинин: «Отанына
патриоттық сезімін тәрбиелеу дерексіз ұғымдарға
емес, нақты заттарға негізделуі керек. Осыған орай
біздің жеріміз, орман, тауларымыз, өзендер мен көлдеріміз,
өндіріс орталықтары, біздің мектептеріміз – осылардың
барлығы тәрбиелеудің құнды материалы болып
табылады», – деп тұжырымдайды [3, 111 б.]. Елінің нағыз
азаматы болуы үшін ең алдымен өз өлкесін, өз
елінің, ұлтының тарихын, оның табиғатын,
байлығын, тарихы мен мәдениетін, өнерін біліп, зерттеу
қажет. Тек халықтың еңбек әрекетін, ауыл немесе
қаланың экономикалық өмірін ғана емес, сонымен
қоса өлкенің орманды, далалы, таулы, шөлді жерлерінде
не болып жатқанын білу керек [4, 249 б.].
Өлкетану –
мұғалімнің басшылығымен оқушылардың
туған өлкесінің (мектеп маңын, ауыл, аудан, қала,
облыс, өлке, Қазақстан) табиғи, тарихи,
әлеуметтік және экономикалық жағдайларын
жан-жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиені
өмірмен, қоршаған ортамен тығыз байланыста
қарастыруға болады.
Өлкетанудың зерттеу объектісіне жер, су, ауа, жануарлар, өсімдіктер және сол
өлкенің тарихы, мәдениеті жатады.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің
қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы
әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер
жүргізу шеңберінде енді. Бөлімше өлкенің
географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және
статистикасын зерттеумен айналысты.
«Өлкетану» терминін педагогикада алғаш рет 1965 жылы
П.В.Иванов қолданды [4,54 б.]. П.В.Иванов өзінің «Мектептегі
өлкетанудың педагогикалық негізі» деген кітабында: «Мектептегі өлкетану – бұл
оқушылардың оқу процесінде сабақтан тыс және
мектептен тыс жұмыстарында туған өлкелерін жүйелі
және жан-жақты танып-білуі жатады», – деп жазды.
Қазақстанда өлкетану білімінің алғашқы
негізін салған – Шоқан Уәлиханов болды. Ол адамды
табиғаттың туындысы деп ұғынып, орман мен
тоғайды, өзен мен көлді, далалы мен таулы жерлердің
тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын
байқаған. Ол Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауының
табиғатын, өсімдіктері мен жануарларының таралуын зерттеп,
алғаш рет сызба нұсқасын жасады. Ш.Уәлиханов қазақ
халқының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрыптарын
жете зерттеп, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін
былай деп суреттейді: «Көшпелі қазақ халқы
табиғаттағы кейбір аңдар мен құстарды киелі деп
қастерлейді. Оларды «обал, сауап», деп ұстамайды, атып
өлтірмейді. Осындай құрмет тұту,
ата-дәстүрін сақтау адам баласына бақыт пен
байлық, құт пен береке әкеледі», – деп
қазақ халқының өмірін табиғатпен
жақын байланыстығын көрсетеді [4, 87 б.].
Өлкетанудың
мақсаты - белгілі бір аудаңды, аймақты, елді мекенді зерттеу.
Зерттеу объектісі ретінде сол елді мекеннің тарихын
әлеуметтік-экологиялық, саяси, мәдени дамуын, табиғатын
алуға болады. Республикамызда өлкетану жұмысының
бірден-бір орталығы - мектеп. Сондықтан тарихи өлкетану
жұмысының басты міңдеті
-оқу мен тәрбиені өмірмен байланыстыру. Ең
алдымен өлкетану жұмысы - оқушыларға адамгершілік,
эстетикалық, патриоттық тәрбие беру құралы.
Өлкетану пәні арқылы үлкен қоғамдық
міндеттерді шешуге болады. Жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштерді,
ата-баба мұраларын, салт-дәстүрлерді оқып
үйренген баланың бойында патриоттық сезім қалыптасып, ұлттық сана
жаңдана түседі. Демек, өлкетану
негіздері дегеніміз – өз өлкеңді (ауыл, аудан,
қала, облыс, республика) жан-жақты тану, оның
қоғамдық өмірін, географиялық, экологиялық,
экономикалық, демографиялық және табиғи, тарихи,
мәдени ресурстарын есепке алып зерттеу.
Өлкетану – қызықты және тірі мектеп.
Өлкетану жұмыстарымен айналысқан мұғалімнің
өзіне де өте пайдалы. Олар өз білімдері мен педагогикалық
шеберліктерін тереңдетуге, оны әрі қарай дамытуға,
сабақ әдістемесін түрлендіруге мүмкіндік алып,
экологиялық білім мен тәрбие беруде нақтылық пен
сенімділікті енгізеді. Өлкетану – бұл
мұғалімдердің білімдерін жетілдерудің ең тиімді
жолы.
Туған өлкенің қоршаған табиғатында
оқушылардың санасында табиғатты сүюі, туған жерді
қорғауы – Отанға деген патриоттық сүйіспеншілікті
қалыптастырады. Өлкетану мектеп пен өмірді өзара
байланыстырады.
Мектептегі өлкетану жұмысының даму тарихы
төмендегідей:
1.ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап табиғат пен
өлкетануды тарихи-экологиялық ұстаныммен бірге байланыстырды.
Сонымен бірге оқушылардың қоршаған табиғи ортаны
дұрыс пайдалану қажеттілігі туындады.
2.Табиғат пен өлкетануды, тарихты байланыстыра оқыту
(білімді жетілдіру, икемділікті қалыптастыру) және тәрбиелеу
(табиғатқа деген қарым-қатынасты қалыптастыру)
жұмыстары негізгі орынға қойылды.
3.Натуралистік өлкетануды оқытуда сабақтан тыс
жұмыстарда өлкетану жұмысының түрлері: саяхат,
жорық, экспедиция, фенологиялық бақылау, өлкетану
бұрыштарын ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатты.
4.ХХ-ғасырдың басында өлкетану жұмыстары
биология, география, табиғаттану пәндерімен байланысып, айнала
қоршаған табиғи ортаны танып-білуге кешенді әдістемелер
ұсынылды.
5.ХХ-ғасырдың аяғында жалпы педагогикалық
зерттеулерде өлкетану жұмыстары әдістемелік жүйеде
жүргізіліп, оқушыларды тәжірибелік жұмыстарға,
яғни табиғатты қорғау істеріне жұмылдыру
жұмыстары жүргізілді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Из историй развития
педагогической мысли в дореволюционном Казахс-тане: Методические рекомендации
// Жарықбаев Қ.Б.–Алматы, 2008.–С.46.
2.
Бержанов Қ.Б. Из истории культурно-просветительской и
общественной деятельности учительства в Казахстане (1917–1941): дисс... кан.
пед. наук. – Алматы, 2006. – С.125.
3.
Мадин И.Б. Қазақстанда Совет дәуіріндегі педагогикалық
ой-пікірдің дамуы. – Алматы, 2009. – 127 б.
4.
Қоянбаев
Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002. – 382 б.