Б.Т.Сұрабалдиева, Ж.Е.Измуханова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
«Білім берудегі және білім
беруге арналған технологияларды
қолдану» тақырыбы бойынша орындалатын ғылыми жоба «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 арналған мемлекеттік
бағдарламасында» білім беру саясатының жетекші
ұстанымдарының бірі ретінде әлемдік білім беру
кеңістігіне ену және сол деңгейде білім беру жүйесін
қалыптастыру мәселесі стратегиялық міндеттердің бірі
ретінде нысаналы индикаторлар қатарына қосылған
мәселелер қатарына жатады .
«ҚР білім
беруді дамытудың 2011-2020 арналған мемлекеттік
бағдарламасында» Дублин
декларациясының параметрлеріне барынша жақындау арқылы
оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру, оған қол жеткізу үшін білім беру
жүйесін жаңа технологияларды қолдануға басты назар аударғандығынан
көрінеді.
Оқушылардың
функционалды сауаттылығын қалыптастыруда оның негізгі екі құраушысын: оқу
және жазу сауаттылығын дәстүрлі сабақтар
арқылы қалыптастыру мүмкін болса, оның үшінші
құраушысы – оқушының баяндау сауаттылығын, өз ойы мен мәтін
мазмұнының сәйкестігін қамтамасыз ету өте жауапты
кезең болып отыр. Өйткені американдық педагогтар К.Мередит,
Д.Огл, Д.Стил.,т.б. функциональды сауаттылықтың нәтижелілігі
оқушылардың тапсырма мазмұнын баяндау сауаттылығымен
тікелей байланысты деп санайды. Бұл тұжырым, жазу сауаттылығының
нақты таңбаларды меңгеруімен байланысты болса, оқу
сауаттылығы дыбыстарды ажырату, оларды дұрыс айту, сөз тіркестерін, оның дыбыстық айтылуын сақтаумен
айқындылады. Ал көптеген оқушылар жазу және оқу
сауаттылығын жақсы меңгере отырып, мәтін
мазмұнын, орындаған тапсырма қорытындысын, өз пікірі
мен сабақтың білімдік мазмұнын байланыстырып айта алмайды.
Оның негізгі себебі оқушылардың баяндау сауаттылығына
жеткіліксіз назар аударуы болып саналады. Өйткені, бастауыш сынып
оқушысының баяндау сауаттылығы оның сөздік
қорымен бірге, білімдік терминологияны жете меңгеруіне және
оның психикалық процестерінің дамуының қандай
деңгейінде болуына тәуелді болады. Сондықтан
оқушының сабақтың негізгі мазмұнын, ондағы
шешуші әрекеттер мен әдіс-тәсілдерді меңгергенін
көрсететін рефлексия кезеңіне ерекше назар аудару қажет.
Рефлексия кезеңін арнайы дидактикалық кезең деп қарастырып, оны
ұйымдастыруды мына ретпен
қарастыруды ұсынамыз:
-
Баяндау сауаттылығын қалыптастыруда ауызша
рефлексия жұмыстарын ұйымдастыру;
-
эмоциональды көңіл күйге байланысын
рефлексияның үйрету және оқыту;
-
әрекет ету рефлексиясын үйрету;
-
оқу материалын талдау рефлексиясын үйрету.
Оқушыларды ауызша
рефлексияны меңгеруге үйрету барысында келесі кезеңдерді
жүзеге асырамыз:
1 кезең – өзінің
көңіл-күйін сипаттау;
2 кезең – өзі қол
жеткізген табыстарды талқылау;
3
кезең – сыныптастармен бірге
талқылау жұмыстары;
4 кезең – топпен жасалған
жұмыстарды талдау.
1 кезең (эмоциональды
көңіл күй рефлексиясы) – өзінің
көңіл-күйін сипаттау: түрлі смайликтер, суреттер,
музыкалық этюдтер, сигналдық карталарды пайдалану арқылы
оқушылардың оқу материалын ырықты қабылдауын
қамтамасыз етеміз. Ол үшін сынып оқушыларының
бір-бірімен ортақ әңгімесі болуын қамтамасыз етеміз.
Бұл кезде әңгімелесу, бір-бірінің көңіл
күйін зерттеу арқылы өздерінің сабаққа
дайындығын айқындайды.
2 кезеңде (әрекет
ету рефлексиясы) үй
тапсырмасын тексеру, жаңа материалды бекіту, жобаларды қорғау
әрекеттері жүзеге асырылады. Бұл оқушыларға
жұмыстың белсенді әдістерін анықтауға көмек
береді, өзінің белсенді әрекеттері мен оның кемшілік
тұстарын айқындай алады.
3 кезеңде (оқу
материалын талдау рефлексиясы) – топпен
пікір бөлісу, баяндау, интерактивті тақтада бірнеше слайдты
көрсету арқылы дұрыс жауаптарды іздеуге үйретеміз,
мысалы:
-бүгін мен білдім;
- қиын болды;
-мен осындай болатынын түсіндім;
-мен үйрендім;
- мен оны жасай, айта алар едім;
- маған осы мәселені
басқаша жеткізген дұрыс еді;
- мені таңқалдырды;
4 кезеңде (топпен жасалынған жұмыстарды талдау рефлексиясы) - Оқушы
сабақ мазмұнын баяндау барысында өз әрекетін
жүйелі айтып бере алуға мүмкіндік алады.
Сонымен бірге топтық
жұмыстарда ЖИГСО І, ЖИГСО ІІ
әдістерін қолдануарқылы ауызша талдаудың әрбір
оқушыға қатысты талдау рефлексиясын көрсету
мүмкін болады.
Оқушының миындағы талдағыштар
логикалық ойлауға қайта бейімделеді, яғни әрбір
әрекеттің келесі әрекетпен байланысы тұрақты
қатысқа айналады. Я.Гальпериннің ойлауды сатылап дамыту
теориясына сәйкес әрекет біртіндеп күрделене бастайды. Осы
қызметтің нәтижесі баяндау әрекетінен көрінеді.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымызда баяндау сауаттылығы оқу мен жазу
қызметтерінің нәтижесі ретінде қарастырылды.
Сын
тұрғысынан ойлау (СТО) технологиясының рефлексиялық
әдістері мен тәсілдерін жоғарыда көрсетілген үш
саты бойынша жүзеге асыру
арқылы оқушылардың өз әрекеттері мен
қызметтерін өздерінің бағалануына мүмкіндік
жасалынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдыраға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана,
7.12.2011
2. Жексенбаева У.Б. Компетентносно-ориентированное образование в современной
школе: учебно-методическое пособие. – Алматы, 2009-191с.
3. Сүлейменова
Қ. Оқытудың жаңа тәсілі // Қазақстан
мұғалімі. – 2007, 6 наурыз.
– 8 б.
4. Байдалиев Д. Д. Жаңа білім жүйесіне көшудегі
өзекті мәселелер. // Научное обеспечение функционирования
12-летнего среднего образования. Сборник Международной научно-практической конференции
Алматы. – 2007, 20-21 апреля. – С.244-247