Б.Т.Сұрабалдиева, Т.М.Нүсіпжанова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

СТО ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жаңа білім беру парадигмаларына өтуге байланысты Европалық білім беру кеңістігінің талаптарына жауап бере алатын функциональды сауаттылығы жоғары, өз әрекеті мен ойын жобалап, бағдарлы түрде жүзеге асыратын, тұлғалық дамудың актуальды және ассоциативті деңгейлерін қанағаттандыра алатын оқушы дайындау мәселесі білім берудің технологияларын дұрыс таңдап қолдана білуге тәуелді.Бастауыш мектепте оқушылардың функциональды сауаттылығын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау (СТО) технологиясын қолдану оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыратын біртұтас жүйені қалыптастырға мүмкіндік береді, оқу мен жазу әрекеті арқылы талдайды, шешім қабылдау, өзіндік ой қорытындылайды, оқу проблемаларын сыртқы құбылыстармен байланыстырады.

СТО арқылы ұйымдастырылатын білім беру процесі оқушылардың танымдық процестерін, зерттеушілік-шығармашылыққызметін белсендіруге бағытталған әдістер мен тәсілдерді нақты дидактикалық кезеңдер бойынша жүзеге асырылады. Бұл әрбір педагогтың өзіндік білім беру траекториясын әзірлеуіне, оқушы тұлғасының еркін дамуына жағдай жасайтын жаңалық ретінде көрінеді.

СТО  технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастырудың жаңа дидактикалық кезеңін жүзеге асыру тиімді. Функционалды сауаттылықты екі дидактикалық талап негізінде шешудің мүмкіндігі бастауыш сынып оқушылары үшін шектеулі болып, үшінші дидактикалық талаптың қажеттігі айқындалды.

 СТО технологиясын бастауыш сыныптарда қолданудың әлемнің дамыған елдерінің білім беру тәжірибесін зерттеу болып табылады және оқушылардың білім алуындағы сабақтастық пен бірізділік принциптерін қамтамасыз етіп, технологиялық тізбекті қамтамасыз ететін рефлексиялық кезеңнің сапалылығын көрсету болып саналады.

Балалардың функционалдық сауаттылын қалыптастыруда төмендегідей міндеттер қойылады:

- оқушылардың жазу және оқу сауаттылығы негізінде олардың баяндау сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік шараларын әзірлеу, яғни рефлексиялық кезеннің дамытушылық құзыретін арттыру;

- оқушылармен сабақтың рефлексия кезеңінде әрекет ету белсенділігін арттырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін айқындау;

- оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруда рефлексиялық кезеннің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.

         СТО технологиясының рефлексия кезеңін арнайы дидактикалық кезең деп қарастырып,  оны ұйымдастыруды  мына ретпен қарастыруды ұсынамыз:

-         Баяндау сауаттылығын қалыптастыруда ауызша рефлексия жұмыстарын ұйымдастыру;

-         эмоциональды көңіл күйге байланысын рефлексияның үйрету және оқыту;

-         әрекет ету рефлексиясын үйрету;

-         оқу материалын талдау рефлексиясын үйрету.

Оқушыларды ауызша рефлексияны меңгеруге үйрету барысында келесі кезеңдерді жүзеге асырамыз:

1 кезең – өзінің көңіл-күйін сипаттау(эмоциональды көңіл күй рефлексиясы) Ол үшін сынып оқушыларының бір-бірімен ортақ әңгімесі болуын қамтамасыз етеміз. Бұл кезде әңгімелесу, бір-бірінің көңіл күйін зерттеу арқылы өздерінің сабаққа дайындығын айқындайды.

2 кезең – өзі қол жеткізген табыстарды талқылау(әрекет ету рефлексиясы) оқушыларға жұмыстың белсенді әдістерін анықтауға көмек береді, өзінің белсенді әрекеттері мен оның кемшілік тұстарын айқындай алады

3 кезең – сыныптастармен бірге талқылау жұмыстары (оқу материалын талдау  рефлексиясы) топпен пікір бөлісу, баяндау, интерактивті тақтада бірнеше слайдты көрсету арқылы дұрыс жауаптарды іздеуге үйретеміз,

4 кезең- топпен жасалған жұмыстарды талдау. (топпен жасалынған жұмыстарды талдау рефлексиясы) оқушы сабақ мазмұнын баяндау барысында өз әрекетін жүйелі айтып бере алуға мүмкіндік алады.

Баяндау сауаттылығын үнемі белсендіру қажеттігі айқын, әрбір әрекеттің келесі әрекетпен жалғасуын қамтамасыз ету үшін сабақтың дидактикалық кезеңдеріне назар аударылады.

Сын тұрғысынан ойлау (СТО) технологиясының рефлексиялық әдістері мен тәсілдерін жоғарыда көрсетілген үш саты бойынша жүзеге асыру  арқы Оқушылардың баяндау сауаттылығын қалыптастырудың және дамытудың оқу сапасын арттыруға тиімді технологиялардың бірі екендігін көрсетеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

         1. Тихонов А. М. Теория, методика и технология предметного образования и воспитания в разных образовательных учреждениях. М., 2013.   

         2. Гузеев В. В. Образовательная технология: от приёма до философии. –М., 2006.
        3. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М., 2008.