Аға оқытушы, дизайн магистры Туребекова А.С.
Студент, Сахиева А.Қ.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Киім құрастыру
әдістеріне сипаттама
Бүгінгі таңда, сапа мәселесіне ешкім
немқұрайлы қарамайды. Әртүрлі киіне отырып
барлығымыз киімге бірдей талап қоямыз: ол «жаңа» әрі
сәнді, ыңғайлы және қолжетімді болуы керек. Сатып
алушы ретінде біз қажетті немесе қазіргі таңда киіліп
жүрген киімді таңдаймыз. Киім өндіруші ретінде – нарық
талаптарына сай, қажетті киімді ойлап табуға, ұсынуға
және де сатуға тырысамыз. Стандартты денелі сатып алушылар дайын
киімді ала алады, ал дене бітімі стандартты емес тұтынушылар киім тігетін
ательелерге жүгінуі мүмкін.
Әуесқой-тігіншілер пішім жүйелері жайлы түсінбейді,
алайда олар киімді дайын сызбаүлгілерді пайдалану арқылы тігеді.
Киім пішуші жеке тігу жағдайда сызбаны матаға
бірден түсіреді, алдымен кең етіп пішіп және бірнеше
өлшемдер жүргізеді немесе сол өлшемге сай дайын сызба
үлгілерді пайдаланады. Немесе «көкірекше әдісін»(жилетный
метод) пайдалануға болады, ол өлшемдерді алуды, өлшеуді алып
тастайды. Жалпы киім өндірісінде сызбаларды жобалау ұқсас
болып келеді, айырмашылығы қиын тәсілдерді пайдалану болып
табылады. Барлық өндірушілер өндірістің ассортименті
мен көлеміне тәуелсіз сапа мәселесі бірінші орында
тұрады. Киім сапасы құрамындағы қосындылармен
сипатталады, киім тұтынушының талаптарына сай болуы керек, атап
айтар болсақ функционалдық, эргономикалық, эстетикалық
талаптар, сенімділік пен экономикалық талаптары. Бүгін біз киім
құрастырудағы мәселелерді сапаға әсер
ететін қырынан қарастырамыз, бар киім
құрастырудағы талаптарды олардың даму тарихынан бастап
қарастырамыз.
Құрастыру алғашқы пішілген киімнің пайда
болуымен тікелей байланысты. Пішу (франц. tailler – өлшем мен бой бойынша
жасау деген мағынаны береді. Пішіннің дамуы мен
құрастырудың пайда болуын екі бағытқа
бөлуге болады: біріншісі – адам мен қоғаммен бірге
дамыған эволюциялық өсу, екінші бағыт –
сәннің әсер етуі арқылы пішін мен киім
құрастырудың дамуы. Киімнің дамуы барысында
тәжірибе жиналады, пішіндерді типтендіру,
материалдық-техникалық базамен жалпы мәдениетке байланысты
өзгереді.
Киім
құрастырудағы негізгі тапсырмалардың бірі болып ерекше
немесе типтік мүсіндерге арналған бөлшек сызбаларын дайындау
болып табылады. Құрастырудың әрбір әдісінің
құрамына адамның мүсіні туралы ақпарат,
алынған ақпараттардың техникалық есептеулер мен
формулалар түріндегі өңдеу әдістері, сонымен
қатар геометриялық құрастырудың әдістері
мен киім конструкциясының бөлшектенуі кіреді. Құрастыру
барысында дененің ерекшеліктері, пішім және технологиялық
өңдеудің әдістері есепке алынады, соныңда
осының барлығы әрбір әдіске сай ішкі ақпараттар
жүйесін құрастырады. Құрастыру әдістерін
дәлдігі мен алынған шешімдердің негізділігіне байланысты
шамалық және инженерлік деп бөлуге болады. Шамалық
құрастыру әдістеріне: нақпішін, есепті-графикалық және
геометриялық әдістер кіреді.
Осы
әдістердің бір-екуіне толық ақпарат беріп кетейік.
Нақпішін
әдісі көптеген ғасырлар бұрын пайда болған,
соған қарамастан осы күнге дейін қолданысқа ие.
Киімнің үлгісін жасау және оның
бөлшектерінің көрінісін көркемсуреттік оймен алу
өнімді адам денесінде немесе манекенде макеттеу арқылы жүзеге
асырылады.

1
сурет. Нақпішін әдісі
Нақпішін
әдісін ұзақ уақыт және табысты пайдалану
үлгілеу облысында әмбебап шығармашылық әдіс
қана емес, сонымен қатар дербес және жалпылама киім
өндірісіндегі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге арналған
әдіс екендігін дәлелдейді.
Есептік-графикалық
әдіс. Есептік-графикалық әдіс киім құрастыру
тарихында 18-19ғғ.аяғында пайда бола бастады. Бұл
әдістің ондаған түрлері бар. 1800 жылы лондондық
үлгіші Мишель дриттель атауына ие болған пішім жүйесін ойлап
тапты.
Осы
әдістің негізінде жаңа пішім жүйесі пайда болады –
бұл торлы. Бұл жүйеде тіктөртбұрышты
қосымша тағы 6 бөлікке бөлді және 18 кішкентай
торды жоғарғы бөлігінен, сонымен қатар төменгі
жағынан 2 тор. Бұл бөлшектер пішіннің пішімін өлшем бойынша масштабтау
барысында анық бейнелеуге
мүмкіндік берді.

2
сурет. Торлы әдіс
Сонымен,
бүгінгі таңда автоматтандырылған
киім жобалау жүйелері шындыққа айналған соң
өткен ғасыр аяғындағы жағдайды еске алған
жөн.
Тігін
өндірісі тарихында құрастырудың ондаған
түрлері бар. Көптеген әртүрлілік
олардың жасалуындағы бірегей принциптердің
жоқтығынан туындаған болатын. Құрастыру мен
есептеулердің логикалық мағынасы жария етпей әдістерді
жасап шығарушылар арнайы бір киім түрі үлгілерді жасау
үшін дайын шешімді ұсынды.
Әдебиет:
1. В.В. Ермилова, Д.Ю.
Ермилова «Моделирование и художественное оформление одежды» Учеб. Пособие для
вузов. – М.: Мастерство, 2001г.
2. Е. И. Рачицкая, В.И. Сидоренко «Моделирование и художественное оформление
одежды». Ростов-на-Дону
«Феникс» 2002 г.
3.
Интернет
сайт: www.new-design.ru