Педагогикалық  имиджелогияның  қалыптасу жолдары

Алдашева Гүлмира Хамитқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттікуниверситеті,жалпы педагогика және психология кафедрасы,педагогика және психология магистрі

      Жақсы педагог-оқытушы қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік.Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Сондықтан оқу-ағарту саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгерудің қажеттілігі туындайды. Бұл бағытта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек қажет-ақ.ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларын талап етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде  өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын Елбасымыз қадап айтты. Қазақтың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің “Ел боламын  десең, бесігіңді түзе” деген өте терең мәнді, орынды да әдемі нақылы бар. А.А.Калюжный өзінің «Педагогикалық имиджелогия» оқулығында  білім беру тарихының қақпасында  үлкен әріптермен айшықталған «ҚАЖЕТТІ ...  Жаңа Коменский, жаңа Сухомлинский, жаңа Макаренко» деп атап көрсеткен. Ғалымның бұл идеясы қазір осы шақта өте маңызды.  Бүгінгі таңда заман талабына сай қоғамның әр түрлі экономика, мәдениет, білім, т.б. салаларында даму да қарқынды жүруде. Осыған орай қазіргі педагог имиджіне қойылар талап та күн сайын арта түсуде.Педагогикалық ғылымға  мұғалім имиджін қалыптастыруда  адам-шығармашыл ретінде, театр өнерінің белгілі бөліктеріжәне ролі аталып, педагогикалық артистизм сәйкестігі туралы қызықты тұрғыда ұсынылды. (Ю.П.Азаров, О.С.Булатова, Е.И.Илиьн, В.А.Кан –Калик ж.т.б.)

Имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны береді. «Имидж» терминіне көптеген еңбектерде алуан түрлі анықтамалар беріледі.Солардың ішінде бүгінгі тақырыбымызға орайласатын мынандай анықтамаларды көреміз.«Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р.Ф.Ромашкина, Е.И.Манякина, Е.В.Гришунина, П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин және т.б. еңбектерінде жарық көрді.

Орта білім беруді гуманизациялау, демократизациялау процесі мұғалімді шығармашыл, сыншыл ойлайтын, өркениетті әрекет ететін тұлға ретінде сапалы кәсіби даярлауға көшуге әкелді. Имиджді әлеуметтік факт ретінде қарастыра отырып, біз оны қалыптастыру процесін алдымен мұғалімге педагогикалық менеджментті жүзеге асыруға қажетті сапаларды таба білуі қажеттілігі ұсынылады.

Имидж - белгілі бір адамда нақты қалыптасқан болса, пікір де сондай айқын болуы мүмкін: имидж адамның тек сыртқы түріне қарап қалыптаспайды, сонымен бірге психикасына да тәуелді. Пікір бағалау негізінде, темперамент, мінез қасиеттерімен және алғашқы әсерден пайда болуы мүмкін. Сондықтан бұл терминдер «имидж», «пікір» мазмұны жағынан мағыналас. Бұлардың айырмашылығын келесіден көруге болады: «имидж» сөз тіркесінде дұрыс қолдану типі «адам имиджі» (педагог-психолог, адвокат имиджі) деп қолданылады, ал пікір сөз тіркесінде «адам пікірі» деп пайдалану керек. Сонда өзінің имиджін қалыптастыру немесе өзі туралы пікір қалыптастыру болып шығады. Басқаша айтқанда, имидж - бұл сізден, ал пікір -басқалардан. Имидж табиғаты, типтері, мазмұны мен түрлері, құрылымына тоқталсақ назарымызды мына нәрселерге аударуымыз қажет. Біздің әр қайсысымыз белгілі бір бейнені жасаймыз. Бұл имидж – адам туралы қалыптасқан ұғым-түсінік. Мұғалім имиджі олардың: сыртқы бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен, ұлттық және өзіндік санасынан, ұлттық менталитетінен іс-әректінен, мінез-құлқынан жасалған оны қоршаған әлеуметтік ортаның ой пікірінен құралады.

Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі.

Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден, адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті, айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі.

В.М Шепель «Имиджеология: жеке тартымдылық құпиясы» атты еңбегінде имидж ұғымына төмендегідей анықтамалар берген:» имидж – адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі адамдармен, жасалатын заттар, индивидуалдық стиль адамды, адамдар тобын, мекемені сипаттайтын келбет».

С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде: «Имидж дегеніміз - ой-пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген көзқарас, қатынас» делінген .Әдетте, имиджді екі ракурста қарастырады, яни «бейне» немесе «бетперде». Бірінші жағдайда, имиджді адамның ішкі мазмұнының сыртқы көрініс табуы ретінде түсіну өзіне оның жеке тұлғасының әртүрлі бағыттарда күрделі қызмет атқаруын қосады және даралықтың нақты қызметі мен мінез – құлқына оның психикасының философиялық терең қабатының әсерін айқындайды. Екінші жағдайда, бір сәттік нақты бір мақсатқа жету үшін қажетті әрі жасанды бетперде қалыптастырылады.Имидж қалыптастырудың зор ерекшеліктерінің бірі, оның сыртқы тиімділікке бағытталуында ғана емес, адам өмірі мен оның қозғалыстағы бейнесінде көрініс табатын рухани – адамгершілік және субъективті – жеке мәнінің, яғни ділінің үйлесімділігінде.Осы байламды негізге алатын болсақ, имидж қалыптастыру стратегиясы мен тактикасын даярлаудың жаратылыстық негізі ретіндегі ділдің аса маңыздылығын толық түсінуге болады. Ділдің маңызды құрамдас бөліктері, яғни ұлттық тән мінезі, өмірлік қызметінің үлгісі, этнопси-хологиялық ерекшеліктері имиджмейкер жұмысының басымбағыттары үшін үлкен маңызға ие.
Тартымды кәсіби имидж қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі ретінде жеке тұлғаның рухани – адамгершілік сапасы баса көрсетіледі және оның негізі ретінде іскерлік пен көшбасшылық қасиеттер, туындаған дау – жанжалдарды шеше білу қабілеті, әріптестік қатынастар орната білуі, тіл табыса білу қабілеттері, сендіре білу, бейімделе білу, оптимизм, мейірімділік алынады.

             Имидж - өзіндік қасиеттері, қарым-қатынас іс-әрекеті үйлесімді тұлға бейнесі. Имидж – ұстазды тәрбиеленушілердің, ұжым мүшелерінің іс-әрекетіне, адамгершілік қасиетіне қарай бағалауы. Осы тектес анықтамаларды саралай келе, біз «педагогикалық имиджелогия - өз шеңберінде гуманизмнің психология, педагогика, риторика сияқты ғылым салаларымен, оның ережелерімен сабақтасатын, адамға әсер етудің технологиясын зерттейтін ғылым» екенін көреміз. Педагогтің имиджін құру үшін  ең алдымен имиджелогия құралдарын қолдану аспектілерін қарастыру керек. Имиджелогияның ең басты ережесі болып келесі постулат:  ешқандай имиджелогия шынайылықты ауыстыра алмайды. Ол тек жағымды тұстарын еселеуге көмек беріп, жағымсыз тұстарын бәсеңдетеді.Педагогикалық имидждің басты бөлігі болып келесі:

1.Имиджді жасау ол тек толықтырушы, педагогикалық іс әрекетті ауыстыра алмайды.

2. Педагогикалық имиджді жасау үшін  педагогикалық іс әрекеттен бұрын ұзақ көңіл аудару қажет.

3.Коммуникация негізінде қарапайым тіл қажет, қарастыратын мәселенің әрбіреуінің мәні болуы тиіс.

4.Міндетті түрде басқа жақтан эксперттер  қажет.

             Берілген имиджелогия құралдарын қолдану арқылы, ең алдымен  оның стратегиялық бағыттылығы өте қажетті.  Имиджелогияның басты міндеті  әсер ету тиімділігін жоғарлату, сондықтанда негізгі мәселе  мақсатты аудиторияға  кілтті  тасмалдау кезінде іріктеу тұрады. Имиджелогия  бұл жүйелі және мақсатты бағытталған процесс болғандықтан, кездейсоқтық болуға тиіс емес, аудиторияның идентификациясы есепке алынуы тиіс. Имиджелогияда  коммуникацияның тереңдетілген деңгейі бар, ол тыңдаушылардың қызығушылығын  дамыту тиімділігімен байланысты. Келесі имиджелогияның бөлігі тиімді әсер ету  визуалды символдар болып табылады. Визуалды тасмалдау көптеген бірынғай тізбектелген қабылдауларды жасаушы,  функционалдық қызметі   мидың жарты шарына бағытталған.  Мидың оң жақ шарындағы ой  - бұл бейне, гештальт. Мұндай ой интуицияға, жорамалдануға негіз бола алады. Социологтар сауалнамасы бойынша  визуалды тасмалдау кезінде ең алғашқы кездесу әсерінің мазмұны  9 %, дауыс арқылы 37 %, сыртқы келбеті 54 %  қалыптасады. Сондықтанда  адамға әсер етудің ең күшті құралы бұл визуалды  тасмалдау болады.

             Педагогтің имиджелогиясының өзіндік сипаттамасына  сәйкес құрамды  бөліктері немесе компонентеріне  бар, олар кәсіби имиджді  қалыптастырушы.

             Соның ішіндегі маңыздылары - педагогтің кәсіби құзіреттілігі және эрудициясы, педагогикалық рефлексия,  педагогикалық мақсаттылық, педагогикалық ойлау және импровизация,  педагогикалық қарым -қатынас болып табылады.

                                      Әдебиеттер

1.Қазақстан  Республикасында 2005-2010 жылдарғаарналған білім беруді дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы. Астана-2004

2. Калюжный А.А. Педагогическая    имиджелогия. Алматы, 2004.

3. Андреева Г.М. Психология социального познания. М., 2000.

4. Громкова М.Т, Психология и педагогика профессиональной деятельности: Учеб.пособие для вузов. М., 2003.

5. язюн И.А, Основы педагогического мастерства. Киев, 1987.

6. Имиджелогия. Как нравиться людям / Сост. В.М. Шепель. М., 2002.

7. Криксунова И. Создай свой имидж. СПб., 1997.