«ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ»

 

Жұмабай Б. – БОПӘ мамандығының 3курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Жумаш Ж.Е. – п.ғ.м., Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы

 

Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нəрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан, оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мəселелердің бірі болып қала береді ... қазіргі кезде оқу орындарында жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту,  тəрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіншіліктері ашылуда, соның нəтижесінде жаңа технологияларды оқыту үрдісінде кеңінен қолдану жан-жақты насихатталуда. Ендеше, оның көрінісі неде? Жаңа технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім берудің ізгілендіру технологиясы, түсіндіріле басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік технологиясы жəне жобалап оқыту технологиясы кіреді. Оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдік білім беру жүйесі дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Әдіскер ғалымдардың зерттеу мақалаларын оқып, сыни еңбектерімен таныса келе, жобалау технологиясы белгілі кезең бойынша зерттелгенін байқаймыз. Жобалау технологиясын зерттеуде ерекше үлес қосқан ғалым зерттеушілер, әдіскерлер еңбегі әр жылда баспасөз беттерінен жарық көрді.

Жобалау технологиясы – ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог, педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университеті жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры.

Бірақ оның негізгі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты  проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.

Білім беру бағдары білім алушының шеберлігі мен оқуға деген қызығушылығын арттыру бағдарына негізделу шарт. Білім алушының шеберлігі дегеніміз оқып-тануда өзіндік табиғатына тән қасиеттерін жандандырып дамыта білу бағытын айтамыз. Ал,  оқуға қызығушылығын арттыруда баланың табиғи таланты мен білімдік бағдарына жете көңіл бөлуіміз қажет. Осы тұрғыда жобалап оқытудың бастауыш сыныптарына пайдасы мен кейбір кемшіл тұстарын зерделеп, соны дамыту жолдарын ұсынсақ.

Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалары:

1.     Баланы  оқи  білуге  үйрету;

2.     Баланы  ойлауға  үйрету;

3.     Баланың  өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау;

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттартуғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді оқушыларға меңгерту барысында жобалық оқыту әдісі тәжірибеге енгізілді.

Жұмыс мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына жобалық оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрету, сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау.  Оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың  шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс-тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.

Міндеттері:             

оқушының ғылыми — зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;

 жобаның кезеңдерінің технологиясын  меңгеру және оқу- тәбие

үрдісінде қолдану;

оқушы тұлғасының  өзіндік дамуын жүзеге асыру;

оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми

көзқарасын қалыптастыру;

 оқушыларға  болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға

жәрдемдесу;

 оқушының шығармашылығын дамыту;

 оқушы дамуына мониторинг жүргізу.

Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау

Жоба әдісі оқушылардың білімділің ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы.

Ал, бастауыш сыныпта өзінше ойлауды дамыту бағдарында жоғары сыныптармен салыстырғанда ұйымдастыру жолдарында біраз қиындықтар кездеседі. Ол қиындықтар:

      Балалардың өз ойын жеткізудегі сөз байлықтарының аздығы.;

      Материал іздеуде өзінше қызмет етуге, яғни ізденуге жас ерекшеліктері;

      Табылған материалды пайдаланып, реттеп, көрсете алмауы сынды қиындықтар бастауыш мектептегі жобалап оқытуды толықтай қолдануға кедергі келтіреді.

Осы жолда төмендегідей көмек түрлері пайдаланылады:

      Ата-анамен тығыз байланыста болып, ұстаз-оқушы-ата-ана атты үш тұғырлықпен қызмет жасау бағдары.

      Суретпен көбірек жұмыс жасау бағдары;

      Жобалап оқыту арқылы жасаған ізденіс жұмыстарынан басқа да пәндерді оқытып жатқанда қызығушылықтарын ояту бағытында жиі пайдаланылану.

Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады. Ол бірнеше кезеңнен тұрып, белгілі бір уақытты талап етеді. 

1-кезеңде Жоба  тақырыбын  анықталады. Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталанады. Топтағы әрбір  оқушының пікірін  ескере  отырып  жұмысты  жоспарлауға  үйретеді. Әр  оқушы  өмірлік  өз  тәжрибесіне  (егер  ол  болса), сүйене  отырып, өз  ойын  ортаға     салады, бірігіп  жобаның    түпкі  мақсатын      анықтайды.

2-кезеңде Топқа  бөлу. Ақпарат  жинау     және  талдаудың   жолдарын  көрсету. Әрбір  топ  мүшесі алдындағы жұмысын  анықтау. Оқушыларды  өз    бетімен  ақпарат    жинауға                   бағыттайды. Әрбір  топ мүшесінің  пікірін  ескере  отырып, ұжымдық талқылау шешімін  тыңдайды, қажет  болса өз  ойымен бөліседі.Оқушылардың  жоба бойынша күнделігін көрсетеді. Топ  арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз  тақырыптарын  анықтау  жұмыс істеу  кезеңдерін   жоспарлап  бірінші нәтижеге  жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы           орындауға дайындығын көрсетеді.

3-кезеңде Ақпарат  жинау, аралық  нәтижені талдау,  зерттеудің  негізгі  құралдары: сұхбат, анкета  бақылау, алынған  түрлі  ақпаратты  талдау. Оқушы  күнделігін  бақылап, әрбір жетекшісімен  және топ  мүшелерімен жеке-жеке  сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру  арқылы  алдағы  жұмысқа  бағыт  беру. Жеке  және жұптық  жұмыс, анкета  сұрақтарын  құрастыру. Қажет  болса сценарий  жазу, қоғамдық  ұйымдармен  қарым-қатынас  қалыптастыру.Білімін әр  пәндік  салада кеңейтеді, түрлі  қоғамдық  жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық, қасиеттерін бойында қалыптастырады.

4-кезеңде Ақпаратты  талдау,  шешім  шығару, тұсау  кесердің қандай  түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес  береді. Топ  ішіндегі  жеке оқушылардың еңбегін  бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне  деген сыйластыққа шақырады.Тұсау кесерге келетін  қонақтар  тізімін  жазады, қажетті  аудио-видиотехниканы жабдықтайды.

5-кезеңде Алынған  нәтиже туралы  есеп береді. Тыңдайды, проблемалық  сұрақтарды  қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Бір-бірін  мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін  ескере  отырып  бір-бірінің  ойларын  жалғастырып отырады.  Осы кезеңдерге сәйкес кесте ұсынамыз.

Бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі жобалау жұмыстарының даму негіздерн қалайды. Сонымен қатар, оқушылар жобалау жұмысының негізін ойымен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Жобалау жұмыстары сабақтан тыс жүргізіліп, пәндік тұрғысынан да шығып кетеді. Осының нәтижесінде оқушылар арасындағы және мұғалімдермен қарым-қатынасы өзгереді. Жобалау жұмыстарының нәтижесін алдын-ала білмеген соң, баға идея, оның іске асуы, жобалау нәтижелерінің практикалық қолдануы және де ынтаға қойылады.  Жобалау жұмысына қойылған баға арқылы оқушы өзіне баға беріп, өзін көп жақтардан тани бастайды. Бірақ жобалау жұмысының жүргізілуі үшін мектеп мұғалімдерінің барлығының жұмысы керек. Жобалау жұмысын жүргізу үшін уақыт, лаборатория, шеберхана, кітапханада өзіндік жұмыс жүргізуге мүмкіндік, топпен жиналып консультация алу үшін уақыт бөлу керек.

Осы тұрғыда өз сабағымызда пайдаланып жүрген бір мысал үлгісін ұсынып көрмекпіз.       

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Жер-ғарыш денесі (тарау)

Сабақтың мақсаты: Жер-ғарыш денесі тарауы бойынша жобалау технологиясын қолдана отырып, оқушылардың  жасаған жобаларын қорғауларына жағдай жасау

Білімділігі: Ғарыш, Күн жүйесі, Галактика, Жер шары туралы түсініктерін жобалары арқылы пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Көп ізденуге, білуге, жобалай білуге баулу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Көрнекілігі: слайд, макеттер, сызбалар мен видеороликтер

Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі

-Балалар, көңіл күйлерің қалай?

-Жақсы!

-Біз бүгін «Жер-ғарыш денесі» тарауын аяқтап отырмыз. Соған орай, осы уақытқа дейін ізденіп, ұйымдастырып жасаған жұмыстарымыздың қортынды нәтижесіне де келіп жеттік. Олай болса, тақтаға назар аударайық. (слайд 1 слайдта тақырыпты толық қамтитын видеоролик беріледі)

-Балалар, біз осы уақытқа дейін жобалау технологиясына сүйене отырып, мына кезеңдермен жұмыс істеген болатынбыз.

ІІ Операционалдық-орындаушылық кезең:

-Балалар, бүгін тұсау кесер. Нәтиже сабақ. Топ болып отырған себебіміз, дайындаған жобамызды қорғап, жарыс сабақ өткіземіз. Алдымен топтармен танысып алайық:

1. Марс тобы

2. Зымыран тобы

3. Ғарыш кеме тобы

4. Хан тәңірі тобы

5. Скафандр тобы

Балаллар, жарыс барысында бізде мынадай критерийлерімен бағалау парағы топ басшыларына беріледі. 

Олай болса, сайыс кезеңдерімен таныса отырыңдар:

-Тұсау кесер ( топ жобасын таныстырады)

-Нәтиже (маңыздылығы мен ерекшелігі айтылады)

Олай болса  тұсау кесерімізді бастайық!

...

ІІІ . Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

-Балалар, қазыр әр топқа бір плакаттан беремін, осы тарау бойы не түйгендеріңді, жалпы жоба туралы, сабащтан алған әсерлеріңді мына түрлі түсті қаламдармен түсірулеріңді сұраймын. Олай болса, іске сәт! Сендерге 5 минут уақыт беріледі.

 Жобалау әдісі оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен ізденуіне негізделеді. Жобалау әдісімен жүретін сабақтың барлық кезеңдерінде оқытушы сабақтың сценарийін жасап, ұсынушы және кейбір мәселелерде кеңесші рөлінде ғана көрінеді.

Жобалай оқыту технологиясы студенттің белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы мен тиісті жағжайжа қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.       Е.Г. Сатарова "Метод проектов в трудовой школе" (1926) - цит. по Педогогогическая лоция. 2003/04 учебный год.

2.       Новые педагогические и информационные технологии в системе образования/ под. ред. Е.С. Полат - М.:2000 Пахомава Н.Ю. Проектное обучение-что это?// Методист, 1, 2004-с. 42.

3.       Білім алушыларды оқуға ынталандырудың жолдары: оқу-әдістемелік құралы. // Құраст: С.Ж.Пралиев, М.А.Нуриев, Ж.А.Сейсенбаев, А.Е.Садыкова, Д.М.Советканова. Алматы, 2015

4.       Сейсенбаева Ж.А Жобалап оқыту - бастауыш мектеп оқушысының білімін дамыту құралы. Республикалық ғылыми теориялық конференция материалдары. Талдықорған, 2015ж.

5.        Навикова Т.А. Проектные технологии на уроках и во внеурочной деятельности// Школьные технологии, 2022. - №2.

 

Резюме

В данной статье рассматриваются проблемы проектного обучения и методика использования проектной технологии в начальных классах на уроках познания мира.

 

Summary

This article discusses the problems of project-based learning and methods of use of design technology in primary school in the classroom learning about the world.