Филология ғылымдарының
магистрі, аға оқытушы
Билял Б.К.,
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
АРҚЫЛЫ БІЛІМ АРТТЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
МЭ-32қ тобының
студенті Нығметолла Әміржан
Қарағанды қ.,
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті
ХХІ ғасыр - білекке емес -
білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман. Негізгі ой –
стандартталып қалған күйден шығып, кең
көлемде және жаңаша ойлау.
Тәуелсіздік алғалы
Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік
стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, осы
салаға барынша назар аударуда.
«Қазақстанның адам капиталының сапалық
өсімінің басты кепілі - білім беру мен денсаулық
сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында біз
келесідей шараларды атқаруымыз керек: білім беру үдерісіне заманауи
технологиялар мен әдістерді енгізу қажет», - деп Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік
деңгейде жетілдіруге ықпал жасауда.
Қазақстандық оқытушылардың
әлемдік білім кеңістігіне ену үшін заман талабына сай
үздіксіз білімі мен кәсіби біліктілігін дамытуына көмектесу.
Себебі оқытушы - қай кезде де ең алдымен кәсіби
деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық
әлеуеті мол тұлға болуы керек.
Келесі бір мақсаты бүгінгі күннің талабы болып
отырған оқытудың инновациялық технологияларының
тиімді әдіс - тәсілдерін меңгерту
Инновация дегеніміздің өзі
жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа
әдістеме мен жаңа технология. Қытай даналығына
сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін
есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген.
Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз
көрінісін табады
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың
мәні неде?
1) қазіргі уақыт
жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен
жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту
үрдісі де сәйкес болу керек.
2) жаңалықты пайдалану
студенттің ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп,
алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер
бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді
түрде сіңірген студент жадында өздері айтқанның
80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады
Қазіргі студент :
·Дүниетаным қабілеті
жоғары;
·Дарынды, өнерпаз;
·Іздемпаз, талапты:
·Өз алдына мақсат қоя
білу керек.
Қазіргі оқытушы
Педагогикалық үрдісте
жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
·Педагогикалық өзгерістерге
тез төселетін;
·Жаңаша ойлау жүйесін
меңгере алатын;
·Студенттермен ортақ тіл табыса алатын;
·Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану-
білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы .Заманауи жоғары
технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы
білім беруге қол жеткізе аламыз..Қазіргі кезде мектептің
оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың
қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың
бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан,
әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу
және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы студенттің білім жетістіктерін арттыруға
болады.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген
технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын
басшылыққа аламын. «Сыни тұрғыдан ойлау»
жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі
сол, студенттер
бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді
Өз еңбектері арқылы ой елегінен өткізе отырып, алады.
Бұл техногияны пайдаланудың тиімді тұстары мыналар:
1. Студенттің пәнге деген жеке
қызыушылығын оятады;
2. Танымдық қабілеттілігін
қалыптастырады;
3. Әлеуметтік мәдени
тәрбие қалыптастырады;
4. Студентті шығармашылық
жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын
үнемдейді
6. Қосымша мәліметтер
береді;
7. Студенттерге сенімділік білдіріледі;
8. Талантты, қабілетті студенттер өздерінің
қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі,
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген
сенімсіздіктен арылады.
9. Білім дәрежесі бірдей
оқу топтарында оқу жеңілдейді.
ТСО технологиясын пайдаланудың
оқытушыға де берері мол.
1. Барлық студентті оқыту
2. Оқу тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруға көмектесу
3. Білім берудің формасын
оңайландыру міндеттерін атқару
4. Студенттің жеке
қабілетін айқындау, іздену
5. Студент үнемі үй
тапсырмасын оқып, орындауға дағдыланады
6. Студентте жылдам ойлап шешу
әрекетін қалыптастырады
7. Сұрақтарға
қысқа, нақты жауап беруге машықтанады
Қазіргі жас
ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір
шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа
технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми -
техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі
пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып
табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында жаңаша
басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. Білім
беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру
оқытушының зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани
қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие сапасын арттыруға
мүмкіндік береді.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы
білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім
беру процесіне жаңа технологияларды енгізу екендігі сөзсіз
түсінікті. Сондықтан
ғылыми - техникалық прогрестен қалыспай, жаңа
педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп,
нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі
міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында
жаңаша басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру
міндет.
Білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу
мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының
зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани
қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие сапасын
арттыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1.
. Исабаев У. Қазақ тілін оқытудың
дидактикалық негіздері. -Алматы, 1999.
2.
Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі. -Алматы, 1995.
3.
Күлмағамбетова Б.К. Қазақ тілін
оқыту методикасы. -Алматы, 1988.
4.
Қоянбаев
Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2004.