Қапанова Ж. Т.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ЖОО-ДА ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ КЕЙС СТАДИ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

  

 Бүгінде  экономикалық және әлеуметтік мамандықтар бойынша білім алудың  тиімді әдістерінің біріне арналған Кейс-стади әдісі теориялық білім алған студенттерді болашақ мамандықтың практикасына негізделген әрекеттерге баулиды. Кейс-стади- таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты жағдаяттарды практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін  түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді.  Сол себепті де  кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі»  деп те атайды.

     Ағылшын тілінен аударғанда, «кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді. Сонда «кейс» деген сөз біздің  ұғымызда  жағдаятты сипаттауды білдіреді. Ал кейс-стади дегеніміз- кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың нысаны (формасы).

    Кейсте нақты өмір жағдайларын оқытылады, мұнда әртүрлі практикалық мәселелер беріліп, пәннің теориялық мазмұны бейнеленеді. Демек, мәселені шешуде білім қажет, сондықтан студенттер  теориялық білімнің негізін қалай отырып,  өмірде кездесетін проблемалық жағдайларды шешуге үйренеді, тәжірибе жинақтайды. Кейс әдісін қолдану  студенттердің әрекет жасап,  оқуға деген ұмтылысын, қызығушылығын арттырады (1).

    Кейстерді қолдану әдісі алғаш рет ХХ-ғасырдың бас кезінде  Еуропа университеттерінде құқықтану және медицина пәндері бойынша  студенттерді  үйретуде қолдана бастаған. Бұл кезде кейс-стади құқықтық немесе медициналық практикада орын алған оқиғаларды зерттеу тәсілі ретінде танылып, оның негізін студенттердің өздік жұмыстары құрады: практикалық  оқиғаны зерттеу үшін көптеген теориялық мағлұматтарды қарастыруға мәжбүр болды.

    Қазіргі таңда  бұл әдіс ЖОО оқу үдерісінде кеңінен таралған Кейс әдісін қолдану тек оқумен шектелмейді, сонымен бірге кейс-стади әдісі өмірлік мәселелерді зерттеу әдістемесі ретінде де қерастырылады. Кейс- стади әдісін қолданғанда оқу үдерісі «жалған» жағдайлармен  толығады, демек «өмір мысалдары» көрініс табады. Дискуссиялық білім «өмір жайлы» сөзімен алмасады. Сонымен қатар кейс әдісі оқытушының  кәсіби шеберлігін арттыруға көмектеседі. Демек, оқу зерттеуді біріктіріп, үйлесімді білім беру үдерісін қалыптастырады. 

    Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Кейспен жұмыстың әдіс- тәсілдері көп, ал оны қолдану ұзтаздың өзінің  шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Кейспен жұмыс істеу бірнеше кезендерден тұрады:

    1.Біріккен әрекетке ену кезеңі. Бұл кезеңнің басты міндеті- қатысушылардың белсенділігін көтеру. Кейс-стади  мәтіні студенттерге сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталмай тұрып беріледі.  Сабақ басында тыңдаушылардың  кейске қатысты білім деңгейлері көрінеді, талқылауға қызығушылықтары оянады.

    2. Біріккен әркекетті ұйымдастыру кезеңі.  Бұл кезеңнің негізгі міндеті- проблеманы шешу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыс шағын топта немесе  жеке адамдар арасында ұйымдастырылуы мүмкін. Тыңдаушылар уақытша құрылған кіші топтарға бөлінеді және оқытушының берілген уақытына қарай сұрақтарға жауап беруі қажет. Әрбір кіші топта презентацияны құрастыруға араналған  жеке жауаптарды салыстыру, оларды соңына дейін дайындау, бірдей көзқарастың өңделуі  жүреді. Әрбір топта топ шешімін айтатын « спикер» тағайындалады.  Спикерлер топтың шешімін айтады  және сұрақтарға жауап береді.  Оқытушы жалпы пікірсайысқа  баға береді және ұйымдастырады.

    Біріккен әрекет рефлексиясы және талдау кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі тапсырмасы- кейспен жұмыс істеуде  оқу және білім беру нәтижесін көрсету.  Бұл сатыда сабақтың  ұйымдастырылуының  тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді  мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы кейсті талқылауды барлық топтардың жұмысын сараптай отырып,  аяқтайды, жағдайдың нақты шешімімен таныстырады, қорытынды жасайды (3).

    Кейс-стади мақсаты- студенттерді мынандай әрекеттерге жұмылдыру:

    -кез- келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау;

    -негізгі проблемаларды айқындау;

    -проблемаларды шешудің әртүрлі балама жолдарын табу

    -сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау;

    -өз іс әрекеттерін жоспарлау.

     Кейс- стади практикалық  мәселелерді жан- жақты қарастыру арқылы пәннің теориялық  мазмұнын толықтырады. Кейс- стади әдісі көмегімен өмірде туындайтын проблемаларға жауап іздену арқылы студенттер ертеңгі  өмірде кездесуі мүмкін жағдайлар  мен мәселелердің  дұрыс шешімін табуға  жаттығады.

                                                                        

Әдебиет:

1.       Козина И. Case study: некоторые методичечкие проблемы //Рубеж.-1997.-№10-11.

2.       А. Әлімов. Интербелсенді әдістерді ЖОО-да қолдану.-А., 2009

3.        Изменения в образовательных учреждениях: опыт Исследования методом кейс-стадии. /Под. Ред. Г.Н. Прозументовой. –Томск, 2003

4.        А. Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. А., 2013