Педагогика

М.А.Ирсакова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

         Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу іс-әрекеті күрделі, әрі көп деңгейлі мотив жүйесімен реттеліп отырады. Бірінші сынып оқушыларында әлеуметтік мотивация басым болып табылады, өйткені олар қоршаған ортада белгілі бір орынға ие болып, өзіне жүктелген қоғамдық іс-әрекетті атқаруға деген қызығушылығы бастапқы кездері басымдылық танытады. Оқу мотивациясы мен бағыттылығын қалыптастыруда ең маңызды шарт орындайтын іс-әрекетке деген қызығушылықтың болуы қажет. Білімге қызығушылық оқу іс-әрекетінің мотивациясы арқылы қалыптасады. Іс-әрекеттің мотиві қандай болса, бала үшін де сондай әр түрлі мағынада болады. Оқушылар үшін бағалау және білімді қабылдауға бағыттылығы маңызды болып келеді. Балаларды мектептегі таным процесінен гөрі баға қызықтыратыны белгілі.

         Бастауыш сынып оқушысына баға үшін орындалатын немесе ойлап талқылауға арналған тапсырма түрлері таңдауға берілсе, оқушы баға үшін орындайтын тапсырманы таңдайтыны анық. Біртіндеп оқу іс-әрекетін игеру барысында қызығушылық қабілеті білімді меңгеруге ауысады. Оқу үдерісімен және ішкі мазмұнымен байланысты оқу таным қызығушылық мотиві оқу іс-әрекетін белсенді меңгеру кезінде қалыптасады. Бірінші сыныпқа келген оқушылардың оқуға деген қызығушылығының туындауының қарапайым көріну түрі бұл «мектепке барғым келеді» немесе «басқа балалар сияқты мен де мектепте оқығым келеді» деген сөздерді айтумен байқалады. Мектепке келгеннен кейін баланың оқуға деген мотивін әрі қарай жандандыра түсу үшін мұғалім өз тарапынан көптеген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы қажет. Мектепке келген күннің басынан бастап олардың оқуға деген қызығушылықтары артып, оқу іс-әрекетін игеруге деген құлшынысы болады. Тек 1-сыныптың соңына қарай оқушы ретіндегі ішкі ұстаным толық жүзеге асырылып болады, әрі оқушы міндетін орындауға жауапкершілікпен қарай бастайды. 

         Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

         Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады.

         Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.

         Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

         Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математика - ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас бөлінеді.

         Адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылқтар олардың істеген істерінің нәтижесінен, немесе онық сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бестімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бестімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептеріне көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.

         Іс-әрекетпен айналысқанда адамнық жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, басындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды болуы ықтимал. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр.

         Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесіндеқолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау  процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.

         Ойлау қабілетінің дамуын зерттеу үшін "Дамудың жақын зонасының" танымдық процестерінің ішінде қабылдаудың ерекшелігіне назар аударған жөн. Өйткені, оқу материалын меңгеруі барысында бастауыш сынып оқушысы берілген ақпаратты әр түрлі қабылдайды, біреулері көрсетіп түсіндіргенді жақсы қабылдаса, екіншілері айтқанды, үшіншілері қолымен ұстап көргеннен кейін ғана қабылдап жатады. Мұндай ерекшеліктерді ғалымдар 3 негізгі канал арқылы өтетіндігін атап көрсеткен, олар визуалды, аудиалды және кинестетикалық. Қабылдау баланың оқу үдерісін жақсы меңгеріп кетуінің басты көрсеткішінің бірі болып табылады. Әр адам басқа да әр түрлі жағдайларда тек өзіне қатысты ақпаратты бір канал арқылы ғана емес, басқа да каналдар арқылы өңдеуге қабілеттілігін қолдануды меңгерген.

         Бастауыш сыныптағы оқушылар барлық ақпаратты жадында сақтай бермейді, олар тек қызықты, ойын үлгісінде жүргізілген пәндерде өткендерін ғана есінде жақсы сақтай алады. Зерттеу нәтижелері барысында біз оқушылардың есте сақтау қабілетін мазмұнына, есте сақтау әдісіне, ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай диагностикалық жұмыстар жүргіздік,

          Сондықтан біз осы мақала арқылы бастауыш мектептегі әр баланың ойлау қабілетін дамытуда олардың психофизиологиялық дамуы біртекті дамымайтындығын ескеру қажеттігін көрсету маңызды.

 

Әдебиеттер:

1. Муканова С.Д. Модернизация системы среднего общего образования Республики Казахстан в контексте международных тенденций развития среднего образования // Открытая школа. - 2005. - №12(49).

2. Жексенбаева У.Б Диалог-5. Основные направления обновления содержания образования // Учитель Казахстана. - 2006, 11 декабря.