Педагогика
Абдихайранова
Р.Ү. , Абдихайранов Ү.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР
САЛТЫ - ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ БАСТЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТЫ
Қазақстан
Республикасында жастардың
салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығына 2013 жылы
қабылданған «Рухани-адамгершілік тәрбиесі»
тұжырымда-масы жаңа серпін беріп отыр [1]. Онда жастардың
физиологиялық денсаулығы мен рухани денсаулығының
үйлесімділігіне жеткілікті назар аудару қажеттігі атап
көрсетілген. Оның негізі осы кезден қаланатын болса,
өмірге «өскелең ұрпақ келер еді» деп атап
өтті. Бірақ бізге әрдайым қалын бұқара
үшін біздей адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды
үйрететін, адамдарға бағыттайтын, оларды үлгі
өнегелермімен еліктіріп, ілестеріп жүретін ұстаз.
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту
бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып
отыр. «Саулық байлық негізі» деп айтқандай, әрбір адам
салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін аурудың
алдың алу және болдырмау. Дұрыс тамақтану,
қоршаған ортаны жақсарту туралы, сонымен дене
тәрбиесімен айналасуы керек. Есірткілерді темекі мен алкогольды
тұтынуды қойып тазалық пен санитария шараларын сақтау
үшін күрес жүргізу.
Әлеуметтік дамудың
басты факторы денсаулық болса, денсаулықтың
жоқтығы адамның ойлаған ойын жүзеге асыруға
кедергі жасайды, әсіресі жастардың жалындаған
күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Адамның дене
бітімі жағынан жан-жақты дамуы, бұлшық еттердің
берік болуы, жүрек қан тамыр жүйелерінің тыныс жолдарының
қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әр түрлі
мамандардың: валеология, жантанушы, медицина қызметкерлері
және мектеп әкімшілігі алдында тұрған көптеген
мәселелердің ішінде осы күнге дейін ғылыми негіздеме
ала – алмай отырғаны оқушылардың өз денсаулығын
сақтауға деген дұрыс көзқарасын
қалыптастыру проблемасы . Өз денсаулығына деген ынталы
құндылықтардың қатынасты қалыптастыру
ең бірінші «денсаулық құндылықтары»
феноменінің мәнін ашуға келіп тіреледі, себебі бұл
өзінің мазмұны мен пайда болу жағынан көп
қырлы күрделі ұғым болып табылады[2].
Соңғы
жылдары мектеп оқушыларының денсаулығының
нашарлығы туралы көп айтылып
келеді. Бұл жерде тек мектеп кінәлі емес. Баланың
денсаулығын сақтау мен нығайту, ең алдымен,
ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту оңай, ал
оны қалпына келтіруге кей
жағдайда бір ғұмыр де жеткіліксіз. Кейде мектеп
оқытушыларының бар күш-қимылы жеткіліксіз болады, өйткені
баланың мектепке дейінгі өмірі тұтастай текке кеткен, орнын
толтыру мүмкін емес болып жатады. Бұл мәселенің шешімін
ат-анларға, дәрігерлерге жаба салуға да болар, әйтсе де
бала денсаулығы күн өткен сайын нашарлап, кемістері беки
беретінін де ұмытпалық. Баланың негізгі уақыты мектепте
өтетіндіктен оның денсаулығына жауапкершілік те негізінен
оқытушының мойнында. Өйткені бала денсаулығы
сыныптағы оқыту процесінің қалай
ұйымдастырылғанына да байланысты.
Денсаулығы жақсы бала
оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана
араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан
таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да
жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның
барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек,
баланың бойында денсаулық мәдениетінің
қалыптасуына басты мән беру
керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен
қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала
өскенде де осы
бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды
денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене
мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске
салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы –
балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру,
өз бетісен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу
сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Бала қоғамның
ең жоғарғы құндылығы, одан жоғары
тұрған ештеңе болмауы керек. Әр балада жасырын
жатқан денсаулықтың генетикалық потенциалы бар, біздің
міндетіміз оның жүзеге асуына қолқабыс жасау. Бала денсаулығын сақтау
мектебіміздің негізгі принципі - әр баланың бойындағы
өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті
бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол
құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында
дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп
келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту
барысында пайда болады, қалыптасады, дамиды. Бала бойында рухани
беріктікті нығайту үшін балаға сенімділікті,
өзін-өзін бағалауды үйрету қажет. Оса
мақсатта мектепте «Рухани әңгіме» бағдарламаны
еңгіздік. Осы бағдарлама бойынша оқушылардың бойында
рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында әр ай сайын белгіленген сыныптар бір тақырыпты
алып ашық тәрбие іс-шараны ұйымдастырады. Тәжірибе
жүзінде осы отырыстар арқылы келесі мақсаттарды жүзеге
асыруға болады:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
салауатты өмір салты туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық:
танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
денсаулықты сақтауға, салауатты өмір сүруге
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау,
әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың
3 топқа бөлу.
I топ –
«Дәрумендер» тобы.
II топ –
«Сымбат» тобы.
III топ –
«Денсаулық» тобы.
II Ой шақыру. Оқушыларды
тақырыпқа қызықтыру мақсатында
сұрақтар беріледі.
1.
«Дені
сау адам» - ол
қандай адам?
2.
Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек
деп ойлайсыңдар?
III
Мағынаны ашу.
1.
Топтын атын қорғау.
2.
Топтарға тапсырмалар беру.
IV Ой
толғаныс.
1.
Қоғамға қандай адамнан
көбірек пайда келеді?
2.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
V Жабаны
қорғау.
«Зиянды
әдеттер – есірткі, темекі, алкоголь ішімдіктері».
VI Сергету
сәті.
VII
Қорытынды. Венн диаграммасымен жұмыс.
Мұғалімнің
сөзі: Бүгінгі күн сендер үшін ұмытылмайтын,
сәтті күн болсын, дендерін сау, көңілдерін
көтеріңкі болсые, өнер-білім алыңдар,
ұқыпты оқу озаты болып, ата-аналарыңды
қуантыңдар.
II Ой шақыру.
Балалар, бүгін «Денсаулықты нығайту жолдары»
тақырыбында әңгімелесеміз. Топпен жұмыс.
«Дені сау адам» - ол қандай адам?
(Шыныққан, еңбекқор, білімді, көңілді,
белсенді, денсаулығы мықты, қоғамға пайдасын
тигізеді).
Денсаулықты
сақтау үшін не істеу керек? (Шынығу, спортпен айналасу,
серуендеу, күн тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден
аулақ болу, дұрыс тамақтану, білім алу қажет).
Мұғалім: Балалар, осы
сөздерді естігеннен кейін өздеріңді қалай
сезіндіңдер? Көңілдерің өсіп қалды емес пе?
Сондықтан әрқашан бір-бірімізге жақсы сөздерді
айтып жүрейік. Қазақ халқы бұл туралы
«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді.
III Мағынаны ашу.
Оқушылар топтың атын марапаттайды.
1.
«Дәрумендер» тобының
ұраны.
2.
«Сымбат» тобының
ұраны.
3.
«Денсаулық» тобының
ұраны.
Топтарға
сұрақ беру (конвертті таңдап алады).
1.
СӨС деген не?
СӨС
деген – Салауатты өмір салты, бұл өз
денсаулығыңды сақтауға және нығайтуға
бағытталған жұмыстардың жиынтығы.
2.
Жеке бастың гигиенасы деген не?
Әр
адамның өз басын, денесін күту талаптары.
3.
Жарақаттану деген не?
Ағзаның
соққы алуы, сынуы, қанауы. Бұл денсаулықтың
өзгеруіне әсер етеді.
4.
Адам 1 минутта неше рет тыныс алады? (10 - 16 рет).
5.
Темекінің Отаны қай ел? (Оңтүстік
Америка).
6.
Қалалық жерде ауаны ластаушы көлік
түрі?
IV Ой толғаныс.
Қоғамға қандай
адамнан көбірек пайда келеді? Дені сау адамнан ба, әлде зиянды
әсерінен өзін өзі жарымжан еткен адамнан ба?
Топтарға тапсырма (конвертті
таңдап алады).
Мақал-мәтелдердің
жалғасын табу.
Тәні
саудың ... сау (жаны)
Ас тұрған жерде - ... тұрмас (ауру)
Денсаулық
... байлық (зор)
Шынықсан ... баласың (шымыр)
Денсаулыққа,
мінез-құлыққа байланысты мақал-мәтел айт.
Ой
жұмбақты шешу.
V Жобаны қорғау.
VI Сергіту сәті.
VII Сабағымызды Венн диаграммасын
толтыру арқылы қорытындылайық.
Денсаулық
шексіз байлық.
Уа, халқым назар аудар
денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың
денің сау да.
Денсаулық терең бақыт
деген сөзді
Құр айтпаған
ұлы Абай данамыз да,
Оң болсын десең егер
тіршілігің
Сақта, халқым,
саулығын аналардың
Болсын десең дені сау
ұрпақтарың.
Әдебиеттер:
1.
Оқу тәрбие жұмыстарында салауатты өмір салтын
қалыптастырудағы жас
ерекшеліктер. «М.Әуезов-жаңа дәуір данышпаны» атты
халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция
материалдары. Шымкент, 2007. 112-114б.
2.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы.
Парасатты «экономика негіздерін қалыптастырудағы білім беру
мекемесінің рөлі мен
міндеттері» атты республика-лық ғылыми - тәжірибелік конференцияның еңбектері.
Шымкент, 2007. 62-64б.
3.
Салауатты өмір салтын тәрбиелеудегі оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескеру мәселе.
// Бастауыш мектеп. 2006. № 12. 48-50б.