Филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Келмағанбетова Ш.С.,

2 курс МЭ-21 тобының студенті Кенесова Жайнара

Қарағанды қ., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

 

ҒАЛАМТОРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕТУ КЕРЕК

 

Қазіргі кезде ғаламтор бетінде қазақ тілін дамыту мәселесі өте өзекті мәнге ие болып отыр. Ақпараттық технологиялар кезеңінде «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар жеткізген» ғаламторда осы күні мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту алғышарттары жасалып жатыр. Ғаламторда мемлекеттік тілдегі сайттардың бәсекеге қабілетті болуы үшін оның өзіндік қазақы ортасы, оқырманы болуы шарт. Бұл үдеден шығу үшін қам-қарекет жасап жатқан ұлтжанды, тілсүйер азаматтар да баршылық.

Бүгінгі күні Қазнетте қазақ тіліндегі сайттардың саны жалпы қазақстандық сайттардың 12%-ын құрайды. Жыл сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болып жатыр, әр түрлі семинарлар, конференциялар, тренингілер, конкурстар өткізілуде, бірақ, ғаламтор қауымының ойынша, мемлекеттік тілдегі контенттерді танымал етудің жаңа жолдарын іздестіру қажет.

Соңғы жылдары қазақ тіліндегі ресурстар санының өсу динамикасы көрініп тұр. Қазіргі таңда оқушылардың 70 пайызы мемлекеттік тілді біледі және олар – сапалы қазақ тіліндегі ресурстардың нақты қолданушылары болып табылады. Қазақ тілін білетін жастардың буыны өсті, бірақ олардың мәліметтерді қазақ тілінде алуға мүмкіндіктері жоқ. Бұған техникалық жағдайлар да әсерін тигізуде. Мәселен, қазақша интерфейсі бар сайттарды тегін құруға мүмкіншілік жоқтығынан көп мәселе шешімін таппай отыр. Жаңа гаджеттерде – планшет және смартфондарда көбінесе қазақша әріптер жоқ. Оны қолданушылар амалсыздан латын немесе кириллица әрпін қолданып, қателермен жазады.

Отандық сайттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы масштабты болу керек және тек қана хостингпен шектелмеуі керек. Менің ойымша, мемлекеттік тілімізді белсенді насихаттаумен қоса қазақ тілінде контент құруға қолайлы жағдайлар болу керек (блог, видеоблог және т.б. жүргізуді үйрететін бағдарламалар)».

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде қазақ тіліндегі сайттардың саны жалпы еліміздегі сайттардың 12 пайызын құрап отыр. Жыл сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болуда. БАҚ-тың электрондық нұсқалары дамуда, әртүрлі семинарлар, конференциялар, тренингтер, байқаулар өткізіледі. Десе те, ғаламтор қауымының ойынша, мемлекеттік тілдегі контенттерді танымал етудің жаңа жолдарын іздестіру қажет-ақ.

 Қазнетте қазақша ресурстарды дамытатын қауым бар деп есептеймін. Тек соларды дұрыс үйлестіретін арнайы бір бейресми ұйым қажет секілді. Әрі сол ұйымның бірден-бір жұмысы қазақша контентті өз бетінше дамытып жатқандарға қаржылай және техникалық қолдау көрсету болса, іс тезірек алға басар еді. Үлкен кедергінің бірі – ол Қазнеттегі қазақша контентті дамытуға пейілді орта өз ішінде әзірге бірін-бірі дұрыс танымайды. Сондықтан іс жүйелі түрде жүргізілмей отыр.

Расында, ғаламторда мемлекеттік тілді дамыту мәселесі көп уақыттан бері қозғалып келеді. Дегенмен бұл мәселеде мемлекет пен қоғамның ынтымақтасу үрдісі әзірге байқалмайды. Сол себепті қазақтілді ресурстардың жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне толықтай жол ашылды деп айта алмаймыз.

 Қазіргі кезде қазақ тілінде сайт жасайын деген әрбір веб-мастер бүкіл интерфейсін қазақ тіліне өздігінен аударуға мәжбүр болып отыр. Бұған көп уақыт, күш жұмсалып ғана қоймай, жұмыстың қымбаттауына да алып келуде. Сондай-ақ терминдердің аудармаларындағы келіспеушіліктерді қазақ тілінде сайт жасаушылар да біледі

Бүгінгі күні осы ақпараттық технологияларға байланысты орыс, ағылшын тілінен қазақ тіліне бірнеше сөздік шығарылып қойылған. Бірақ түсініксіз сөздер мен аудармалар сол баспаларда да кездеседі. Мұның себебі – олардың ғаламтор қауымының қатысуынсыз жасалуында болып отыр. Осы дөңгелек үстелде ғаламтор белсенділері мен қазақ тілі қамқоршылары сол сұрақтарды талқылай алады. Осындай пікірталас алаңын талқылаудың нәтижелері қолжетімді бола алатын және қарапайым қолданушылар ойын тыңдау мүмкіндігі болатын желіде де ұйымдастыруға болады» дейді ол.

Тағы бір атап өтер жайт, ғаламторте қазақ тілін дамытудағы проблемалардың бір бөлігі – тілді қолдану және үйрету кезінде басқару тәсілдерін абсолюттендіру, соның ішінде іс жүргізуді мемлекеттік тілге енгізу, бағдарламаларға уақыттық шектеу қоюға да барып тіреледі. Сондықтан тіл үйрену және эксклюзивті контент құру мотивациясына аз көңіл бөлініп отыр. Қарап отырсақ, ғаламторте қазақ тілін алға жылжыту үшін әлі көп істер жасалуы тиіс.

Статистикаға сүйенетін болсақ, әлемдегі ең танымал сайттардың қатары былай орналасқан:

·        Facebook.com – 837 млн. қатысушылар саны;

·        Google.com – 783 млн. қатысушылар саны;

·        Youtube.com – 722 млн. қатысушылар саны;

·        Yahoo.com – 470 млн. қатысушылар саны;

·        Wikipedia.com – 467 млн. қатысушылар саны.

Уикипедия сайтына тоқталғым келіп отыр. Уикипедия - Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия. Яғни ғаламтор желісіндегі ең танымал ақпарат көзі болып табылады.

Ең басты ерекшелігі - Уикипедия сайтына кірген кез келген тұтынушының ондағы материалдар мен тақырыптарды өзгертуге құқығы бар. Сондағы ағылшын тіліндегі мақала саны 5 миллионнан, орыс тіліндегі мақала саны 1 милионнан астам болса, ана тіліміздегі мақала саны тек 215 мың құрайды (нөмір 1 кестесі).

Бұл сайтты қолданатындардың басым бір бөлігі студенттер мен мектеп оқушылары болып табылады. Ақпарат іздеген кезде олар ана тіліміздегі мақала таба алмай, амалсыздан орыс тілінен аударуға мәжбүр болады. Бұл мәселені шешу жолы анық – кәсіби аудармашыларың тобын жинап мақалалардың қазақ тіліне аударма жұмысын жүргізу керек. Осы жоба мемлекет тарапынан қолдау алатына күмәнім жоқ.

№1 кесте – Уикипедия сайтындағы мақала саны.

Қазақстандағы қазақтілді ғаламтор қолданушы мен орыстілді ғаламтор қолданушының арасындағы ерекшелік сол, қазақша қолданушылар кем дегенде қос тілді ақпаратты тұтынады. Сондықтан, қазақша ақпаратты басқа тілдегі дереккөздерімен салыстыра отырып оқиды. Бұл әрине, теориясында. Әйтпесе, алдымен өзге тілдегі (көбіне орыс) дереккөзден оқып алған соң, оның қазақша аудармасын оқу қажетсіз болып қалады. 

Осыдан 15-20 жылдай уақыт бұрын негізгі қарым-қатынас құралы тек үй телефоны ғана болатын. Содан кейін мобильді құрылғылар келіп, одан соң пайда болған скайп бағдарламасы ғаламдық байланыс туралы көзқарасты түп-тамырымен өзгертіп жіберді. Енді қарым-қатынасқа түсу үшін артық ақша төлеудің қажеті жоқ. Әлеуметтік желілер адамның ажырамас бөлігіне айналып үлгерді.

Еліміздегі ең танымал әлеуметтік желілер қатарына келетін болсақ:

·       ВКонтакте – 2,7 млн. адам;

·       Одноклассники – 2 млн. адам;

·       Мой Мир – 1,6 млн. адам;

·       Facebook – 0,6 млн. адам;

·       Twitter – 0,3 млн. адам.

№ 2 кестеҚазақстандағы әлеуметтік желілердің үлесі.

Осы әлеуметтік желілердің арасында тек Мой Мир (2011 жылы) мен Вконтакте (2016 жылы) толығымен қазақша интерфейске көшкен болатын. Алайда бәрі де бірдей қазақша интерфейске көшуге дайын емес. Мысалы: елімізде жастардың арасында ең көп қолданыдатын ұялы телефондардың бірі, айфонда, қазақша пернетақтасы жоқ.

Сондықтан жастардың патриоттық сана сезімін оятып,  ана тіліне деген құрметін арттыруымыз қажет. Ол үшін университетімізде бірнеше іс-шаралар еңгізген абзал. Баска университеттердің тәжірибесіне айта кетіп, Павлодар облысындағы ЖОО-нда әр бейсенбі сайын «қазақ тілі» күні болып табылады екен. «Қазақ тілі» күнінде университеттің басшылығынан бастап студенттерге дейін қазақша сөйлеуі қажет. Бұл шартты орындай алмаған азаматқа айыппұл салынады.

Сонымен қорыта келе, қазіргі таңда ғаламторды өзіміздің қазақ тілімізде сөйлету ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі қазіргі жастар үшін ең бірінші ақпарат көзі – ғаламтор болып отыр. Ғаламторды қазақ тілінде сөйлетсек, тілге деген құрмет арта түсіп, ұлттық болмыс өзгеріп, сана –сезіміміз оянар еді.

Әдебиеттер тізімі:

1. ГАФФИН А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.- М.: Артос, 1996.- 274 с.- (Просто о сложном).

 2. ГИЛСТЕР П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995.- 735 с.

 3. СОЛОМЕНЧУК В.Интернет: краткий курс: Пособие для ускоренного обучения.- СПб.: Питер, 2000.- 288 с.: ил.

 4. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.-25б.

 5. Шөкіш А. ИнтернетАмерика барлаушылырының туындысы немесе ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2002.- ақпан.-Б.19