«Құтты білік» - Елбасының бейнесін жырлаған дастан.

         «Құтты білікте» халық педагогикасында белгілі орын алатын тәрбиелік мәні бар символдар да қамтылған. Дастанда Баласағұн ел басқарудың ерекшелігін символ арқылы жеткізеді. Күнтуды Елік Айтолдыны шақырып кеңескенде үшбұрыш тұғырлы тақта отырады. Оның мәнін сұраған Айтолды үш тағанның беріктігі жөнінде толғайды (800-805- бәйіттер). Кейін осы ой ел бірлігі, ел бектерінің қасиеттерін саралайтын тарауда тереңдеп, нақтыланып түсіндірілген.

         Бірі – дана, ғалымдар, зейінділер,

         Бірі – хатшы, білсін дер кейінгілер.

         Үшіншісі – жүректі ер, батырларың,

         Жау десе, жайдай жайпар жасындарының

         Бұл үш түрлі ер бір жеңнен қол шығарса,

         Қалған жұртты үйіріп, қоңсыға алса...(2704)

деп, ел басшысына бектердің үш түрін, тобын түсіндіреді, үшеуінің қызметін, пайдасын саралап береді. Мемлекеттік жүйені танытатын желі. Ел-жұртты, ерлерді халықтық іске, шаруашылыққа, малға, білімге бағыттаса, енді бірін хат пен қаламға, тілге, шешендікке бейімдесе, енді бір қатарын елді қорғауға меңзеп тұр. Бұл да қазақ халқының өсиет сөздері мен ежелгі мақалында кездесетін, өте кең танымал ойдың тұжырымы.

         Сонымен үш тұғыр, үш таған, үш таяныш ежелден аян, тарихта талай тілге тиек болған қағида. Мұнда көкейкесті мәселе әлеуметтік-саяси тұрғыдан көтеріледі. Халық педагогикасынан қарағанда ата-бабамыздан келе жатқан «тектік», «ақыл», «адал», «парасат» ұғымдарын алуға болады. Халықтың елбасы деген көзқарасын келесі кестеден көруге болады. (кесте 1)

Кесте 1 – Халық көзқарасындағы Елбасы

Дастандағы Елбасы бейнесі

Негізгі ұғымдар

1

2

3

 

4

...Ес, парасат, бекке керек – себебі...

Бұл бектікке асыл текті ер лайық

Атасы бек болса, ұлы да бек болар,

Ұл бек боп туса, асыл тек солар!

Бек дегенің білекпенен берік тұр.

Бірлік кетсе, бек қалады – желік құр.

парасат, ес;

асыл текті;

ата жолын қуу;

 

білімді, білікті, бірлік болмай, тірлік болмайды;

Халыққа керек Елбасы

5

 

6

 

7

 

8

 

 

 

9

Халыққа алып ұлдар керек саспайтын,

Ұлы істерде ұлы жорық бастайтын

Халыққа ұлы ерлер керек қаһарлы.

Саспай шығар өрт алса да жаһанды

Шыншыл сара басшы керек халыққа,

Халық үшін түсіп шығар тамұққа.

Халыққа жақ, көңілі тоқ, көзі тоқ, ойы терең, тілі майда, сөзі шоқ,

Жасай алар ізгілік пен ірілік,

Заң, ұятты сақтай білер жүгініп.

Басшы керек, елін сүйер ертерек, болмау үшін адамың - кү–, жер кебек.

батыл, намысшыл, алып;

отансүйгіш, өжетті;

 

әділ, елжанды, жанашыр;

жомарт, ақылды, білімді, тәртіпті;

 

 

ел қамын ойлайтын.

Қорыта айтқанда: Осындай бек - болар халық көсемі, ұрпағы өссе – даңқы тағы өседі.

Баласағұн халықтың ойын жеткізуде әрдайым ежелден келе жатқан қағидаларды басшылыққа алып отырды. Сондықтан, дастанның бәйіттерінде, "халық айтқандай", «халық ері көрсеткендей», «халықтан шыққан ердің ойынша» деген сөздерді көп қолданады. «Құтты біліктің» авторы болса да Жүсіптің халықты ұстаз тұтқаны белгілі. Халық – дастанның бас кейіпкері. «Құтты біліктің» мәңгілігі осында. Халық бейнелеген адам идеалы Баласағұнның еңбегінде көрінісін тапқан. Мұнда халық педагогикасындағы кісі асылы екі түрлі, қараңыз. Бізі – бек, бізі – елбасы данаңыз. Ал елбасының даналығы былай жырланған:

         Елді аларда алмас қылыш жарқылдар,

         Ел басқарсаң алтын қалам жылтылдар.

         Білім, ақыл елдің ішін түзетер,

         Үш батырың күллі әлемді күзетер (2711)

Дастанның жыр жолдары айқын ойды шегелей түседі. Бұдан кейін «Ұлық болсаң – кішік бол!» деген өсиет осыдан мың жыл бұрынғы даналықтың – өзі, көненің көзі екеніне таңданбасқа бола ма!? Халықтың даналығына, ақыл мен ойдың сарлығына мойынсұнбасқа, көкіректерден тебірентіп шыққан асыл сөздің ел жүрегі, адам санасы арқылы ғасырларға, мәңгілікке ұласарына күмән-күдік те қалмайды. Халықпен бірге жасайтын да, елдің елдігін, дәстүр-мәдениетін де осындай мәңгілік берік көпірлер ұқтыратын, тарихтың қойнау-қойнауын үндестіретін алтын тамырлар танытатын болар!

«Құтты білікте» еліміздің тікелей төл мұрасы дерлік қанатты мағынасы жүрекке жылы тиіп, тілге орала қалады.

Сонымен, Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында бірқатар тәрбиелік мәні бар мәселелерде ел басқару бөлек алып отыр. «Бектің ісі – ұлы іс» деген ойды тұжырымдайды. Оның негізін қалаушы деп Әділдікті, білімді, ізгілікті алады. Тұлға бойына бұларды сақтаған әмірші нағыз елбасының идеалы.

Қорыта айтқанда «Құтты білік» - Елбасының бейнесін жырлаған дастан.