Право/9.Гражданское  право

 

Шошаева Л.С.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОРҒАЛУЫ

 

Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейді. Қазақстан Республикасында  авторлық құқық  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен, Женевада 1996 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі[1].

 Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Автордың мүліктік құқықтары деп автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк  құқықтарға ие болуын айтамыз. Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөнiндегi айрықша құқықтарын бiреуге берген жағдайда да сақтап қалады. Авторды оның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» туралы заңында көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан айыруға болмайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу, өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлде бір шарттылықтың орындалуы талап етілмейді [2].

Объективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет туындыларын шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет туындысын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес қатынастары.

Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Автордың мүліктік құқықтары деп автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк  құқықтарға ие болуын айтамыз. Мүліктік құқық туынды авторына өзге біреулер қолданған кезде қаржылық табыс алуға мүмкіндік береді. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын бiлдiредi:

      1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);

      2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық телекоммуникациялар желісінде операциялар жасауына (тарату құқығы);

      3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);

      4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);

      5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);

      6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);

      7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);

      8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы);

      9) туындыны аудару (аудару құқығы);

      10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы);

      10-1) туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы)

      11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.

Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөнiндегi айрықша құқықтарын бiреуге берген жағдайда да сақтап қалады. Мүліктік емес құқық деп туындыға автор болуға және сол туындыға автордың беделіне нұқсан келтіретін өзгерістерді енгізуге қарсы тұруға мүмкіндік беретін құқықты атайды.  Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары мыналар:

      1) туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның iшiнде, егер iс жүзiнде мүмкiн болса, туынды кез келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);

      2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есiмiнiң орнына лақап есiмiн (бүркеншiк есiмiн) көрсету және соны талап ету немесе есiмiн көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу құқығы);

      3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғылмаушылық құқығы, туындыны кез-келген жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың абыройына немесе беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).

      4) қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы). Авторды оның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» туралы заңында көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан айыруға болмайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу, өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлде бір шарттылықтың орындалуы талап етілмейді.       

Автордың жеке, мүліктік емес құқықтары бұзылған кезде, ол баспа  беттеріне хабарлау арқылы өз құқықтарын қалпына келтіруді талап етуге  құқығы бар. Мүліктік құқықтардың  бұзылуы автордың мүліктік емес құқықтарының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, туынды өз көрінісін тапқан объектіні иелену құқығы (сурет, қолжазба және т. б.). Азаматтық құқықтың қорғау әдістерінің ішінде кейбіреулері авторлық құқыққа қолданылмайды. Мысалы шарт  бойынша автор өзіне алған міндеттемені орындамаса, оны сол туындыны жазуға  мәжбүрлеуге болмайды.  Авторлық құқықты  сот арқылы қорғау  көп кездеседі. Оның негізін арыз құрайды. Арызда автордың қандай құқықтары бұзылғаны көрсетіледі.  Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды. Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты:

      1) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

      2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;

      3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге;

      4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:

      1) құқықтарды тану;

      2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;

      3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;

      4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;

      5) құқық бұзушы авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;

      6) соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада немесе туынды даналары құнының екі еселенген мөлшерінде немесе салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте туындыны құқыққа сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негізделе отырып айқындалатын, туындыны пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. Залалды өтеудің немесе кірісті өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот айқындайды.

7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.

Авторлық құқық зияткерлік меншікті қорғайтын нысанның бірі, ғылым, мәдениет және өнер туындыларын жасаудағы жэне қолданудағы қүықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Авторлық құқық автордың бүкіл ғұмырында және автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл көлемінде сақталады. Авторлық құқығы, атына құқығы, автордың атағын қорғау құқығы мерзімсіз сақталады.

Қазақстан азаматтарымен жасалған өнер туындыларының авторлық құқығы, олардың қайда тіркелгендігі немесе тіпті тіркелмегендінен тәуілсіз, мәдени және әдеби өнер туындыларын қорғауға байланысты Берн конвенциясының қатысушылары болатын барлық елде қорғалады.Авторлық құқық объектілері бағытының қадіріне және бейнелеу нысанынан тәуелсіз ғылым, әдебиет және мәдениет туындылары болып есептеледі.

Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерін нақты белгілері болатынын атап кеткен жөн.

Авторлық құқық объектісінің бірінші белгісі - бұл оның жасалуының шығармашылық мінезі, және екінші белгісі-бұл ойын білдірудің объективті нысаны. Бұл дегеніміз, авторлық құқық объектісі автордың шығармашылық еңбегінің нәтижесі болу тиіс, және материалдық жеткізушіде тіркелуі керек (жазбаша нысанда, бейнелеу нысанында, дыбыс немесе бейне жазбаларда, көлемді-кеңістік нысанында), сондай-ақ авторлық құқық көпшілік алдында орындалған ауызша формада болуы мүмкін.

Авторлық құқықты қорғау белгісі, латынның С әрібінің («copyright» сөзінің алғашқы әрібі) шеңбердің ортасына орналасқанын береді. (Сонымен қатар С әріпін жақшаның — «(с)» ішінде де қолдануға болады. Авторлық құқықты қорғау белгісінің болмауы, авторлық құқықтың қорғалмайтынын білдірмейді, себебі, авторлық кұқық туындының пайда болған кезінен басталып және авторлық құқықты қорғау үшін туындының тіркелгендігі немесе басқада бір формалдықты қажет жоқтығын білдіреді. Авторлық құқықтың қорғау белгілері бар немесе жоқтығы туындыны лицензиялауға әсер етпейді.

Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығарып, қолданумен байланысты пайда болған қатынастарды реттейді. Авторлық құқық  шығармашылық қызмет нәтижесі болып  табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына таралады. Мәдениеттің дамуында авторлық құқықтың орны ерекше. Ал кез-келген ұлтта мәдениет болады, мәдениет болмаса ұлт та болмайды. Адамдар қашан болса да шығармашылықпен айналысады, яғни авторлық құқық өзгеріп отырады, бірақ ең бастысы оны қорғау керек.

Авторлық құқық тақырыбы қаншалықты маңызды деп ойланар  болсақ, онда бұл тақырыптың азаматтық  құқықтың ең маңызды болмаса да соңғы  жылдары бой түзеп келе жатқан саласы деп тұжырымдауға болады. Дегенмен өзінің көлемі жөнінен анау айтып үлкен де емес, тіпті кішкентай да емес. Әрине авторлық құқық бізде оншалықты дамымаған. Оны күнделікті теледидарда қарақшылық жолымен жасалынған кассеталарды, бейнекассеталарды трактормен таптап жойып жатқанын көріп жүрміз. Тәуелсіз Қазақстанда келешекте осы авторлық құқыққа мән беріліп оның тұғырын көтере түсер деп ойлаймын.

   Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілгендігі Қазақстан Республикасының Конституциясының              20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған. [3]

         Жоғарыда аталған авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың біздің еліміздегі қорғалу мәселесіне тоқталайық. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңында көзделген авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туындайды. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Зияткерлік меншік еліміздің әл – ауқатын дамытып, жетілдірудің бірден – бір қайнар көзі. Әркімнің өз құқығын қорғай білуі, еліміздің өркендеп өсуіне өз үлесін қосарына ешқандай дау тудырмайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Республикалық қоғамдық бірлестік «Абырой» авторлық қоғамы ресми сайты

2.     Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңы. - 10.06.1996.

3.     Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. (2011.02.02. жылы енгізілген өзгерістерімен қоса).