Право/9.Гражданское право
Абдрахманова А.Е.
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ МЕХАНИЗМІ
Қазіргі
кезде биздін
қазақстандықтар
үшін баспана әлеуметтік маңызы зор
мәселенің бірі болып отыр.
Қазақстандықтардың басым көпшілігінің
баспана сатып алуға жағдайы жоқ. Сол себепті қазіргі кезде халықты тұрғын үймен
қамтамасыз ету мәселесіне үлкен мән берілуде.
Қазір көптеген бағдарламалар
жүзеге асырылып жатыр.
Тәуелсіздік алған жылдары ҚР дербес
мемлекет ретінде қалыптасып, даму барысында елдің
әлеуметтік-экономикалық өміріндегі елеулі
өзгерістер халықтың
басым бөлiгiнiң
тұрғын үй жағдайларын жақсартуға
және тұрғын үй құрылысының
қарқындылығын арттыруға себепшi болды.
Жалпы
халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету Қазақстанның даму стратегиясының басым
бағыттарының бiрi ретінде танылып және қазіргі кезде оны толық
жүзеге асыру маңызды мiндеттердiң бiрi болып отыр. Ертеніне деген сенім әр
қазақстандық үшін, ең алдымен, баспаналы болудан
басталатынына ешким дау туғыза қоймас.
Сондықтан ҚР Елбасының
Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасының Конституциясында
азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық
жағдайларын жасау қажеттігі бекітілген. Тұрғын үй
мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік
мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр. Кез-келген
елдің тұрғын үй саясатының бастапқы
мақсаты – «әрбір отбасын қолайлы тұрғын
үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету»
делінген.
Қазіргі
кезде "Қолжетімді
тұрғын үй - 2020" бағдарламасы бар. Әр жас
отбасында ата-анадан бөлек, жеке үйді, баспананы сатып алу туралы
мәселе туындайтыны сөзсіз. Ал негізінде
Қазақстанда әрбір
отбасы пәтерді өз қаражатына сатып ала алмайды.
«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша жас
отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу
үшін бастапқы жарнасыз соңыра сатып алумен және
төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер бойынша пәтерді
жалға алу мүмкіндігін көздейтін, «Жас отбасы» - бағыты
іске асырылады. Бұл бағдарламаға қатысу үшін көзделген
талаптар бар әрине. Әрбір отбасы осы бағдарламаға
қатысам десе талаптарға сәйкес келу қажет.
Бұл
талаптар мынадай: Ерлі-зайыптылардың
жасы өтініш беру кезінде ерлі-зайыптылардың
екеуінің де жасы 29 жастан аспауы тиіс. Егер отбасы толық болмаса,
жасы бойынша шектеу тек баланы (балаларды) тәрбиелеп жатқан
ата-ананың біріне ғана қатысты, ол да 29 жасты
құрайды. Ерлі-зайыптылық
кезеңі, өтініш беру сәтінде тіркелген неке
кезеңі 2 жылдан кем емес мерзімді құрауы тиіс.
Аталмыш шектеу толық емес отбасына қатысты емес. Отбасының құрамы, отбасының
құрамына ерлі зайыптылардың өздері, сондай-ақ
олардың кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ
ерлі-зайыптылардың жұмысқа жарамсыз ата-аналары. Отбасы мүшелерінің саны болашақ
пәтердің квадратурасын анықтағанда ескерілетін болады,
әр отбасына 15 тен кем емес 18 ш.м. бөлінеді. Егер отбасында 3 адам
тұрса, онда пәтердің ауданы 45ш.м. кем болмауы тиіс.
Тұрғын үйдің болмауы, «Жас отбасы» бағыты бойынша қатысу үшін ерлі-зайыптыларда және отбасы мүшелерінде пәтерді алу болжанып отырған елді мекенде жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс. Табысы, отбасының жыл сайынғы жиынтық таза табысы зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және ерлі-зайыптылардың және баланың (балалардың) соңғы 6 айдағы ай сайынғы шығындарын қоспағанда өтінішті берер алдында мынадай шекте болуы тиіс: ең төменгі –Алматы, Астана қалалары үшін – ЕТЖ (74 640 теңге), қалған қалалар үшін ең төменгі күнкөрістің 4-есе мөлшері – 3 ЕТЖ (55 980 теңге);ең жоғарғы –12 ЕТЖ кем емес (223 920 теңге).
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол -
болашаққа бастар жол» Жолдауы // www.akorda.kz
2.
2020-Қолжетімді
тұрғын үй.
3.
Тұрғын үй
қатынастары туралы 1997 жылғы
16 сәуірдегі № 94-1 Қазақстан Республикасының
Заңы (2016.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) //www.zakon/kz