А.Т. Абдрахманова

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚАРТАҢ АДАМДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Қарт адамдардың балаларымен өзара қарым-қатынас ерекшеліктері кезінде ағза түрлі өзгерістерге ұшырайды. Әсіресе, бұл өзгерістер адамның сыртқы келбетінде, бұлшық еттері мен ішкі мүшелерінде, сонымен қатар, сезім мүшелерінде жүреді.

Қарттық кезеңде адамның сыртқы келбетіндегі негізгі өзгеріс оның бет-әлпетіндегі қатпарлы әжімдер. Бастапқыда әжімдер нақты бұлшықеттер жиырылуына байланысты пайда болады, мысалы: көздің айналасындағы әжімдер күлу барысында. Ал, қарттық кезеңде олар тері асты май ұлпаларының жойылуына байланысты туындайды. Тері умаждалған қағаз секілді көріне бастайды. Жиі майда қантамырларының жарылуына байланысты теріде кішкентай қандай сүйелдер пайда болады.

Сыртқы келбеттің кейбір өзгерістері-қартаюдың қалыпты процесінің нәтижесі, ал өзгелері генетикалық мәнге ие. Бірақ көптеген адамдарда тері өзгерістері күн сәулесінің әсері, жел, механикалық қазымдалулармен байланысты. Сонымен бірге күннің ультракүлгін сәулелерінің әсері тері тозуына айрықша әсер етеді, күн терінің жаңару қабілетін бұзады, «күнге қатты күю» бір адамдарда терінің тозып әжімделуіне алып келсе, ал өзгелерде тері рагін тудырады. Сонымен қатар, тері құрғақтанып, өз жұмсақтылығын жоғалтады. Осыған қарамастан жақсы тамақтанып, денсаулықты сақтап және теріні күн сәулесінің ұзақ уақыттық әсерінен сақтау арқылы тері тозуының бұл белгілерін баяулатуға болады.

Қарттық кезеңдегі адам өмірінде ағза әрекетінің біртіндеп әлсіреуі байқалады. Қарт адамдар жас кезіндей жоғары жүйке және дене қысымына төзуге қабілетті емес; ағза ұлпаларының өміршеңдігі жойылады, ол ұлпалардағы сұйықтық құрамының азаюымен тығыз байланысты. Нәтижесінде қарт адамдардың буындары қатая түседі.

Сезім мүшелеріндегі өзгерістер қарт адамның жекелік жұмыс қабілетіне күрделі ісер етеді. Көру қабілетінің бұзылыстары қарттық кезеңде айқын байқалады. Көз жанарының құрылымының өзгерісі бұл кезеңде катарактіге алып келуі мүмкін. Қарт адамдарда көп жағдайда ұсақ бөлшектерді ажырату қабілеті төмендейді, бұл көз торының рецепторларының қызмсеттерінің әлсіреуімен түсіндіріледі. Көз қабағындағы атрофиялық өзгерістермен көз бездерінің қызметінің төмендеуі коньюктивиттің (көз бен қабақтың арасындағы мөлдір ауруы) пайда болуына негіз болады. Көз жанарымен цилиарлы денедегі өзгерістер пресбиопсияны (аккодамацияның жойылуы) тудырады. Көз қарашығының диаметрінің өзгерісі, көз жанарының рефракторлы күшінің жойылуы көздің қалыпты өткірлігін біртіндеп төмендетеді.

Көздің динамикалық визуальды өткірлігі, қозғалыстағы зат бөлшектерін ажырату қабілеті-есейе келе жылдам төмендейді. Қартаю процесіне тән өзгерістердің бірі жарықтан қараңғы жерге өтудегі бейімделу қабілетінің жойылуы болып табылады. Жас кезеңдік өзгерістерді бейнелеуші бірден-бір өлшем стандарты нүктені анықтаушы ауыспалы тітіркену жиілігі, онда өлшем стандартты нүктені анықтаушы ауыспалы тітіркену жиілігі, онда қараңғы жарық кезеңдерінің ауыспалылығы жарқ ету ретінде емес, тұрақты жарық ретінде қабылданады. Жарық свет қарттарға қатты әсер етеді. Оларға жарық көзіне жақын затты тану үшін жастармен салыстырғанда 50-70% артық, яғни 50 жастағы қарттарға 2 есе артық, ал 80 жастағы қарттарға 3 есе артық жарық көзі қажет.

Қарттық кезеңде көру және есту қабілетінің нашарлауына байланысты зейін шоғырлануы әлсірейді. Сонымен қатар, бұл кезеңдегі танымдық қабілеттерінің маңызды өзгерістерінің бірі-ақыл-ой операцияларының орындалу жылдамдығының төмендеуі. Оны көптеген психологиялық зерттеулер анықтауда. Жалпы қарт адамдардың сыртқы әсерлерге жауап қайтару мерзімі ұзарады, перциптивті ақпаратты өңдеу бәсеңдейді және танымдық процестер жылдамдығы төмендейді. Бұл баяулылық қарт адамдардың жастармен салыстырғанда нақтылықты бағалайтындығымен түсіндіріледі. Қарттарда жастарға қарағанда абстрактілі ойлаумен концепциялы дамуда едәуір қиыншылықтар байқалады.

 

Әдебиет:

1.     Эриксон Э. Молодой Лютер: психоаналитическое историческое исследование. - М.: Медиум, 1996. – 506 с.

2.     Бромлей Ю.В. Этнос и этнограФия. М.:Наука., 1973, -368 стр.

3.     Корсакова Н.К., Московичюте Л.И. Подкорковые структуры мозга и психические процессы. М., 1985.

4.     Рощак К. Психологические особенности личности в пожилом возрасте: Дис.  канд. психол. наук. - М., 1990. - 157 с

5.     Эриксон Э. Молодой Лютер: психоаналитическое историческое исследование. -М.: Медиум, 1996. -506 с.