М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Шукеева А.М.  Есенгелдиева Т.

 

ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

 

       Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын психолингвистика тұрғысынан зерделеу,  тіл құбылыстары сөз, сөз тіркесі және сөйлемдерді адамның қабылдау,  пайымдау,  ойлауымен ұштастыру,  дәстүрмен жаңашылдық үрдістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру , сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің болашағын айғақтауға,  өркениетті мемлекеттің қоғамдық - әлеументтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек , бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де жол бастар соқпағы да айрықша.

      Соңғы жылдары дамып, өркендей, қанат жайып келе жатқан антрополингвистикалық бағыттағы тіл салалары тілдің әр қырларын анықтап, оның басқа ғылымдармен байланысын бірлікте қарастыруға жол ашады.

     Біз сөз еткелі отырған психолингвистика саласы да тіл мен психология ғылымының сабақтасқан ,ұштасқан бірлігі. Оның қарастырмайтын, оның зерделемейтін саласы жоқ деуге де болады. Ол өзіне қостілділік теориясын, этнопсихолингвистиканы,  криминимистиканы,  инженерлік авиацианы, психологияны , ұжымдық қарым – қатынасты т. б .қамтиды.

    Көптеген ғылым жарияланымдарда психолингвистиканың қалыптасуын  ХХ ғасырдың орта шенінде заманның талабынан туындаған өзекті мәселелерге толықтай жауап беру мақсатынан туындаған бұрыннан келе жатқан дәстүрлі ғылым салаларын тоғыстыру үрдісінің ғылыми аренада пайда болуымен байланыстырады.

     Психология мен лингвистиканың сабақтастығынан негізделген психолингвистиканың пайда болуының себебін қайсібір ғалымдар нақты практикалық міндеттерді теориялық тұрғыдан қайтадан сараптауда сөйлейтін адамды емес, көбіне мәтінді зерттеумен айналысатын таза лингвистикалық талдауларға сүйенүдің күткендей нәтижелерге жеткізе алмағандығымен (А.А.Леоньтев) түсіндіреді. Ал кейбір ғалымдар , мәселен Р.М.Фрумкина (1968) психолингвистика ғылымы тіл мамандарының тілді психикалық ореномен ретінде сипаттаудан бас тартуларымен байланысты болып келген олқылықтардың , кемшіліктердің орны толықтыру мақсатында дүниеге келді деп біледі.

      ХХ  ғасырдың 50-жылдарынан бастап ғылыми мінбеден психолингвистика дербес ғылым саласы ретінде көріне бастағанымен, оның алғашқы қадамдары, бастамалары В .Гумбольдттың , В.Вундтың , орыс лингвистерінің, орыстың психолог, физиолог ғалымдарының   (А.А .Потебня, И.А .Бодуэн де Куртене, А.А .Шахматов, И.М .Семенов, Н.А. Бернштейн,  С.И .Бернштейн, А.С. Выготский ,А.А. Леонтьев ,Н.И .Жинкин  т.б.) ебектерімен тығыз байланысты. Психология мен лингвистика арасындағы  одақтастыққа бір ғасырдай уақыт толады десе де болғандай.

      Осы психолингвистиканың негізгі нысаны ретінде қарастырылатын ұжымдық қарым- қатынас мәселесі- бүгінгі күн талабынан туындаған , нағыз қажетті тақырып.  Осыған орай,  ең алдымен , ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу жайына тоқталамыз. Бұдан былай жұмысымызда  «ұжымдық қарым- қатынас»  терминін қысқартып ҰТҚ деп  алуды жөн көрдік.

    Ұжымдық тілдік қатынас туралы біздің елде зерттеу еңбектері жоққа тән. ресейде ұжымдық тілдік қатынас (ҰТҚ) ХХ ғасырдан бастап зерттеу нысанына айналған. Ал отандық ғалымдар бұл тақырыпқа әлі де атпасын бұратын түрі жоқ сияқты. Жалпы ҰТҚ туралы дерек көздерін біз Америка немесе Ресей т.б. елдердің ғалымдары жазған еңбектерден аламыз. Сондықтан осы ұғымның басын ашып алайық.

      Ұжымдық тілдік қатынас сөзінің тура аудармасы ағылшын тілінде   « mass communication»,  орыс тілінде  «массовая коммуникация». Бұл ұғымды түсіндіруде, түсінуде алғашында шатасулар тұғызды. Ғалымдар біресе оның қурамындағы жеке сөздерді талқылады, біресе толық ұғымды алып анықтауға тырысты. Яғни « mass» үлкен көлемдегі , кең ауқымды деген мағынада десе,  коммуникациялау тілде кеңесү,  тілдесу. Бұдан шыққан  қорытынды қарым – қатынастың, яғни тілдесімнің кең көлемде, үлкен аудиторияларды жүзеге асуы. Оны қазақ тіліне сыпайы ғана орнықтырып  қоятын болсақ «    ұжымдық қарым –қатынас» деген ұғым пайда болады. Ал шын мәнінде ол ұғымды осы анықтама толық ақтап шығады ма? деген  сұраққа жауапты біз кейбір отандық және шетел  ғалымдарының  пікірімен  санаса отырып анықтауға тырысамыз.

     Коммуникация – терминінің алғашқы мағынасы (тілге ,сөйлеуге қатысты) «қарым- қатынас» тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі  кездерде   бұл   ұғым  одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация – тіл  арқылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе,  қоғамдық коммуникация – қоғамдық байланыс қоғамдағы   қарым- қатынас дегенді аңғартады.

    Қарым- қатынас (коммуникация) туралы «психолингвистические проблемы массовой коммуникаций» (М. Наука 1974) еңбегінде былай дейді: « общение, или коммуникация , – одна из сторон взаимодействия людей в процессе их деятельности». Бұл пікір де басқа ғалымдардың анықтамаларымен ұқсас. Яғни адамдардың қарым- қатынас жасауы  ( тіл арқылы). Олай болса «коммуникация» терминін біз қарым- қатынас деп алып қарастырамыз.

      «Коммуникативтік» термині жай тілдік қарым- қатынасты ғана емес, одан да гөрі терең мәні бар қоғамдық- әлеуметтік тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты, адамнан тыс қоғамда болмайды. Бірақ ол тіл жеке адамның тілі емес,  белгілі бір қоғамда өмір сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу қуралы. Сондықтан тіл  әрі қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.

   

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Анисомова О.М. Самооценка в структуре личности студента: автореф. дисс. на соиск. уч. степ. канд. психол. наук. 19.00.01. – Л., 1984. - 17 с.

2.Анкундинова Н.Г. Становление личности. Избранные труды. М., Смысл, 2000.

3.Ахметова Р. Егемен ел межесі-жастардың патриоттық серпілісі //Тәрбие құралы.-2009.-№4.-б.7

4.Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І.,Бекбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы: Басқару баспасы, 2009.-250бет

5.Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. –Алматы: Дарын, -2004. - Б.31-33.