М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

псх. магистрі Шукеева А.М. Есенгелдиева Т.

 

ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС ҚҰРАЛДАРЫ

Ұжымдық тілдік қарым- қатынастан толық мәлімет алу үшін оның құралдарына  яғни, коммуникациясының  түрлеріне тоқталып кеткеніміз жөн. Біздің жоғарыда келтірген дәлелімізде  ұжымдық қарым- қатынасты  іске асыруымыз үшін газет –журнал,радио, теледидар, кино сияқты ақпарат құралдары  қатысуы керек деп айтқан болатынбыз.  Міне, осылар қатынас жасаудың түрлері ретінде қарастырылады.  Ұжымдық қарым- қатынастың     сыртқы тіршілігіне жататын газет –журнал,радио, кино және теледидар қазіргі заман адамдарының күн көрісінің бір бөлшегі болып саналады. Ұжымдық қарым- қатынас құралдарының  үлкен мүмкіндігінің арқасында Адам өзін қоғамда, әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысып жүргендей сезінеді. Адам ойындағы әрекет қоғамнан тыс болмайды. Ұжымдық қарым- қатынас құралдары – адамның  қарым- қатынасының ерекше қоғамдық – мәдени әрекетін қалыптастыратын, ақыл- ойын жетілдіретін,  жаңа ойларын тудыратын амал. Күнделікті тіршілік тауқыметінен шаршаған адам жан- жақта болып жатқан оқиғалардан хабардар болғысы келеді. Ал ұжымдық қарым- қатынас  құралдары осы қажеттіліктерді  қанағаттандырып отырады.

   Ұжымдық қарым- қатынастың өзі сол ақпараттарды жинаудан, реттеуден, сараптаудан , таратудан туратын әрекет емес пе?! Ал қазіргі дамыған  қоғам үшін  ақпарат  әлемінсіз өмір сүру мүмкін емес. Техниканың түрлері көбейіп жатқан кезде  ақпараттарды әр түрлі жолдармен қабылдауға, таратуға жол ашып отыр.

    Сол ақпарат құралдарының өзі бір- біріне мүлдем ұқсамайтын ерекшеліктермен  дараланады. А.Байтурсынов: « баспасөз халықтың сөзі, құлағы һәм тілі», - деп бекер айтпаса керек.

     Ақпарат пен насихаттың бұқаралық құралдарының ішінде радио қуатты құрал болып отыр. Кеңес үкіметі құрылған күннен бастап радио қашықтықты білмейтін  қағазсыз газет деп бағаланады.

  Ал жазушы Ә. Нұршайықов радионы» өмір үні» деп бағалаған.                  Радиосыз өмір сүру қиын, адам сақаудай, саңыраудай күйде қалады»

  І.Жақанов: « Халық радионы өзінің рухани серігі етті. Радио халықтың өз үні боп сөйлеп, өз жүрегі боп соқты»,- деген еді.

 « Басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда әуе толқынынан берілетін хабардың азаматтың сана- сезіміне әсер етуіне деңгейі әлде қайда күшті. Өйткені радионың өзегі- сөз, тетігі   - техника, құралы- дыбыс».

 Орыс ғалымы Э.Г.Багиров радиоға мынандай сипаттама берді: «Сила  радио в его  вездесущности, пока что большей чем у кино, печати, и даже телевидение, в том что  оно распространяет свое влияние и на те же слои  населения которые еще не охвачены другими массовыми средствами радиосообщение, будь то  музыка или устная речь, легко воспринимается в любых условиях.

 Ұжымдық қарым- қатынастың  қарқынды құралының бірі                                телевидение. Ол- қарым- қатынас   әрекетімен іске асыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі қоғамда адамдардың 70 % - ы өздерінің  бос уақытын осы телерадионың алдында өткізеді екен. Радио  секілді  

ол да ақпарат таратудың үлкен мүмкіндігіне ие. Бірақ радиодан айырмашылығы онда ақпаратты таңдаумен қатар көру де бірге жүреді. Адам хабар қабылдағанда көзбен көру арқылы алған мәліметті естігеннен гөрі тез ұзақ есте сақтайтын көрінеді. « теледидар ерекшеліктерінің бірі, сол минуттарда болып жатқан жер шарындағы оқиғаларды 5 миллиард көрерменге қаз- қалпында боямасыз жеткізу.»     

    Теледидар арқылы алынған ақпараттың адам психикасына да әсері ерекше. Адам   экраннан көріп отырғанын тез ұғып, ондағы оқиғаларды барынша сезініп, өзі де сол оқиғаға қатынасып отырғандай әсер алады. «Теледидар дыбыс пен  көріністі астастыра отырып, коммуникацияның   мол мүмкіндігіне ие. Оқиға өтіп жатқан ортадан тікелей хабарлама бере отырып, теледидар газет пен радиоға қарағанда көрермендердің қатысушыларға деген әсерін қалыптастырады. Көрермен теледидарды бір мезгілде миллиондаған адамның көретіндігін, және теледидардағы хабарламаның соларға қаратыла айтылатындығын сезінеді.»

   Бұл пікірден теледидардың сан қырлы белгісін көруге болатын сияқты. Осындай тағы бірнеше пікір келтіруге болады. « Қазіргі заманда телевидение адамзат баласының өмірінде орасан зор орын алып, хабар мен насихаттың аса пәрменді құралына айналып отыр. Ал телевизияның дамуы сөз жоқ, ғылымның оның техникалық саласына байланысты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Анисомова О.М. Самооценка в структуре личности студента: автореф. дисс. на соиск. уч. степ. канд. психол. наук. 19.00.01. – Л., 1984. - 17 с.

2.     Анкундинова Н.Г. Становление личности. Избранные труды. М., Смысл, 2000.

3.     Ахметова Р. Егемен ел межесі-жастардың патриоттық серпілісі //Тәрбие құралы.-2009.-№4.-б.7

4.     Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І.,Бекбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы: Басқару баспасы, 2009.-250бет

5.     Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. –Алматы: Дарын, -2004. - Б.31-33.