Аубакирова Ж.К. психология      ғылымдарының кандидаты,

психология кафедрасының доценті  Туран-Астана университеті

 

Танирбергенова  А.Ш. педагогика ғылымдарының кандидаты,

психология кафедрасының меңгерушісі  Туран-Астана университеті

 

Ж.Б. Жаканова

«Тұран-Астана» университетінің педагогика және психология мамандығының магистранты

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Аннотация

Бұл мақалада бүгінгі таңдағы әр пәннің оқытылуы баланың жан-жақты дамытуды көздеуі, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамытуы, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мәселелерді жан-жақты шешу қажеттілігі сипатталады.

Түйін сөздер: шығармашылық қабілет, мектеп, оқушы, білім,

 

Қазіргі заман ағымына, өмір талабына сай егеменді еліміздің болашағы, тірегі – бүгінгі ұрпақ. Қай елдің болмасын ерекшелігін, сол мемлекеттің ғылым-білімінің, мәдениетінің дамуы – халықтың өзгешілігін таныту үшін маңызды.

Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы сондай болмақ.

Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту.

Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар білімді, дарынды балаларды дайындау, ана тілін жетік білетін балаларды дайындау мақсатымен жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдануда. Бүгінгі мектеп мұғалімдері әр сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр.

Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді.

Мектеп оқушысының бойында жасырып жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге тікелей әсер етуші қасиеттерінің бірі – шығармашылық қабілеті. Мектеп мұғалімінің басты міндеті осы шығармашылық қабілетті анықтап қана қоймай, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту.

 «Қабілет – индивидуальды – жеке бастық ерекшеліктер, бір адамды екінші адамнан айырып тұратын психологиялық ерекшелік. Қабілеттілікке кез-келген индивидуальды ерекшеліктерді жатқыза бермейміз, ол тек қандай да бір іс-әрекеттегі жетістікке жеткен ерекшеліктерді айтамыз[1, 108-б].

«Қабілеттілік – индивидуалды психологиялық ерекшеліктер, қандай да белгілі әрекеттегі нәтижелі жағдайды атайды. Қабілеттілік индевидтің білімдері, дағдылары мен меңгеруіне қатысты емес. Ол әрекеттің әдіс- тәсілдерін тез меңгере білуге қатысты анықталады» [2, 353-б].

Көптеген қабілетті зерттеген  авторлар, үш негізгі маңызды проблемаларды ерекше атап көрсетеді: қабілеттің шығуы мен табиғаты, қабілеттің мен типтері, қабілеттің қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары.

Адамның жасаған іс-әрекеті қанша кеңейіп, қанша жан-жақты дамыса, сонша қабілет пайда болып дамиды.

«Қабілет» түсінігі қандайда бір нақты тарихи іс-әрекетке байланысты анықталмайды. Қабілетті адамның жоғары жетістігі, оның жүйкелік-психикалық қасиеті мен іс-әрекеттердің талаптарына байланысты екен.

Танымал психолог А.В.Петровский қасиетті дәнмен теңестіреді, сондықтан оған даму қажет. Мұны А.В.Петровский  бойынша түсіндірсек, топыраққа тасталған дәннен масақ өсіп шығару үшін мынандай жағдайлар қажет: ылғалдылық, қалыпты температура және тағы басқалар. Сол сияқты адамның қасиеті бар, соны дамыту үшін жағдай жасалуы керек. Өмірде, тамаша қасиеттері бар адамдардың өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, жетістіктерге жете алмай қалғандардың мысалы жетерлік. Әрбір қабілеттің түпкі қасиеті болады деу әрине теріс пікір. Қасиеттер әр түрлі, соның негізінде әр түрлі қабілеттер жасалады[3, 67-б].

Кейбір оқушылардың ойлауы тез, кейбіреуінің – техникалық бейнелеуі жоғары,  үшіншісі – поэтикалық шығармаларды терең ұғынады және тағы сол сияқтылар.Кез-келген әрекеттің жетістігі қабілеттің үйлесімділігіне байланысты. И.П.Павлов адамның жоғары нерв әрекетіне байланысты үш типті атайды: көркемдік тип, ойлау типі, орташа тип[4, 10-б].

Оқушылардың қабілетін дамыту үшін меңгеру қажет, содан соң білімді шығармашылық тұрғыда қолдану, дағдыны қалыптастыру. Оқушылар өздерінің қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға мүмкіндіктері бар. Мектептегі оқыту мен тәрбиенің арқасында оқушыларға  белгілі бір қоғамдық тәжірибе беріледі. Оқу бағдарламасының күрделенген түрлерін меңгере отырып, оқушылардың қабілеттері дамиды. Білім жүйесін меңгере отырып, оқушылар сана операцияларын меңгереді және өзінің сана қабілеттерін дамытады. Сурет салу әдістерін меңгере отырып, көркем шығармаларды анализдеу тәсілін меңгере отырып, өзінің көркемдік қабілетін қалыптастырады. Қажетті білімнің, дағдының болмауы оқушы қабілетінің дамуын тежейді. Сонымен қатар, оқушы алған білім дәрежесі мен қабілет тең болады деу дұрыс емес[5, 53-б].

Міне, сондықтан мұғалім бір оқушының айтқан жауабына қанағаттанады, екінші біреуіне көңілі толмайды. Өзінің бұл әрекетін мұғалім қабілеті бар бала, бұдан да артық жауап беруге мүмкіндігі бар деп түсіндіреді.

 Л.С. Выготский пайымдауынша, оқыту мен тәрбиелеу үнемі дамудың алдында «озып отыруы» қажет, содан соң дамуды артынан тартады.  Л.С. Выготский пікірінше, даму оқытудың нәтижесі, функциясы болып келеді[6, 8-б].

Күнделікті өмір оқушының оқудағы үлгерімділігі оның қабілетін бейнелейді деп көрсетеді. Ғылыми пайымдаулар бойынша оқушылар өздерінің оқу белсенділігімен бір-бірінен ерекшеленеді. Осы ерекшеліктер оқушы үлгерімдігінің басты себептері. Бұған қабілеттің әсері болмайды. Оқушылардың өзіндік ісі – оның жетістіктерінің кепілдігі, белсенділік жоқ болса – басты психикалық функциялардың дамуы баяулайды. (ойлау, есте ерікті сақтау)

Шетел психологтары  Розенталь мен Якобсон сынып оқушыларының  мінез-құлқында өз міндеттерін өз еркімен орындауға, жауапкершілік сезімі жоғары және мұғалімнің айтқан тапсырмасын уақытында орындауға тырысып бағу қасиеті бар. Зерттеушілердің пікірінше, біріншіден, оқушылар қызығушылығының өзгермелі болуына қатысты, ал екіншіден, оқыту әрекетіндегі жаңалық элементтерінің болмауынан, яғни оқушының интелектуальдық сұранысы қанағаттанбайды. Осындай пікірмен танымал психолог, профессор  Б.Г. Ананьевте  келіседі[7, 123-б].

Сонымен, тек қана оқыту барысында, саналық қабілеттер қалыптасып, ал арнайы әрекеттерде (музыка, сурет салу) арнайы қабілеттер) музыкалық, көркемдік және тағы басқа қалыптасады.

Іс-әрекеттегі индивид:

1.     өз-өзін таниды, өз мүмкіндіктерін айқындайды;

2.     өз күш-қуатын сол әрекет тараптарына сай бұрмалайды;

3.     бойындағы жоқ қасиеттерді қалыптастырады.

Көрнекті психолог С.Л. Рубинштейн пікірінше, оқушы оқытылмай дамымайды, біраз оқыту мен тәрбиелеу барысында дамиды. Индивид өз қателіктері мен татып көруінің арқасында шешім іздеп, өз қабілетін тиімді пайдаланады. Бірақ осы жол көп күш-қуат пен уақытты талап етеді[8, 255-б].

Оқушының дарынын бастапқы дамыту кезеңінде, оның әрекеті репродуктивті және еліктегіштік сипатта болады. Өйткені баланың өмірлік тәжірибесі аз. Уақыт өте келе, оқушының шығармашылық қабілеті дамиды.

Оқушының шығармашылық қабілеті қалай тез дамыса, оның дарыны солай тез дамиды. Тек қана оқыту мен тәрбиелеу дамуына жақсы жағдай жасайды. Оның бойында жеке тұлға сапаларының түрлерін тәрбиелеген жөн. Мәселен, ұжымшылдық, өзіне-өзі талап қоя білу, өз әрекетін сынау және бағалай білгені жөн. Осыған байланысты, оқушылардың өз міндеттеріне дұрыс қарым-қатынаста болуы, өзінің жетістіктерін дұрыс бағалай білудің маңызы зор.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.        Ильина Т. Педагогика.- Алматы.: 1977.-484б

2.        Кабанова Мелер. Психология развития знаний и навыков у школьника.- Москва.:1982.-365 б

3.        Петровский В.Д. Общая психология. - Москва: 1977,-477б

4.        Психологический словарь.- 1983

5.        Краткий психологический словарь.- - Москва: 1974

6.        Выготский Л.С.Воображение и творчество в детском возрасте.- Москва.:1991. -90 б

7.        Ананьев Б.Г. Формирование одаренности.Склонности и способности-Ленинград.:1972.-268 б

8.        С.Л. Рубинштейн// Основы общей психологии – СПб: Питер.: 2000.- 720 с

 

Резюме

В статье рассматривается учение каждого субъекта обеспечить всестороннее развитие подростка, творческих способностей ребенка его независимости и развития деятельности в правильном направлении характеризуется необходимостью решения таких вопросов комплексно.

 

Resume

This article discusses the current teaching of each subject provide all-round development of the child, the child's creative abilities of its independence and the development of the activity in the right direction is characterized by the need to address such issues in a comprehensive way.

 

 

 

 

Ұялы телефоны: 8 775 89 89 691

Электрондық адресі: Lizzza-1991@mail.ru