Матаева Бақытгүл
Үкіжарқызы – магистр, «Психология және
коррекциялық педагогика» кафедрасының аға оқытушысы.
Ахыт Мақпал Ахытқызы
– тарих мамандығының 2 курс студенті.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ -
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ
Абай Құнанбаев - ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы
Қазақстанның оқу-ағарту ісі мен
мәдениетінің алға басып, өрістеуі жолында да аянбай
күрескен адам. Ұлы Абайдың қара сөздері
(оның ғақлиялары, өсиет сөздері деп те
жүрміз) қазақтың ұлттық педагогикасына асыл
арна болып қосылған педагогикалық тәлім-тәрбиелік
тұжырымдар. Данышпан кемеңгер ақынымыз көсем
сөз арқылы өзінің дүниетанымдық,
тәрбиелік ойларын жастарға баяндап, ұлттық- дәстүрлер
мен әдет-ғұрыптардағы кемшіліктерді айтып, елді
түзеп, ерді тәрбиелеуге терең ой жұмсаған. Әлемдегі кез -
келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім -
тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ
ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге
тырысады. Өйткені тәлім - тәрбиенің, адамгершілік
қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты
ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы
Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың
қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан - ақ
тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады.
Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының
ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының
өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие
береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан
қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай,
қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға
қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты
адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше
қара сөздеріне көңіл аударып көрелік.
Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да,
тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін
айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де
жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін
ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс.
Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз
болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы
ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы
қажет. Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері
жоғарғы ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын
надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады.
«Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша
келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік,
малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші
жерінде: «Ырыс - алды тірлік» дейді. Жанын қорғалап жаудан
қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан,
қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып,
дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады...
«Кеселді жалқау, қылжақ бас,әзір тамақ,
әзір ас,сыртың пысық, ішің нас,артын ойлап
ұялмас, - болып
жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ
бұйрықты өлімнің
өзі артық», - дейді. Ұлы ақын осы пікірін
өзінің «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде де
толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар - намысын
сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп жала жабу, ауызбіршіліктің
болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан,
мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен келіп
туатынын дәлелдей келе, ақын өзінің оқырмандарын
бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді.
Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да,
келешек ұрпақ үшін құндылығы да
осында.Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл,
жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам
үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп,
әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады
да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің
де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ
сынайды. Жеке – жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің
басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім
шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі
жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі,
яғни адам – адамды сүю, адам үшін қызмет етуді
бірінші орынға қояды.
Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы
үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі ( ақыл, қайрат,
жүрек ) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының
топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», -
дейді.Тап осы тәрізді, тағы бір үлкен адамгершілік
мәселесін қозғайтын шығармасы – «Отыз алтыншы
сөзі». Қара сөз ұят туралы. Өз кезегінде
ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның
түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі –
адамның балалық дәуірінде болатын табиғи
құбылыста, екіншісі – жасықтық, ынжықтықпен
байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялған ұялу –
ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мәніндегі
ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді.
«Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы,
иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп,
қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөз
де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің
жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың
тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне
қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді.
Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға
өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай
өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де
адамшылығы жоқ десе болар», - дейді. «Ұят кімде болса, иман
сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа
үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан да ұлы
ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл
бөліп, өскелең ұрпақтың ар – ұяттарын
таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің бүгінгі таңда да тәрбиелік мәні зор.
Абай қара
сөздерінің бір парасы имандылық жайында жетінші қара
сөзінде иман құдайға құлшылық,
құран сөздері айтылды. Ғалым Зинел - Әдбен
Бисенғали былай деді: «Тарихи роман жазу барысында Абайдың дін
туралы көзқарастарын былай қойғанда, материалистік
философияға келіңкірейтін пікірлері мен толғаныстарын
қалай бейнеуге болатыны туралы қаламгер талай ойлаған. Оны
алып тастаса, болмаса айналып өтсе, мүлде көрсетпес
өмірі мен шығармашылығы күрделі Абайдың
көркем бейнесін жазу дегеннің мүмкін еместігін
аңғарған» Бұдан түсінгеніміз гуманист М.
Әуезов те Абайдың дін жайлы көзқарастарын түрлі
әдіс - тәсілдер арқылы шебер қолданғаны «Абай
жолы» романынан көрінеді. Қара сөздердің өзегінде
қайшылықты пікірлер, толғаныстар көп, поэтикасы
бөлекше, тіл мен құрлысы ерекше. Ол туралы М. Әуезов
былайша ой түйіндейді: «Абайдың осы қара сөз дейтін
мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны
болып қалыптанады. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық
және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет,
толғау тәрізді».
Шынымен де, Абай сан сұраққа жауап іздейді. Қара
сөздеріндегі «қазақтың жалқау
болатұғын себебі не?», «үнемі уайым қайғыға
жан шыдай ма екен?» «Ырыс алды – тірлік дейді, бұл қай тірлік?»
«Осы ақылды кім үйренеді, насихатта кім тыңдайды?»т. с. с
Абай толғанысынан осындай сұрақ ақын жүрегін
тербегенін түсінеміз. Осылай ол өз көзқарасы бойынша
сол сұраққа жауапты іздейді.
Ұлы ақынымыз Абай
Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама
сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге
қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке
баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері
арқылы рухани азық
алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек
бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы.
Абай өлеңдерініңтақырыбы жан-жақты
әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты
өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әріжанға
жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді.
Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы
«қазақ қоғамының айнасы»деп те аталады.
Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл
қазынасы.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Абайдың қара сөзі. Семей, 2007
2. Абай.
Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
3. Абай. Қара сөздер.
Поэмалар.- Алматы: Ел, 1992.
4. Әуезов М. Абай жолы:
Роман-эпопея.- Алматы: Жеті жарғы, 1997.
5. Абай. Өлеңдер,
поэмалар, аудармалар, қара сөздер. - Алматы: Мектеп, 2007