Нурмаханов Азамат Нұрмаханұлы

Алматы қаласы

Орталық Азия Университеті

«6М010300- Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранты

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтік бейімделуіндегі өзгешеліктер

 

Бүгінгі таңда Қазақстандағы және ТМД елдерінің құрамына енетін көптеген республикалардағы аса көкейтесті мәселелердің бірі – балалардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы, денсаулығы, қоршаған ортаның өмiрiне белсенді қатынасуы, өздеріне және әлеуметке оңды қатынасы және оларды құқықтық жағынан қорғау. Бұл мәселелердің оңтайлы бір шешімі жетім балаларды дамытуға, тәрбиелеуге, оқытуға қатысты теориялық және практикалық педагогикалық, психологиялық негіздерді айқындаумен байланысты.

Тұлғаның әлеуметтік ортада бейімделуі олардың тәрбиелену мекемелеріндегі педагогикалық, психологиялық бағыт-бағдар мен үйреншікті өмір салтына қатысты дамуын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің ортаға психологиялық бейімделуін анықтауда балалар ауылы жағдайы шекті нәтиже көрсетті, бұл ондағы әлеуметтік жағдайлар себептерімен айқындалады. Балалар ауылында өз отбасында тәрбиеленетін қатарластарымен салыстырғанда өзбеттілік, өзіндік іс-әрекет, қарым-қатынас серіктесіне таңдамалыққа жағдайлар жасалмайды. Ал балалар үйі жеткіншектерінің бейімделу көрсеткіштерінің аз да болса жоғары нәтижесі, ондағы балалар санының артықшылығы мен тәрбиешілер назарының кемшілігімен түсіндіруге болады. Мұнда тәрбиеленушілердің, барлық жеткіншектерге тән, жасырын өзбеттілік таныту мүмкіндітері басым болады, алайда бұл жағдай қоршаған ортаның жағымсыз ықпалдарынын қорғай алмайды.

Балалар үйінде тәрбие алатын жеткіншектердің қарым-қатынасының тиімділігін анықтауда эмоциялық жай-күй, соның ішінде агрессияның көрінісі сипаттаушы рөл атқарады. Біз өз зерттеуімізде А.Басс және А. Дарктың агрессия көрсеткіштері мен түрлерінің маңыздыларын анықтау үшін ұсынған сауалнамасын қолдандық. Әдістеме авторлары төмендегі агресстия түрлерін көрсеткен:

1. Өзге тұлғаға қарсы өз күшін жұмсау – күшке негізделген агрессия.

2. Түр арқылы жағымсыз сезімдерді білдіру (ұрсыс, айғай, шыңғыру), өзге тұлғаларға сөйлеу мазмұны арқылы (қорқыту, қарғау, жанжал) – вербалды агрессия.

3. Бұрма жолды пайдалану арқылы өзгелерге  бағытталған өсек, қалжың және бағытталмаған, ретсіз, қатты ашулану (айғай, аяқты топырлату және т.б.) пайдалану – жанама агрессия.

4. Оппозициялық мінез-құлық, беделді мен басшылыққа қарсы бағытталған, селқос қарсыласудан белсенді іс-әрекетке  дейін талаптар, ереже, заңға қарсылық – жағымсыздық.

5. Ашулануға бейімділік, кішігірім қоздырғышта ызалану, қатыгездік, дөрекілікке бейімділікте көрінеді – ашулану.

6. Айналадағылар зиян келтіруді көздеп жүр деген пайымдаулардан  адамдарға сенімсіздікпен және сақтықпен қарауға бейімділік – күдікшілдік.

7. Шынайы немесе болмашы азапқа  ашу шақырып, нақты біреуге немесе бүкіл әлемге наразылық сияқты сезімдерден туындаған  айналадағыларға деген жек көру және көре алмаушылықтың көрініс табуы – реніш.

8. Тексерілушінің өзін жаман адам деп есептеуінен, дұрыс  істеп жүрген жоқпын деген өзінің пайымдауынан туындайтын өзіне және айналасындағыларға қатысты әрекеттері – аутоагрессия немесе өзін кінәлі сезіну.

Сауалнама мотивациялық бұрмаланулардан сақтанбағандығын және эмоциялық салада агрессиясының көріну формасы мазасыздықтың даму деңгейіне байланысты екендігін ескере, алынған нәтижелердің сенімді екендігін қосымша әдістеменің көмегімен тексеруде Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздығының деңгейін анықтау» әдістемесін пайдаланды.

Зерттеу нәтижесі бойынша жетім жеткіншектердің эмоциялық жай-күйін қарастыру міндеті қойылғандықтан күшке негізделген агрессия емес, өзара әрекеттестік пен өзара қатынастағы вербалды, жағымсыздық, реніш, күдік сияқты агрессия белгілері қарастырылды (кесте 1).

 

Кесте 1 - Жеткіншектердегі агрессия түрлері мен көрсеткіштері

 

БҮ (%)

БА  (%)

ТО  (%)

1

Күшке бағыттылған агрессия

11

9

15

2

Вербалды агрессия

14

14

14

3

Жанама агрессия

14

12

8

4

Жағымсыздық

15

14

13

5

Ашулану

10

14

13

6

Күдікшілдік

9

10

15

7

Реніш

11

15

12

8

Аутоагрессия не өзін кінәлі сезіну

6

12

10

 

Сонымен, балалар үйіндегі жеткіншектердеің тұлғалық мазасыздығына қарағанда реактивті мазасыздығының жоғары болатындығы анықталды.

Эмоциялық саладағы агрессиясының көріну формасы мен мазасыздықтың даму деңгейінің байланысын негізге ала, балалар үйіндегі  жеткіншектердің тұлға мазасыздығы мен вербалды агрессиясының байланысы Спирменнің корреляция кэфиценті көмегімен анықталып, дәлелді көрсеткішін танытты: rэмп= 0,719, ал r0,01= 0,05, яғни rэмп r0,01, байланыс сенімді.

Балалар ауылындағы тәрбиеленушілердің де вербалды агрессиясы мен жеке тұлғалық мазасыздығы өзара айқын байланысты болды rэмп=0,610, r0,01=0,51, яғни rэмп r0,01, екі шама арасында байланыс бар.

Жалпы мектеп оқушыларының вербалды агрессиясы жетім жеткіншектерден кем түспегенімен, тұлғалық мазасыздықпен байланысы rэмп=0,213 ғана болды, ал r0,01=0,40, олай болса, толық отбасында тәрбиеленетін жеткіншектердің тұлғалық мазасыздығы мен вербалды агрессиясы арасында байланыс жоқ.

Жағымды қатынас, ересекке сену оқу-тәрбие процесінің позитивті эмоционалды негізін қалайды, баланың оқу іс-әрекетімен айналысуға тілегін туғызады, танымдық мотивтердің қалыптасуына септігін тигізеді. Ал, ересекке жағымсыз қарым-қатынас болса осының бәріне теріс әсер етеді. Балалар үйі тәрбиешісіне теріс қатынас жалпы сирек кездессе де, қақтығысты қарынас жиі көрініс беріп жатады. Жеткіншектеің тәрбиешіге деген қақтығысты қатынасы орын алса оның танымдық мотивтерінің қалыптасуы тежеледі, өйткені ересектермен қарым-қатынас қажеттілігі оған деген сенімнің болмауымен сәйкес келеді, нәтижесінде мұғалімнің іс-әрекетіне де күмәндану пайда болады, кей жағдайларда ересектерге деген қорқыныш туады. Мұндай балалар тұйық, өкпешіл, енжар, мұғалімнің айтқандарын қабылдамайтын болады. мұғаліммен қарым-қатынаста тіл алғыштық көрсетуге мәжбүр болады.

Сонымен балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектердің әлеуметтік психологиялық бейімделуін айқындаушы эксперимент нәтижелерін қорытындылайтын болсақ, балалар ауылы және балалар үйі түріндегі жетім балаларды тәрбиелеу мекемелеріндегі жеткіншектердің әлеуметтік бейімделуі өз отбасында тәрбие алатын қатарластырымен салыстырғанда төмен дәрежеде екенін көрсетті. Жетім балалардың қарым-қатынас салысының тұлғалық бағыт көрсеткіші жеткіншектер үшін ортақ мәнде болатынын айқындады. Толық отбасындағы жеткіншектерге де, балалар үйінде тәрбие алатын жеткіншектерге де «өзіне бағыттылық» тән. Осымен қатар балалар үйі және балалар ауылында тәрбие алатын жетім жеткіншектердің вербалды агрессиясы тұлғалық мазасыздығымен түсіндірілетіні анықталды, ал жалпы мектептегі жеткіншектер үшін тұлғалық мазасыздық вербалды агрессиямен байланысы болмады.

Пайданылған әдебиеттер:

1             Изард К. Психология эмоций / Перевод с англ.- СПб.: Изд. «Питер», 1999. - 464 с.

2             Намазбаева Ж.И. Психология: оқулық. - Алматы: «Prints», 2005.-296 б.

3             Намазбаева Ж.Ы., Сангилбаев О.С. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. - Алматы: «Prints», 2005.- 250 б.

4              Ерментаева А.Р. Тренинг педагогического обшения: этнопсихологический подход. - Усть-Каменогорск, 2003. - 137 с.