Аға оқытушы, дизайн магистры Туребекова А.С.
Студент, Әкеева А.Ә.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
МАКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ЖАСАЛУ
ҚАҒИДАЛАРЫ
Дизайн – көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең
үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны
үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн
қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем
жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың
қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып,
ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. Америка Құрама Штатында пайда болды.
"Дизайнер"
термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық
жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын.
1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер
әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды.
Ақын және дизайнер Вильям Морис 1880 жылдары фабрика
бұйымдарына қарсылығын білдірді. Ол қол
өндірісіне қайта көшу үшін "Өнер және
қолөнер" қозғалысын бастады. Шансорғыш
сияқты алғашқы электр құралдары көрер
көзге кескінсіз болды. Қәзіргі уақытта біз үй
құралдарының тек жақсы жұмыс істейтініне
ғана емес, үй ішіне үйлесімділігіне де мән беріп
жатамыз, соңдықтан дизайн - қазіргі тауарларды шығарудың
маңызды қасиеті.
Ежелгі
заманнан миниатюрлы бейнелерді сәулетті және конструктивті шешімдерді
тексеру үшін, ойластырылған ғимараттың мінсіз
құрылымы мен бейнесін іздеу үшін пайдаланған. Сонымен
қатар, макеттің негізгі функциясы болашақ объектті
көрсету болып табылады, бұның дәлелі түрлі
уақыт пен орындардан келген.
Үй
мен шіркеулердің модельдерін б.д.д. Х – Vғғ. ежелгі Мысыр мен
Месопотамияның қазбаларынана табылған. Ежелгі Грецияда
макеттерді кеңінен пайдалануға, ғимарттардың
сәулетті және конструктивті параметрлерін бағалауға
Аристотель мен Архимедтің (б.д.д. IV - IIғғ) куәліктері
көрсетеді.
Ежелгі
Үндістан мен Қытайдан табылған діни және сәулетті
макеттер сақталған, Х – ХII ғғ.жатады.
Қайтаөрлеу
дәуірінде бейнелеу өнерінде жаңа мүмкіндіктердің
пайда болғанына қарамасатан (сыршырай технологмясы мен
сызықты перспективаның дамуы) сәулетті макеттеу өз
позицияларын жойған жоқ, керісінше гүлдену кезеңінен
өтіп жатыр. ХIV ғ. ортасынан бастап итальяндық
сәулетшілер макеттерді жасау үшін
мүсіншілерді, ағаш ұсталарын шақыртқанын
көрсететін архивты мәліметтер пайда бола бастады. Дәл осы
итальяндық қайта өрлеу кезеңінде Римдегі Әуле
Петр соборының макеті және Санта Мария дель Фьоре кафедральды
соборының күмбезінің макеті сияқты жауһарлар
жасалған.
Макет (фр maquette – масштабты модель, итал. Мacchietta,
кішірейту macchia – ден) – кішірейтілген масштабтағы немесе
шынайы өлшемдегі объектке, қойылатын функционалдылықытан
айырылған, объектті таныстыруға арналған, объект моделі.
Макет объект
жасаудың жобалық және зерттеу идеясын тексеруге
арналған сынамалы тас болып табылады; ол графикалық шартты
шарасыздығы бар, жылдам эскиздеудің кемшіліктерін жеңйге
мүмкіндік береді. Макеттердің суреттері мен фотолары
графикалық өтеу жасауға мүмкіндік беретін бұйым
жайында тексерілген мәліметтерді қамтамасыз етеді. Макеттің
көрнекілігі жобалық ұжымның қатысушыларының
жұмысын қысқартады (конструкторшылар, технологтар,
материалтанушылар, эргономисттер, тұтыну саласының өкілдері).
Макеттеу бұл – жобалық – зерттеу
модельдеудің тағы бір формасы, көлемді суретте модельдеу.
Макет көлемді – кеңістікті құрылым жайында, өлшем
жайында, пропорция жайына, беткейдің сипаттамасы жайында, оларды
пластикасы, түстік – фактуралы шешімдер ж.т.б.жайында мәлімет
береді.
Макеттің екі
түрі бар: алғашқы жасалған және тазасы. Жасалатын функциясына қарай
макеттер ізденістегі және көрсетілетін болып бөлінеді.
Алғашқы
жаслған макеттің көмегімен жобалық шешімдер
бөлектеліп өңделеді және анқталады. Олар суретші
– құрастырушының кәсіби жұмыс
құралдарына жатады. Әдетте оларды жұмсақ
материалдан мұқият әрлеусіз жасайды, осыдан аты
шыққан – алғашқы жасалған макеттер. Бұндай
макеттер белгілі бір бұйымды жасауға қатысатын мамандар мен
суретші – құрастырушылардың бірігіп жұмыс жасауға
ранлған. Оларды тағы жұмыс және ізденістегі деп те
атайды.
Ізденістегі макеттер
аяқталуының түрлі дәрежесіне ие және
бөлшектеліп және толығымен жасалу мүмкіндіктеріне
рұқсат етілген. Ізденістегі макеттердің
артықшылықтары мен кемшіліктері жылдам табылады, өйткені
суретші – құрастырушы жасалатын бұйымның мүмкін
болатын сапасын елестетуге мүмкіндік беретін , аяқталу
дәрежесіне дейін жасалған пішінді оймен бөлшектеп
құрастырады. Ізденістегі макеттердің аяқталмауы,
ондағы шешімдер мен ойларын жуық шамалап көрсетіп,
олардың функциясын таза шығармашылық етіп жасайды. Ізденіс
тәсілімен бұйымды бір бүтін
сияқты, оның бөлшектерінің де көркемдік –
конструкциялық шешімдерін анықтайды.
Ізденістегі макеттен
соң таза макетке өтеді, оны берік және мықты
материалдан жасайды (пенопласт, гипс), себебі әр жоюалық
мәселе белгілі бір макетті материалмен шешіледі
Қорыта айтсақ, макеттер
өңделу дәрежесі, пайдаланылатын материалы, масштабы бойынша
ажыратылады. Макетің
көмегімен түрлі мәселелер шешіледі – бұйым
нұсқаларын шағарудан бастап – оның арнайы
сынағына дейін (аэродинамикалық, органолептикалық, беріктік
т.с.с.), сондықтан макеттер түрлі болуы мүмкін.
Макеттердің
классификациясы жобалау функциясына байланысты біршама шартты, өйткені
кез – келген макет түрлі роль ойнайды: белгілі бір жағдайда
ізденістегі макет көрсетілетін макет ретінде бола алады, ал
көрсетілеті макет жасалу прцессінде конструктивті, композициялық
немесе басқа да қателіктерді жою мақсатында ізденіс
жүргізуге болады. Жобалауда
макеттеудің функциясына пайдаланылатын материалдар, әсіресе
олардың дайыналуы тәуелді. Ереже бойынша макет жасайтын материалдар
неғұрлым қол жетімді болған сайын олардың жасалу
технологиясы соғұрлым қарапайым болады, және де
оның көмегімен жобалау мәселесінің шешімі жылдам
әрі кең болады.
Әдебиет:
1. Ковешникова,
Н. А., Дизайн: история и теория:Учеб. Пособие. – М.: Омега-Л, 2005.
2. Иванов, Ю.Н.
Перепланировка, ремонт и дизайн квартиры [Текст] / Ю.Н. Иванов.- Москва: АСТ: Астрель: Хранитель, 2007.-
311 с.:ил.- (Строительство и дизайн).
3. Дизайнерские
идеи для дома и дачи [Текст]
/ М. Максимова, М. Кузьмина.- М.: Эксмо, 2005.- 80с.:ил.