Қосаева
Д. У., Сансызбаева Н.Б.- магистрант,
Мырзахметова Б.Б – PhD доктор БЗХТ,
Тулешова К.Т.-
техника ғылымдарының кандидаты
Оңтүстік
Қазахстан педагогикалық университеті, Шымкент қаласы
Аннотация
В данной статьи рассматриваются рекомендации организации процесса билингвального
обучения химии использовав
различные методы, методические приемы, средства и формы организации учебной деятельности,
выбор которых зависит от целей и задач урока, содержания изучаемого химического
материала и уровня химической и языковой подготовки учащихся.
Химияны билингвалды оқытуда әр
түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады: сөзбен,
көрнекі, тәжірибиелік. Әр әдіс негізгі бес кезең
арқылы жүзеге асады: дайындық, таныстыру, талдау,
қолдану және қорытындылау. Әр кезеңде әр-
түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады [1].
Дайындық кезеңінде алдын
ала оқушылардың тапсырманы орындауға ынтасын ояту,
қимыл алгоритмын анықтау мақсатында билингвалды
әңгіме жүргізіледі. Билингвалды әңгіме екі тілде (ана
тілі, шет тілі) жүргізіледі. Оның мақсаты
оқушылардың жаңа қызмет түріне дайындығын
айқындау, билингвалды қимылдың алгоритмын анықтау болып
табылады.
Таныстыру
кезеңінде оқушы келесі әрекеттерді жасайды:
Химиялық информацияны билингвалды түрде мұғалімнен алады (ана тілінде немесе шет тілінде) да, өздігімен әр түрлі көздерден іздейді.
Химиялық информацияны ана тілінде немесе шет тілінде қабылдайды (оқу немесе тыңдау).
Талдау кезеңінде
алынған информацияны ана тілінде немесе шет тілінде мына кезеңдер
арқылы өңдейді:
· Алынған химиялық информацияны
талдау (қандай сөздер, түсініктердің
маіынасын түсіну, түсінбегенін қалай түсінуге болатынын);
· Сөздікпен және
грамматикалық анықтамалармен жұмыс жасау;
· Лексикалық белгізіз сөздерді
билингвалды химиялық сөздікке жазу;
· Ана тілінен шет тіліне аудару, немесе керісінше;
Қолдану кезеңінде оқушы алған
химиялық информацияны
мыналарға қолданады [2]:
· Билингвалды коммуникацияға (оқушыларды
ана тілінде немесе шет тілінде жағдайға байланысты
әңгімеге баулу: алған информацияны талқылау, өз
көз қарасын ұсыну және дәлелдеу, дискуссия,
баяндама жасау, оқушыларда қиындық туындаса, өз ана
тілінде талқылайды);
· Жазбаша тапсырма орындау (тест, диктант, жаттығу, есеп шығару, т.б..) немесе практикалық тапсырманы орындау (химиялық эксперименттеу, құрастыру, модельдеу).
Қорытынды кезеңде соңғы
билингвалы әңгіме жүреді
(оқушылардың ана тілінде немесе шет
тілінде алынған жазбаша, тексеру жұмыстарының
нәтижелерін талқылау).
Химияны билингвалды оқытудың
оқу жұмысын ұйымдастырудың келесі түрлерін атап
өтсек болады: фронталды, топпен, жұппен, жеке.
Оқу жұмысынының
фронталды түрі
әңгіме арқылы, оқу дискуссиясында,
дидактикалық картамен жұмыс жасағанда, жаттығулар
орындауда, химиялық есептер шығаруда, дидактикалық ойындарды
биллингвалды түрде жүргізгенде жүзеге асады. Биллингвалы
оқытуда фронталды жұмыстың кемшілігі шет тілін меңгеру
деңгейі есептелінбейді,
оқушылар тапсырмаларының дифференциясы жоқ.
Оқу жұмысының
топптық түрі жаттығулар орындау, есептер
шығару, ойындар ойнау барысында жүзеге асады. Билингвалды оқытуда
оқушылардың тілді меңгергеніне байланысты топ
құруға болады. Бұл жағдайда тапсырмаларды
әр түрлі деңгейде беруге болады:шет тілін жетік
меңгерген оқушыларға - «А», шет тілін жақсы
меңгерген оқушыларға - «В»,шет тілін қанағаттарлықтай
меңгерген оқушыларға - «С». Топ шет тілін меңгеру
деңгейі әр түрлі оқушылардан құралады,
сондықтан химиялық тапсырмалардың мазмұны барлық
топтарга бірдей. Топ құрудың негізі ретінде оқушылардың
химиялық дайындығын алуға болады. Бір топқа тілдік
деңгейі әр түрлі, бірақ химиялық білімі мен
дағдысы бірдей.
Оқу жұмысының
жұппен жұмыс жасау түрі екі
оқушының бір бірімен бірігіп жұмыс жасауы, олардың тіл
меңгеру деңгейі бірдей немесе әр түрлі болуы
мүмкін. Жұппен жұмыс жасау эксперимент жүргізу, лабораториялық
және тәжірибиелік жұмыстар, жаттығулар орындау,
дидактикалық карталармен жұмыс жасау барысында жүзеге асады.
Оқу жұмысының жеке
жұмыс жасау түрінде оқушылардың өзара тіл
және химиялық білімді меңгеруі ескеріле отырып, тапсырмалар
екі критерий бойынша сипатталады: химиялық білім деңгейі мен шет
тілін меңгеру деңгейі. Жеке жұмыс есептер шығару, тест
пен жұмыс жасау, билингвалды сөздіктер жазу, интернет желісімен
жұмыс жасау арқылы жүзеге асады.
Билингвалды химиялық тілді
меңгеру және дамыту мақсатында, оқушылардың қызығушылығы
мен қажеттілігін ескере отырып, Интернет желіден оқытудың
әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады [3].
Мысалы «Көміртек» (“Carbon”) тақырыбын өтуде
оқушыларға компьютерлік презентация жасауға тапсырмамынадай
тақырыптарға беруге болады: «Көміртектің
аллотропты модификациясы (“Allotropic modifications of carbon”), «Гауһар
тастын түрлері мен қасиеттері» (“Properties and Types of
Diamonds”), «Үлкен гауһар тастың тарихы» (“The History of
great diamonds”), «Графиттің қасиеті мен қолдануы» (“Properties
and uses of graphite”), «Фуллерендер» (“Fullerenes”). Оқушылар
ағылшын тіліндегі Интернет сайттарын пайдалануға, презентация
слайдының соңында қолданылған көздерге сілтеме
келтіреды. «Металлдар» тақырыбында ағылшын тілінде
қабырғагазетін жасауға тапсырма беруге болады, мынадай
тақырыпта: «Металлдар мен балқымаларың қолдануы» (“Uses
of metals and alloys”), «Металлдардың биологиялық рөлі» (“The
Biological Role of Metals”), «Металлдар адамзат тарихында» (“Metals in Human
History”) және т.б.
Әсіресе 9 сыныпта химия элементтерін
оқытуда осындай жұмыс түрлерін тапсырма ретінде беру
өзекті, өйткені бұл уақытта оқушыларда шет
тілінде лексикалық миниму қалыптасады, пайдаланылатын терминдер мен
сөздер жатталынады.
Химия пәнін билингвалды әдіспен
оқытушы мұғалім шет тілін жетік меңгеруі тиіс,
әсіресе химия пәнін ғылыми сөзбен жеткізуі тиіс.
Билингвалды оқыту тәсілдерін химия пәніне енгізбестен
бұрын, мұғалім оқушылардың шет тілін
меңгеру дайындығын анықтау керек, оны жүзеге асыру
үшін, ағылшын тілі сабағына қатысып, ағылшын
тілінің мұғалімімен ақылдасуы тиіс. Содан соң
ғана химия пәніне билингвалды әдісті енгізуді жоспарлау
қажет. Мұғалімнің сабаққа дайындалу
қадамдары мыныадай [4]:
· Билингвалды оқытуда химия
сабағын өту барысында оқушыларды бақылап, оларда пайда
болған қиыншылықтарды анықтап, оларды
болдырмаудың алдын алу;
· Химия пәнінен шет тілінде әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасау;
· Химиялық информацияны ана тілінде және шет тілінде жинақтау;
· Химиялық материалды меңгеру үшін лексикалық минимумды анықтап, жаңа сөздердің аудармасын келтіру;
· Оқушылардың химиялық және тілдік дайындығына байланысты әдістемелік тәсілдер мен биллингвалды оқыту түрлерін таңдау;
· Таңдап алынған әдістер мен билингвалды оқыту түрлеріне байланысты сабақтың жоспары мен конспектін жасау;
· Дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды ана және шет тілінде жасау(компьтерлік презентация, видеоматериалдар).
Билингвалды оқыту процессінде
мұғалімнің қызметі мынадай:
·Оқушылардың алдында билингвалды
оқытудың алгоритмін айқындау;
·Химиялық информацияны билингвалды
түрде жеткізу (ауызша әңгімелеу, әңгімелесу, жазбаша
текст, видеоматериал және т.б.);
·Билингвалды оқытудың әр
түрлі құралдарын беру: сөздіктер, дидактикалық
материалдар, сызбалар т.б.
·Оқушыға билинвалды жұмысында
көмек көрсету;
·Оқушылардың билингвалды жұмыстарын тексеру;
·Жұмыстардың қорытындысын шығару
Сонымен, билингвалды оқытуды химия пәніне ендіруді ұйымдастыру мақсатында сабақтың міндетіне, оқушылардың химия білімін және шет тілін меңгеру деңгейіне байланысты мұғалім әр түрлі методикалық тәсілдерді, құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдануына болады,
Қолданылған әдебиеттер
1. Багироков, X. 3. Билингвизм :
теоретические и прикладные аспекты (на материале адыгейского и русского языков)
Текст. : Монография / X. 3. Багироков. Майкоп :
Изд-во АТУ, 2004. - 316 с.
2. Билингвальное обучение: опыт, проблемы,
перспективы Текст. : Сб. науч. тр. / Под ред. Р. С. Баура, Т. Н. Кучеровой, А\ Я.
Минора, К. Вендеротта. -Саратов : Изд-во Сарат. ун-та, 2004. 236 с.
3. Борунова, Е. Б. Методика изучения химии
в школе в условиях интеграции'с английским языком
текст. : Автореф. дис. .
канд. пед. наук / Е. Б. Борунова.
М., 2010. - 20 с.
4. Борунова, Е. Б. О реализации межпредметных связей химии с английским языком Текст. / Е.Б. Борунова, Н.В., Перевозчикова, И.М. Сипатова // Химия в школе. 2010. - №1. - С. 26-35.
5. Габриелян, О. С. Проблемы' современного школьного химического образования и пути их решения Текст. / О: С. Габриелян, С. А. Сладков // Химия : Прилож. к газете «Первое сентября». — 2007. —№16. С. 1-7.