Бельгибаева Қ.Қ., ғылыми жетекшісі,
э.ғ.к., доценті АҚ
«Нархоз» Университеті,
Рыспекова Н.С., Әбіхан А.Б., «Статистика»
мамандығының IV курс студенттері
Шағын кәсіпорын ресурстарын пайдаланудың
нәтижелерін талдаудың аспектілері
Өзектілігі. Елде шағын және
орта кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық
маңыздылығы оның
әлеуетін айқындалатын, материалдық және
материалдық емес ресурстарды тиімді пайдалану тұрғысынан,
тауарларға ішкі сұранысты қанағаттандыру, қызмет
көрсету және импортқа тәуелділікті азайту, сонымен
қатар жұмыссыздықты азайтып қана қоймай,
салық арқылы бюджетке де пайда алып келеді. Жеке
кәсіпкерлерлікпен заңды білімі жоқ азаматтар, жеке
тұлғалар айналысады [1, 2]. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
үдемелі индустриялық-инновациялық даму және «Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламасы 2020 жылға дейінгі Қазақстан
дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында
кәсіпкерлік мәселелері бойынша үйлестіру кеңесі
құрылды. Ол маңызды экономикалық сұрақтарды
қарауға және мемлекеттік органдардың жұмысын
үйлестіруге, кәсіпкерлікпен қатар бизнес
өкілдіктерінің даму басымдықтарын шешу үшін
құрылған. Демек, осыған орай шағын
кәсіпорындардың саны артқанын айта отырып, бұл
еліміздің жұмыссыздық деңгейін
төмендететінің білеміз. Яғни салық арқылы
бюджетке ақша түсіп, мемлекет экономикасының дамуына
үлкен ықпал етеді.
Нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорынның өзіне
тәуелсіз серіктестерінің, бәсекелестерінің және
басқа меншік иелерінің алдында өзінің
қаржылық қызметінің нәтижелері үшін
толық жауапкершілікте болуы үшін қажет.
Әдебиеттерге
қысқаша шолу. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайы туралы түсініктемелері В.М.Родионов мен М.А.Федотов ғылыми
жұмысында берілген. Шағын
кәсіпорындардың экономикадағы рөлі және
мазмұны, факторлық талдаудың әдістемесі туралы Қ.Қ.Белгібаева,
Ю.К.Шоқаманов ғылыми еңбегінде қарастырылған.
Негізгі қағидалары қаржылық талдаудың Т.Ж.Демесінованың
оқу құралында жазылған.
Талдаудың әдістері. Зерттеудің негізгі әдістері
қолданылған: жалпылама
көрсеткіштер әдісі, динамика қатарлары, аналитикалық
тегістеу, факторлық индекстік талдау жасалынды.
«Қаржылық жағдай»
ұғымы әр түрлі ұғыммен түсіндіріледі.
Олардың бірі ретінде, кәсіпорынның қаржылық
жағдайы қаржы құралдарының құрылуы
мен қозғалысын көрсететін көрсеткіштер
жиынтығынан құралады. Кәсіпорынның
нарықтық экономикада қаржылық жағдайы оның
өндірістік әрекетінің қорытынды нәтижесін
көрсетеді. Кәсіпорынның қорытынды нәтижесі тек
мекеменің жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар
оның бәсекелес мекемелерін, мемлекеттік, қаржылық
және салық органдарын қызықтырады [3,7б].
В.М.Радинова мен М.А.Федотова
бұл ұғымды былай деп түсіндіреді: «Кәсіпорында
тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан
артық болуы өзіне тән негізі – қаржылық тұрақтылық.
Ол ақша қаражаттарын еркін қолданып, оларды тиімді
қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ
кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға
қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның
қаржылық, ресурстық жағдайын сипаттайды.
Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның
жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып
есептеледі» [3,16б].
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайының тұрақтылығы
оның қаржылық тәуекел жағдайына байланысты.
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның
қаржылық жағын немесе қаржылық келісім жүргізгенде
туындайтын жағымсыз жағдай. Кәсіпорынның
қаржылық тәуекелінің жағымсыз салдары табыс
көзінен немесе капиталынан айырылуға алып келеді.
2017 жылдың 1 сәуіріне
Қазақстан Республикасындағы тіркелген шағын
кәсіпкерлердің саны 1524686, ал жұмыс істеп тұрған субъектілер 1153595 саны. [4]. Сонымен,
Қазақстанда тіркелген шағын
кәсіпорындардың 75,6%-ы нақты жұмыс істейді.
Салыстырмалы талдау әдісін салыстыра отырып елімізде
жұмысын белгілі бір себептермен тоқтатып отырған мекемелер
саны 371091, оның ішінде заңды тұлғалар 125937 мекеме,
дара кәсіпкерлер саны 236449 және шаруа немесе фермерлер
қожалықтарының саны 8705 мекеме. Бұл жерден көріп
отырғанымыздай тіркелген кәсіпкерліктердің санына
қарағанда, жұмыс істеп тұрған
субъектілердің саны анағұрлым төмендеп отыр. [4].
Демек, заңды тұлғалардың
жұмыстарын тоқтатудың бірден себептері ол, бәсекелестің
жоғары деңгейі мен банкроттықты уақытында болжап
және келешекте одан сақтана алмау. Дара
кәсіпкерлерді кәсібін
тежеуші фактор ретінде ірі
көлемдегі сауда-саттық орындары бәсекелеспен нарықтан
ығыстырады. Ал, шаруа немесе фермерлер қожалықтарынның
негізгі құралдарының тозуы, істен шығуы және
қымбаттауы қызметтерін тежейді. Сондықтан
кез-келген салада нарық жағдайында үлкен бәсекелестік
болады. Осы жағдайға төтеп беру үшін, өз
саласында ең жақсы болу керек. Сондықтанда кәсіпкер
кәсібін дамыту жағынан алға жүруі қажет
және ол өте маңызды.
1 -суретте 2017 жылдың 1 сәуіріне Қазақстан
Республикасында тіркелген субъектілер
мен қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған шағын
кәсіпорындардың үлесін салыстыра келе, дара
кәсіпкерлердің тіркелгенінен жұмыс істеп
тұрғанының үлесі 1%-ға артқанын
байқаймыз, сонымен қатар заңды тұлғалардың
жұмыс істеп тұрғаны 5%-ға азайса, шаруа немесе фермерлер
қожалықтарының тіркелінен оның жұмыс істеп
тұрғаны 3%-ға өскен. [4]
1-сурет – 2017
жылдың 1 сәуіріне тіркелген субьектілер және қазіргі
таңда жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың
құрлымы.
Ескерту: авторлармен
тұрғызылған
Яғни, кәсіпкерліктердің
санының артуы, ол еліміз үшін маңызды болып табылады.
Жаңа жұмыс орындарының ашылу яки,
жұмыссыздықтардың саны азаяды.
Бұл зерттеуде шағын
кәсіпорын - «AlmatyLiftEng» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің (ЖШС) әрекеттерінің нәтижелері
қарастырылды. Мекеме 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. «AlmatyLiftEng» ЖШС Оңтүстік
Қазақстан Облысын лифттік құрылғымен
қамтамасыз ету үшін құрылды. Мекеменің
мақсаты: «әрбір үйге жаңа технологияның көмегімен
көтермелі тасымалдау құрылғысын тарату, көтермелі
тасымалдау құрылғысын кепілдікпен орнатып, барлық
қызмет түрін сапалы және сенімді көрсету». Кәсіпорынның лицензияланатын
кішігірім келесідей қызмет көрсету түрлері:
Құрылыс конструкцияларын монтаждауды, көтергіш-көлік
машиналарының (лифтілердің, эскалаторлардың, шахта көпір
мен көтергіштерінің, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш
құрылғылар конструкцияларын). Кәсіпорын
халықаралық серіктестермен жұмыс істейді.
Кәсіпорынның
өндірістік-шаруашылық қызметінің қаншалықты
тиімді жүргізіліп отырғаны еңбек өнімділігіне
және меншік капиталымен байланысты. Сол себепті де
кәсіпорынның осы ресурстар көрсеткішіне талдау жасау
үшін алынып отыр. Зерттеуде 2014-2016 жылдардың
тоқсандық көрсеткіштері алынып
2-3-суреттерде нақты, есептелген деңгейлері көрсетілген.
Бұл аралықта көрсеткіштері кездейсоқ ауытқулардың
әсерінен бірқалыпты өсіп отырмағандықтан,
параболалық тегістеу жасалынды. Параболалық трендті анықтау
үшін алдымен теңдеудің
|
|
|
|
2-сурет – «AlmatyLiftEng» ЖШС еңбек
өнімділігі көрсеткішінің динамикасы |
3-сурет
– «AlmatyLiftEng» ЖШС меншікті капиталының көрсеткішінің
динамикасы |
|
Ескерту:
авторлармен тұрғызылған |
|
Табылған
параметрлердің негізінде параболаның теңдеуі мынадай болды (2-сурет):
Есептеу
нәтижесі бойынша, кәсіпорынның еңбек өнімділігі
2017 жылы I тоқсанда 4423,1 мың теңгеге, II тоқсанда
4539,5 мын теңгеге, III тоқсанда
4661,7 мың теңгеге, IV тоқсанда 4789,7 теңгеге
өседі деген болжамға келеміз. Егер болжам орындалса, онда болашақта
кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында лифт
өндіретін өндіріс орын ашуға мүмкіндігі болады.
Бұл өндіріс орнының артықшылығы,
кәсіпорынға өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның меншікті
капиталы жылдан жылға өсіп келеді.
Демек, осындай нәтижеге жету бұл кәсіпорынның
активтерін дұрыс пайдаланылғанын көрсетеді [5].
Анықталған
параметрлер негізінде параболаның теңдеуі мынадай (3-сурет):
Біздің алып отырған кәсіпорынның
көрсеткен қызметінің тиімділігі негізгі капиталдың
қозғалысы мен тиімді пайдалануды анықтауда күйі,
қозғалысы және пайдалану көрсеткіштерінен
көрінеді.
Қор қайтымдылығына келетін болсақ,
2014 жылдың төртінші тоқсанында негізгі капиталдың әрбір 1000 теңгесіне 2792
теңгенің өнімі келсе,
2016 жылдың төртінші тоқсанында 2671 теңгенің
өнімі келген. Бұған бірден-бір себеп кәсіпорынның тоқсан сайын жаңа негізгі капиталмен жабдықтануы, негізгі
капиталдың құнының өсуімен байланысты болып отыр.
Қор сыйымдылығы қор қайтымдылығына кері
көрсеткіш, 2014 жылдың төртінші тоқсаны 2016
жылдың кезекті тоқсанымен салыстырғанда бұл
көрсеткіштің мәні 4,4%-ға артқан.
Көрсетілген қызмет
көрсеткішінің өсімін факторлық талдап қарастырдық
[6]. Келтірілген есептеулерді негіздесек, кәсіпорынның
көрсетілген қызметінің өсімі 2016 жылы 2015 жылмен
салыстырғанда 8202 мың теңгеге артқан, соның
ішінде әр фактор әсерінен.
Бірінші, негізгі капиталдың
орташа жылдық құнының өсуінен көрсетілген
қызметтің көлемі 18761 мың теңгеге артты.
Екінші, капитал қайтарымы
коэффициентінің төмендеуінен көрсетілген қызмет 10559
мың теңгеге кеміді.
Жалпы екі фактордың
өзгерісінің әсерінен көрсетілген қызметтің
көлемі 8202 мың теңгеге өсіп отыр.
Қорытынды: мұнда «AlmatyLiftEng» ЖШС көрсетілген
қызмет көлемі, еңбек өнімділігі,
меншік капитал, негізгі капитал абсолюттік және қатысты көрсеткіштеріне динамикалық талдау жасалынды.
Талдау барысында, 2015 жылы тоқсанында
алматы лифт жұмыстары тұрақты жүрді, себебі бұл
уақыт аралығында кәсіпорынның тендерге қатысу
жиілігі азайғанымен, алдыңғы жылғы бітпеген лифт
жұмыстарының тығыздығына байланысты көрсетілген
қызметтер құны төмендемеді Біріншіден, еңбек
өнімділгі шамамен бір жұмысшыға келетін көрсетілген
қызмет көлемі 3082,5 мың теңгеге, яғни 2016
жылдың тоқсанында
көрсетілген қызмет бойынша еңбек өнімділігі 3611,7
мың теңге болды. Сондықтан
еңбек өнімділігі 2016 жылдың 4 тоқсанында
алдыңғы жылдың сәйкесінше тоқсанымен
салыстырғанда 17,2 пайызға артқан.
Екіншіден, қор қайтымдылығының төмендеу деңгейі
экстенсивті бағытта дамып жатқандығын, кәсіпорын
негізгі капиталды тиімді пайдаланбай жатқандығын білдіреді.
Сонымен
қатар, «AlmatyLiftEng» ЖШС резервтерін тиімді пайдалану жөнінде
қолда бар ресурстары: еңбек және материалдық базалары
туралы анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Экономика: Стратегия и практика. Институт экономики КН МОН РК, научное издание №3 (39) 2016 – 134с.
2.
Бельгибаева К.К. Доходность кредитования субъектов малого
предпринимательства в Казахстане. Алматы:Қазақ университеті//
журнал Вестник КазНУ. Серия экономическая, 2016, №5 (117), с.136-142
3.
Родионова В. М. , Федотова М. А. Финансовая устойчивость
предприятия в условиях инфляции. -М. : перспектива,
1995. - 98с.
4.
Интернет ресурс. Комитет по статистике
Министерства национальный экономики РК stat.gov.kz
5.
Қаржылық
талдау: Оқулық/Т.Ж.Демесінов.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
-320 б.
6.
Статистика: Оқулық /
Ю.К.Шоқаманов, Қ.Қ.Белгібаева – Алматы: Экономика, 2010- 540
б.