Сулейменова И.К., э,ғ.м.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қаласы, Қазақстан Республикасы

 

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

 

Бүкіл қоғамның және ұлттық экономиканың дамуы тек қана отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешкен жағдайда ғана мүмкін болады. Дегенмен, М.Портердің келесі пікірімен келісуге тура келеді: «...бәсекеге қабілеттіліктің қандай анықтамасы қабылданғанына қарамастан, осы анықтаманы негіздеу үшін жалпы қабылданған теорияның болмауы мәселесі туындайды». Бұл нарықтық экономиканың сайыстық сипатын айқындайтын бірқатар дефиницияларды нақтылауды талап етеді.

Ғылыми әдебиеттерде бәсеке, бәсекелестік қатынастар, бәсекелестік орта, бәсекелестік артықшылықтар сияқты түсініктер кездеседі. Сөз құраушы және тұжырымдамалық мағынада «бәсеке» сөзі бастапқы болғандықтан, осы түсінікті нақтылау қажеттілігі туындап отыр. Жалпы таным бойынша бәсеке нарық механизмінің және бүкіл нарықтық экономиканың әрекет етуінің негізгі буыны болып табылады.

Нарықтық экономиканың әрекет етуі үшін бәсекенің жетекші ролі ХVІІ ғасырда классикалық экономикалық теория шеңберінде А.Смитпен оның танымал «көрінбейтін қол» қағидасымен белгіленген. Бәсекені бағалық реттеудің тиімді тетігі ретінде қарастыруда бірінші қадам жасай отырып, А.Смит оны нарықтық экономиканың тиімділігін, арақатынасын және өсіңкілігін қамтамасыз етудің аса маңызды тетігі деп қарастырған. Оның тұжырымдамасына сәйкес, кәсіпорын бәсекеге қабілетті тауарды өндіріп, экспортқа шығарады, егер өндіріс шығындары басқа елдермен салыстырғанда төмен болса. Нақты айтқанда, ол бәсекенің пайда нормаларын теңестіре отырып, еңбек пен капиталдың оңтайлы үлестірілуіне алып келетінін, жеке мүдделер мен экономикалық тиімділікті теңестіретінін алғаш рет дәлелдей келе, жетілген бәсеке үлгісін ұсынды.    

Одан кейінгі бәсекенің көмегімен нарықты бағалық реттеу идеяларының дамуы жетілген бәсекенің теориялық үлгісін әзірлеген Д.Рикардоның еңбектерімен байланысты. Оны бейнелеу үшін автор ұзақ уақытта нарықтық бәсекелестік жүйе қалай әрекет ететініне назарын шоғырландырып, мемлекеттік реттеу, монополиялық билік, нарықтың географиялық орналасуы және т.б. шешуші роль атқармайтын «бөлшектермен» шектелді.

Нарықтық шаруашылықты қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздеріне Дж.С.Милль өз үлесін қосты, оның пікірінше: «Бәсеке бағаның, еңбек ақының, рентаның бірден-бір реттеушісі бола отырып, осы реттеудің ережелерін белгілейтін заң болып табылады». Мұндай тұжырым Дж.С.Милльге бәсеке теориясына елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді: ол халықаралық сұраныс теңдігін негіздеп, сұраныстың бағалық икемділігін жіктеп, масштабтағы, баламалы шығындардағы үнем түсінігін қалыптастырды.

Кез-келген тауар немесе қызметке қатысты нарықтағы бәсеке тек қана бірнеше субъектілер арасындағы қарама-қайшылықты ғана емес, сатып алушы және сатушы, мемлекет тарапынан монополияның болмауын көрсетеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық шаруашылықтың бет бейнесі бола тұра, мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді.

Бәсекелестік нарықты реттеуде құқықтық тетіктер ерекше мәнге ие. Дамыған капиталистік елдерде бәсекені қолдаудың монополияға қарсы заңдылық сияқты тетігі үлкен роль атқарады. Оның негіздері ХІХ ғасырдың соңында қаланған. Бірақ, экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты маңызды құрамдас бөлігі ретінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін танылды. Шығыс еуропа және ТМД елдерінде монополияға қарсы құқықтық реттеу соңғы жылдары ғана қолдануда. Дегенмен, түрлі нысанда ол Болгария, Венгрия, Югославия, Польша, Ресей, Украина, Белоруссия мемлекеттерінде әрекет етеді.

Бүгінде дамыған елдердегі монополияға қарсы реттеу тетіктері ұлттық мүдделерді қорғау құралына айналып отыр, яғни ол ішкі нарықтағы бәсекеге залал келтіретін мемлекеттен тыс шетелдік компаниялардың іс-әрекеттеріне қатысты қолданылуы мүмкін.

Қазақстанның өтпелі экономикасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі мәселесі болып, кәсіпкерлік секторды қалыптастыру, құрылымдық саясат, жекешелендіру, монополиялық позициялардан шығу үшін ұйымдастыру, құқықтық жағдайларды құру, әділетсіз бәсекені алдын алу және тең бәсекені тежейтін жасанды әкімшілік кедергілерді жою  сияқты бірқатар негізгі мәселелердің шешуін талап етті.

Бәсекеге қабілеттілік бәсеке пайда болған және дамыған жерде көрініс табады. Демек, бәсекенің сипаты ауқымды болған сайын, жекелеген кәсіпорындардың, салалардың, аумақтардың, елдердің шаруашылық қызметінде бәсекеге қабілеттіліктің маңызы артады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Лифиц И.М Теория и практика конкурентоспособности товаров и  услуг 2-е изд.,перераб. и доп. – М.:Юрайт-Издат, 2009.
  2. Портер М.Э. Конкуренция: Учеб. пособие. — М.: Издательский дом «Вильямс», тат2010.

Регистрационная форма

Ф.И.О. автора

Сулейменова И.К.

 

Место работы (ВУЗ)

ТарГУ им. М.Х.Дулати, кафедра «Менеджмент»

Должность, кафедра без

сокращений, ученая степень,

ученое звание

Старший преподаватель, магистр экономических наук

Адрес рабочий, домашний, мобильный

г. Тараз, ул. Рахимова дом № 3, кв. 51

+7777-876-00-75

E-mail

indira075@mail.ru

 

Телефон рабочий, домашний,

мобильный

р.тел:45-39-41;

моб. тел: +7777-876-00-75

 

Название статьи

АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

Адрес, на который высылать

сборник (обязательно с указанием

индекса и фамилии получателя)

480000,  Республика Казахстан,

Жамбылская область,

г. Тараз, ул. Рахимова дом № 3, кв. 51 Сулейменова И.К.