Сулейменова И.К., э,ғ.м.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
қаласы, Қазақстан Республикасы
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ
ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
Нарық экономикасы жеткілікті дамыған
елдердің өзінде соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділігі артып отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға бел адамдар бизнесті, әдетте,
өзінің жеке меншік ісінен бастаған.
Экономикасы дамыған елдерде шағын және
орта кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саясаты арнайы
құрылған органдармен дайындалады және жүзеге
асырылады.
Италияда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
қатысты, саясатты жүзеге асыру жөнінен негізгі функцияларды өнеркәсіп,
коммерция, сауда және қолөнер министрлік іске асырады, ал
аймақтық деңгейде әр түрлі сәйкес мемлекеттік құрылымдар қызмет етеді.
Францияда шағын және орта кәсіпкерлікті
реттеудің
ұйымдастырушылық құрылымы шағын және
орташа кәсіпкерлік және
экономикалық ынтымақтастық істері жөнінен агенттігімен
көрсетілген.
АҚШ-та
шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеу саясаты,
оның субъектілері арасында функционалды міндеттерді нақты
бөлу принциптеріне негізделген, көп сатылы
ұйымдастырушылық құрылым арқылы жүзеге
асырылады. АҚШ-та 1950 жылдары орташа есеппен 130 мың фирма
тіркеуден өтсе, оның мөлшері 60 жылдары орташа есеппен 200, 70 жылдары 350, 90 жылдары 600, осы ғасырдың
алғашқы жылдары 900 мыңға жеткен.
Кәсіпкерліктің жедел дамуына АҚШ-та
жаңашыл идеялар ірі компанияларынан гөрі шағын фирмаларында
екі жарым есе көбірек туындайды екен. АҚШ-та шағын
кәсіпорындар санының ерекше шұғыл көбеюі 70-жылдардың
орта тұсынан басталды. Ал 80-ші жылдары елде жыл сайын 600 млн-ға
дейін кәсіпорындар пайда болды. Сонымен
қатар 50-ші жылдары
АҚШ-та атқарушы өкіметінің арнайы органы
шағын бизнес Әкімшілігі
(SBA) құрылған, оның аппаратында 1100 қызметкер
жұмыс істеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік мүдделерін
қорғау үшін тағы бір арнайы орган әрекет етеді
- бұл шағын
кәсіпкерлік істері жөнінен Басқарма. Басқарма жыл сайын
елдегі шағын кәсіпкерлік жағдайы туралы АҚШ Конгресі
алдында есеп береді және оны
арықарай дмыту жөнінен
бірқатар шаралар ұсынады.
Оңтүстік Кореяда арнайы мемлекеттік құрылым жұмыс
шағын және орташа бизнес
Әкімшілігі істейді. Венгрияда
шағын кәсіпкерлікті дамыту
және қолдау саясаты тікелей үкіметпен,
қалалық және аудандық муниципалиттермен жүзеге
асырылады.
Бұл елдерде шағын және орта
кәсіпкерлік арнайы қабылданған заңдар және
дайындалған Бағдарламалар
арқасында дамуда және де шағын кәсіпкерлікті
дамытудың қабылданған Бағдарламалары жалпы экономиканы
дамытудың жалпы ұлттық стретегиялармен
байланыстырылған.Сонымен, мысалы,
Жапонияда шаруашылық етуші субъектілердің қызметі 12
заңмен реттеледі, соның ішінде экономиканың осы
сферасының мәнін, міндеттерін, құқықтарын
және жеңілдіктерін анықтайтын, «Ұсақ және
орташа кәсіпорындар туралы негізгі заңмен», АҚШ-та
шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі құжаты
болып «Ұсақ бизнес туралы акт» табылады; Германияда «Жазалаушы
құқық», Қытайда шағын және орташа кәсіпорындарға
көмектесу туралы заңның жаңа жобасы дайындалған және т.б. жалпы
алғанда шағын және
орташа кәсіпкерлік даму деңгейі субмердігерлік жүйесі
арқасында ірі кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты.
Жапонияда орташа кәсіпорындар ірі кәсіпорындардан заказдарды ала
отырып, олардың жартысын шағындарға береді. Сөйтіп,
мысалы, 1992 жылы Жапонияның 55,6 %-ға жуық шағын
кәсіпорындары өзінің даму стратегиясын кооперациямен және ірі компаниялар заказдарымен байланыстырды.
Басқа елдерде субъектілер ірі кәсіпкерлікпен тікелей байланыста
болуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі:
1. Дютчев А. «Особенности доходов
местного бюджета в США», Деловой
мир 2008ж №11.
2. Мадиярова Д. «О промышленной политике» / «Деловая
неделя»,2011ж, №31, б.10
3. Шихов Ф.Б. Малое предпринимательство, Москва, 2004ж.
Регистрационная
форма
|
Ф.И.О. автора |
Сулейменова
И.К. |
|
Место работы (ВУЗ) |
ТарГУ им.
М.Х.Дулати, кафедра «Менеджмент» |
|
Должность,
кафедра без сокращений,
ученая степень, ученое звание |
Старший преподаватель, магистр
экономических наук |
|
Адрес рабочий, домашний, мобильный |
г. Тараз, ул. Рахимова дом № 3, кв. 51 +7777-876-00-75 |
|
E-mail |
indira075@mail.ru |
|
Телефон
рабочий, домашний, мобильный |
р.тел:45-39-41;
моб. тел:
+7777-876-00-75 |
|
Название статьи |
|
|
Адрес, на
который высылать сборник
(обязательно с указанием индекса и
фамилии получателя) |
480000, Республика Казахстан, Жамбылская
область, г. Тараз, ул.
Рахимова дом № 3, кв. 51 Сулейменова И.К. |