Сулейменова И.К., э,ғ.м.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қаласы,
Қазақстан Республикасы
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ӨНДІРІСТІҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса
маңызды саласы және ол экономикалық дағдарысты жою,
тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси
және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
жолында шешуші рөл атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді
еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан
аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты.
Ауыл шаруашылық
салаларының рөлін, оның ұлттық табыстың
жиынтық өнімінің жоғарылауынан көруге болады.
Ауыл шаруашылығының
аталған екі саласының жүзеге асырылуын
агроөнеркәсіп кешені ұйымдастырады. Агроөнеркәсіп
кешені – ауыл шаруашылығы өндірісіндегі салалар мен саларалық
инфрақұрылымдардың, өнеркәсіптік
құрылымдардың қызметін біріктіріп, олардың
арасында экономикалық байланыстың қалыптасуын
ұйымдастыратын жүйе.
Елімізде қуатты ауыл
шаруашылығы секторы болуының айрықша маңызы бар,
мұның өзі оған ілесе жүретін салаларды: минералды
тыңайтқыштар, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, жеңіл
және тамақ өнеркәсібін, оның ар жағында
технологиялық желі бойынша басқа да салаларды мықтап
көтеруге мүмкіндік береді. Демек, мұның ел экономикасы
үшін беретін сан алуан тиімділігі орасан зор.
Ауыл шаруашылығы
салаларының экономикалық өсуге қосқан
үлестерін үш түрлі бағыттар негізінде
бағалауға болады:
-
аграрлық
сектордың ішкі жиынтық өнімді жасауға
қосқан үлес салмағымен;
-
тауар
өнімінің мөлшерімен және тауар айналасына қатысуымен;
-
экономикалық
өсуге бұл саланың факторлық үлесімен
анықтауға болады.
Агралық сектордың
экономикалық өсуге қосқан үлесін оның ішкі
және сыртқы нарыққа өнімдерді әкелуінен,
оған қатысуынан, экономикаының басқа салаларында
өндірілген ресурстарды тұтынушы ретінде болуынан, ауыл
шаруашылық емес салалардың өнеркәсібінің даму
деңгейінен көреміз.
Ауыл шаруашылығы
салаларының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін
аймақтық ауыл шаруашылығы кешендеріне үлкен
көңіл бөлу қажет.
Аймақтық ауыл
шаруашылық кешендері халық шаруашылығына
бағытталған ауыл шаруашылық кешендерін жүйесін
құрап, экономикалық, аймақтық және
тағы басқа жағдайларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу
және жүзеге асыру бойынша және ауыл шаруашылығында
қызмет көрсету бойынша жұмыстарымен айналысатын
технологиялық, экономикалық және ұйымдастыру
бағытында біріккен кәсіпорындардың жиынтығын
құрайды. Аймақтық ауыл шаруашылық
кешендерінің негізгі қызметтеріне ауылдың
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында
азық – түлік өнімдерін өндіру мен жүзеге асыру
жатады. Олардың қалыптасуының негізгі ерекшеліктеріне
еңбектің аймақтық бөлісітірілуі жатады.
АӨК басты
бағытының бірі – ауыл шаруашылық салаларында
өңдеу өнеркәсібінің дамуында маңызды орын
алатын, ауыл шаруашылығы өнімдері болып табылады. Көптеген
жылдар бойы өнім өндірісінде тиімді менеджмент тетіктерін жете
пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең
дағдарыс қалыптасқан еді. Одан шығудың бірден –
бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде
экономикалық реформа жүргізу еді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Абдильдина Л.И., Бельгибаев К.М.
Экономика сельского хозяйства. – Алматы: Кайнар, 2007.
2.
Бекмұратова Д.Н. АӨК
– нің мәселелерінің шешу жолдарын негіздеу және
әдістемесін айқындау. // Хабаршы, № 2. 2008.
3.
Омарова А.А. Ауыл
шаруашылығы өнім өндірісінде менеджментті жүзеге асыру
ерекшеліктері. // Хабаршы, № 2. 2007.
|
Ф.И.О. автора |
Сулейменова И.К. |
|
Место работы (ВУЗ) |
ТарГУ им. М.Х.Дулати, кафедра
«Менеджмент» |
|
Должность, кафедра без сокращений, ученая степень, ученое звание |
Старший преподаватель, магистр экономических наук |
|
Адрес рабочий, домашний, мобильный |
г. Тараз, ул. Рахимова дом
№ 3, кв. 51 +7777-876-00-75 |
|
E-mail |
indira075@mail.ru |
|
Телефон рабочий, домашний, мобильный |
р.тел:45-39-41; моб. тел: +7777-876-00-75 |
|
Название статьи |
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ӨНДІРІСТІҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ |
|
Адрес, на который высылать сборник (обязательно с указанием индекса и фамилии получателя) |
480000,
Республика Казахстан, Жамбылская область, г. Тараз, ул. Рахимова дом № 3, кв. 51
Сулейменова И.К. |