Сулейменова И.К., э,ғ.м.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қаласы, Қазақстан Республикасы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

         Әлемде еш ойланбастан басшылыққа алатындай қайта құрудың ешқандай да жақсы үлгісі жоқ. Әрбір ел өз экономикасының, құқығының, саясатының, моралінің және халық психологиясы ерекшелігін, әлемдік шаруашылықтағы өзінің жағдайын ескере отырып, өзінің жеке стратегиясын әзірлеп шығарады.

         Реформалар тәжірибесі адам капиталының жай-күйі жаңа құрылымды, жалпы алғанда, нарықтық қайта құруларды жасау жолындағы елеулі фактор болып табылатынын көрсетеді. Республика халқының едәуір бөлігі жаңа жағдайда іс-қимыл жасауға дайын емес болып шықты, олардың тиісті білімдері, біліктіліктері, кәсіпкерлік дағдылары жеткіліксіз екендігі анық. Бірінші кезекте бұл басшы буынға қатысты. Ескі директорлық корпустың өкілдері жаңа әдеттенбеген жағдайға қиындықпен үйренуде; олардың экономикалық бет алысты көбіне өзгере алмай отыр; бұрынғы жүздеген мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі назарында рынок және өнімді өткізу проблемалары емес, өндірістік қуаттылық, шығарылым көлемі туралы әдеттегі уайым ғана тұр. Қазақстандық экономикада нарықтық ортаға дерлік беріле отырып, алдына қойғаны толық нарықтық мақсат емес өндірушінің мүлдем ерекше түрі қалыптасып, бірнеше жылдан бері әрекет етуде.

         Жалпы шағын бизнес секторындағы жағдайды түпкілікті жақсарту үшін Елбасы және Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып отырған себептерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылдады.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы айтылған жағдайларға сәйкес қазіргі кезде агроөнеркәсіптік кешен басымды сала болып отыр. Осыған орай, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытумен басым бағыты ауыл шаруашылығына қарай ауатын болады. Соның ішінде минералды тыңайтқыштар өндірісі, ауылшаруашылық машина құрылысы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі және т.б.

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың маңызды түрі болып, оларды мемлекеттік тапсырыс жүйесіне назарын аудару болып табылады.

Біздің ойымызша шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, шағын бизнес кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырыстарды үйлестіру мәселелерін өз міндетіне алу қажет. Осы жерде негізгі мәселе және міндет ол тендерлік кепілдеме беру және шағын бизнес субъектілерін қаржыландыру қажеттіліг болып табылады.

Республикамызда шағын және орта бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

-  салық базасын жетілдіру;

- салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;

- қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;

- несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою; 

- шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету.

Аймақтарда шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту тек халықты жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, рухани, экономикалық іргелі мәселелерін шешуге ыпалын тигізеді.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Дютчев А. «Особенности доходов местного  бюджета в США», Деловой мир  2008ж  №11.

2.     Мадиярова Д. «О промышленной политике» / «Деловая неделя»,2011ж, №31, б.10

3.     Шихов Ф.Б.  Малое предпринимательство, Москва, 2004ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Регистрационная форма

Ф.И.О. автора

Сулейменова И.К.

 

Место работы (ВУЗ)

ТарГУ им. М.Х.Дулати, кафедра «Менеджмент»

Должность, кафедра без

сокращений, ученая степень,

ученое звание

Старший преподаватель, магистр экономических наук

Адрес рабочий, домашний, мобильный

г. Тараз, ул. Рахимова дом № 3, кв. 51

+7777-876-00-75

E-mail

indira075@mail.ru

 

Телефон рабочий, домашний,

мобильный

р.тел:45-39-41;

моб. тел: +7777-876-00-75

 

Название статьи

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Адрес, на который высылать

сборник (обязательно с указанием

индекса и фамилии получателя)

480000,  Республика Казахстан,

Жамбылская область,

г. Тараз, ул. Рахимова дом № 3, кв. 51 Сулейменова И.К.