ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ӘЛЕМДІК НАРЫҚТА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Г.А.Оспанова статистика магистрі

Н.Мугамарова, А.Сагынали - УиА-14-3 оқу тобының студенттері

 

Еліміз  егеменді ел болып, өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен  бері қабылданған өндірістік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының, экономикалық кеңістікте бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын нығайтудың және болашаққа нық сеніммен қараудың негізгі тірегі болып табылады. Осыдан да болар елімізде әр саланың қарыштап дамуына қабылданған реформалардың уақтылы жүзеге асуы мен іс-шаралардың жүйелілігі септігін тигізуде.

         Егемендіктің 25 жылында мемлекетіміз біраз жетістіктерге қол жеткізгендігі баршаға мәлім. Атап айтатын болсақ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқындылығы, саяси тұрақтылықтың маңыздылығы, индустриалды-инновациялық жаңғыртулар, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, экономиканың жекелеген салалары бойынша шағын және орта бизнес субъектілер санының жыл сайын артуы.

         Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», деп атап көрсетілді.  Ел Президенті осы Жолдауда бес негізгі басымдық бағыттарды айрықша атап көрсетті. Атап айтатын болсақ, бірінші экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, екінші бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, үшінші макроэкономикалық тұрақтылық, төртінші адами капитал сапасын жақсарту, бесінші институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты[1].

         Аталған басымдылықтарды негізге ала отырып әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде  жаңа нарықтарға шығу және өнім жеткізу аумағын кеңейтуді, елімізде жаппай кәсіпкерлік қызметті дамытуға жаңа өрістер ашу, сондай-ақ аграрлы сектордың мол потенциалын пайдалана отырып аграрлық экспорттық ел ретінде танылу және экономиканың жеделдетілген технологиялық  жаңғыртылуын қолға ала отырып, жаһандық бәсекелестік жағдайында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету.  

Осы  Жолдауда көрсетілген стратегиялық басым бағыттардың бірі «адами капитал сапасын жақсарту». Бұл дегеніміз ел жастарының терең білімді бойлай отырып, жаңалыққа бет бұру, оны өндіріске енгізе отырып бәсекеге қабілетті өнім өндірісіне (қызмет көрсету) ықпал жасауын қамтамасыз ету деп түсінеміз.

         Адами капиталдың дамуы, жеке және ұлттық байлықтың өсуі мен материалдық құндылықтарды өндірудің негізі адамдардың еңбек қызметін құрайды. Олай болса, кез-келген экономикалық жүйеде еңбек материалдық құндылықтардың басты көзі ғана емес, сонымен қатар адами өмірдің маңызды шарттары болып табылады[3].

         Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елімізде әлеуметтік мәселелерді шешудің негізгі бағдарламалары жүзеге асуда. Оның қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі− еңбек ресурсы және оны ұтымды пайдалану, әлемдік дағдарысқа қарсы тұратындай және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тәсілі ретінде өндірісте еңбек және еңбек процесін тиімді басқаруды мүмкіндігінше арттыруды көздейді.

         Біздің көзқарасымыз бойынша, отандық кәсіпорындарда нарықтық механизм талаптарына сай етіп еңбек ресурсын басқарудың негізгі мәселелері мыналар болып табылады: еңбектің өнімділігі мен тиімділігі; еліміздің ұлттық байлығы мен еңбек потенциалын дамыту деңгейін анықтайтын адами капитал; еңбек жағдайы; еңбек бөлінісін дұрыс жүзеге асыруда еңбекті ұйымдастыру мен мөлшерлеу; оларды ынталандыру; еңбекақы төлеу жүйесі мен еңбек ресурсын  басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру.

Кәсіпкерлік ортада өндірістік қызметті тиімді ұйымдастыра отырып мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ел экономикасының тұрақты өсуі мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін еліміздегі еңбек ресурсын дұрыс пайдалануды жетілдіру, сондай-ақ еңбек ресурсын басқаруда жаңа әлеуметтік-еңбек қатынастарын қалыптастыру және жоғарғы технологияға негізделген экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі еңбек өнімділігі көрсеткішін арттыру, кадрларға қажеттілікті анықтау, персоналдарды жұмыс орны бойынша іріктеу, тиімді еңбек нәтижесіне  қол жеткізу үшін жұмысшыларды  ынталандыру жүйесін және еңбек қатынастарын реттеу мен бақылау жүйесін жүзеге асыру маңызды болып табылады. Осы аталған жағдайлардың барлығын ескере отырып, еңбек нарығын жаңа талаптарға сай жаңғырту қажет деп есептейміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  31 қаңтар, 2017 жыл.

2. Ұлт жоспары – «100 нақты қадам»

3. Е.Б.Исакулов. Основы кадровой политики: Курс лекций. Учебное пособие.-Астана, 2010 жыл.