Ыдырыс Еркебұлан Жалғасұлы
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының
аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты
ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ МӘНІ
МЕН МАЗМҰНЫ
Кез
келген кәсіпорын қызметінің алуан қырлы тұстарын
басқару жүйесінде қазіргі замандағы аса күрделі
және жауапты буыны ретінде қаржыны басқару болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мұндай
басқарудың қағидалары мен әдістері әлгі
XІX-XX ғасырлар тоғысында, ал кейінірек "қаржылық
менеджмент" атты атаумен аталынған арнайы білім саласы ретінде
қалыптасты (қаржы менеджменті саласындағы белгілі американ
маманы - Ю. Бригхем - осы ұғым атауы дербес ғылыми пәні
ретінде тұңғыш АҚШ-да, XІX ғасырдың 90-ші
жылдарында қалыптасқандығымен байланыстырады).
Қаржылық
менеджмент - бұл кәсіпорындағы қаржы ресурстарын
қалыптастыруға, үлестіруге және қолдануға,
сонымен қатар оның ақшалай қаражаттары айналымын
ұйымдастыруға қатысты басқарушылық шешімдерді
әзірлеу және оны жүзеге асыру қағидалары мен
әдістерінің жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорындағы
қаржылық шешімдері тұрғысынан
қарастырғанда, қаржылық менеджментті -
кәсіпкерлік қызметтерді инвестициялау мен қаржыландыру
процестерін басқару нысаны деп ұйғаруға болады.
Өз
тарапынан, коммерциялық кәсіпорындардың қаржылық
шешімдерін шартты түрде екі топқа жіктеуге болады:
инвестициялық шешімдер;
қаржыландыру шешімдері.
Инвестициялық
шешімдері іс-жүзінде активтердің пайда болуымен және
оның қолданылуымен байланысты болады және де
"қайда жұмсаған жөн?" деген
сұраққа жауап береді.
Қаржыландыру
шешімдері іс-жүзінде пассивтердің пайда болуымен және
оның қолданылуымен байланысты болады және де
"қаражаттарды қайдан тартқан жөн болады?"
деген сұраққа жауап береді.
Қаржылық
шешімдердің екі түрі өзара тығыз байланысқан.
Кәсіпорын үшін ең басымдысы инвестициялау шешімдері болып
табылады, себебі кәсіпорынның мақсаты капиталдың тиімді
жұмсалуынан табыс алу болып саналады.
Қаржы менеджментінің мәні
аса ұтымды түрде қосымша қаржы ресурстарын
тартуға, оларды барынша жоғары тиімділікпен инвестициялауға,
қаржы нарығында бағалы қағаздарды сатып алу
және қайта сату арқасында пайдалы операцияларды
жүргізуге мүмкіндік бере алатын тиісті қызмет атқаратын
құрылымдық бөлімшелері тарапынан қаржыны
басқарудың солай ұйымдастыруында жатыр.
Инвестициялау
және қаржыландыру шешімдері бухгалтерлік баланста ақшалай
түрде бейнеленетіндігіне қарай қаржылық менеджмент -
бұл кәсіпорынның меншік иелеріне табысты қамтамасыз ете
алатын ақша ағынын басқару болып табылады.
Қаржылық
менеджмент дегеніміз оптималды ақырғы нәтижеге қол
жеткізу мақсатында ақшалай қаражаттарды, олардың
құрылу, тарату және пайдалану барысындағы
қаржылық ресурстарды басқару болып табылады.
Қаржы
менеджментінің пәні капитал қозғалысын бейнелей алатын
ақша ағыны болып табылады.
Қаржылық
менеджмент - бұл кәсіпорынды басқарудағы жалпы
жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар
ол екі қосалқы жүйеден құралады: басқару
обьектісі (яғни, басқарылатын қосалқы жүйеден)
және басқару субьектісі (яғни, басқаратын қосалқы
жүйеден).
Кәсіпорын
тұрғысынан қарастырғанда қаржы
менеджментінің басты мақсаты ағымдағы және келешек
кезеңдердегі кәсіпорын иелерінің әл-ауқат
жағдайларының жақсаруын қамтамасыз ету болып саналады.
Бұл мақсат нақты өз шешемін (кәсіпорынның)
бизнестің нарықтық құнын барынша өсіруді
қамтамасыз ету арқылы табады және өз иесінің
ақырғы қаржылық мүддесін іске асырады.
Қаржылық
менеджменттің басты міндеті - оптималды ақырғы
нәтижелерге қол жеткізуге және кәсіпорынның
қысқа- және ұзақ мерзімді даму мақсаттары
мен ағымдағы және келешектегі қаржылық
басқарудағы қабылданып отыратын шешімдер араларындағы
оптималды ара-қатынасты айқындауға бағытталған
арнайы қаржы шешімдерді таба білу болып саналады.
Қаржы
менеджментінің негізгі міндеттері:
1)
кәсіпорынның қажеттілігіне және оның даму стратегиясына
сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемінің
құрылуын қамтамасыз ету;
2)
кәсіпорынның негізгі даму бағыттарының
тармақтарына қатысты қаржы ресурстарының тиімді
қолданылуына жағдай жасау;
3)
кәсіпорынның ақша айналымы мен есеп-айырысу саясатын
оңтайландыру;
4)
қаржы қауіп-қатерінің ұйғарымды шегінен
аспайтын және салық салудың қолайлы саясаты
жағдайында табысты барынша өсіру;
5)
кәсіпорынның даму барысында оның бірқалыпты
қаржылық тепетеңдігін қамтамасыз ету, яғни
қаржы тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін
қамтамасыз ету.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Ионова А.Ф. Селезнева Н.Н. Финансовый менеджмент: учебное пособие. –
М.: Проспект, 2010. – 592 с.
2. Румянцева Е.Е. Финансовый менеджмент: учебник. – М.: Издательство РАГС,
2010. – 304 с.
3. Финансовый менеджмент: учебник. / Под ред. Н.И. Берзона. – М.:
Издательский центр «Академия», 2009. – 336 с.