Ыдырыс Еркебұлан Жалғасұлы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты

 

ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

 

Қаржы менеджменті ғылым саласы ретінде бір қатар негіздеме қалаушы тұжырымдамаларға негізделеді:

- ақшалай ағымының тұжырымдамасы;

- ақшалай ресурстарының уақытша құндылық тұжырымдамасы;

- қауіп-қатер мен табыстылық араларындағы өзара ымыралы келісімге келу тұжырымдамасы;

- капитал бағасының тұжырымдамасы;

- капитал нарығының тиімділік тұжырымдамасы;

- агенттік қатынас тұжырымдамасы;

- үйлесімсізді ақпарат тұжырымдамасы;

- баламалы шығындар тұжырымдамасы.

Ақшалай ағымының тұжырымдамасы негізінде мынаны қарастырады:

- ақшалай ағымды, оның ұзақтығы мен түрін сәйкестендіру;

- ақшалай ағымының элементтер мөлшерін анықтайтын факторларды бағалау;

- әр уақыт кезеңдерінде пайда болатын ағымның элементтерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін дисконттау коэффициентін таңдау;

- осы ағымға қатысты қауіп-қатерді бағалау, және оны есепке алу тәсілі.

Ақшалай ресурстарының уақытша құндылық тұжырымдамасының мәні бойынша, бүгінгі бар ақша бірлігі мен ертеңгі біршама уақыттан кейінгі ақша бірлігі өзара тең болмайды. Бұл теңсіздік үш негізгі себептің әсерінен туындайды: инфляция деңгейінен, болжамды сомаларды ала алмау (немесе, толық ала алмау) қауіпінен және ақша айналымдылығынан.

Қауіп-қатер мен табыстылық араларындағы өзара ымыралы келісімге келу тұжырымдамасының мәні бойынша, бизнестегі кез келген табысқа қол жеткізу көбіне қауіппен ұштасып жатады, тіпті осы екі өзара байланысты сипаттамалары араларындағы байланыс тура үйлесімді болып келеді: яғни болжамды немесе қажетті табыстылық мөлшері, немесе капиталға жұмсалған қайтарымы қаншама көп болған сайын осы табыстылыққа қол жеткізе алмау мүмкіндігіне байланысты қауіп-қатер деңгейі де соншама жоғары болады; немесе, керісінше, қажетті табыстылық деңгейі төмен болған сайын қауіп-қатер дәрежесіде төмен болады.

Капитал бағасының тұжырымдамасының мәні бойынша компания қызметін қаржыландырудың тиісті немесе одан да басқа көздеріне қызмет көрсету компания үшін бірдей емес. Мысалы, банк несиесі үшін проценттерді өтеуге тура келеді. Капитал бағасы осы қаржы көзіне қатысты тек шығындарды жабуға ғана қажетті табыстың барынша аз деңгейін көрсетеді.

Капитал нарығының тиімділік концепциясы бойынша нарыққа қатысушыларының ақпаратқа толық және еркін қол жеткізу мүмкіндігі бар жағдайындағы компания акциясының бағасы осы мезетте оның ең нақты құнының бағасы бола алады.

Агенттік қатынас тұжырымдамасының өзектілігі әсіресе нарық қатынастары жағдайындағы бизнесті ұйымдастыру нысандарының күрделенгені сайын өсе түседі. Бұл тұжырымдаманың пайда болу себебі иелену функциясы мен компанияның қызметін басқару және бақылау функциясы араларындағы алшақтықтың болуында жатыр. Осыған орай тұжырымдаманың мәні бойынша компания иелері сол компанияның күнделікті басқарудың ұсақ мәселеріне араласуға тіпті міндетті емес делінеді.

Үйлесімсізді ақпарат тұжырымдамасы капитал нарығының тиімділік тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Оның мәні бойынша кейбір өзге адамдар барлық нарыққа қатысушылары тең түрде қол жеткізе бере бермейтін ақпаратты иеленуі мүмкін.

Баламалы шығындар тұжырымдамасы капиталды жұмсаудың, өндірістік қуаттарды пайдаланудың болжамды нұсқаларын, сатып алушыларды қаржыландыру саясатының нұсқаларын және т.б. бағалауда аса маңызды роль атқарады. Уыстан шығарып алған мүмкіндіктердің бағасы деп те аталынатын баламалы шығындар дегеніміз бұл егер де кәсіпорын өз ресурстарының пайдалануында басқа да ңұсқаларды қалаған жағдайындағы сол кәсіпорынның қол жеткізе алатын табысы болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ковалев В.В., Ковалев Вит. В. Финансовый менеджмент: Конспект лекций с задачами и тестами: учебное пособие. – М.: Проспект, 2011. – 504 с.

2. Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент: Учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2011. 496 с.

3. Братухина О.А. Финансовый менеджмент: учебное пособие. – М.: КНОРУС, 2011. – 240 с.

4. Финансовый менеджмент: учебник. / Под ред. В.В. Ильина. – М.: Издательство «Омега-Л», 2011. – 560 с.

5. Кудина М.В. Финансовый менеджмент: учебное пособие. – М.: ИД «ФОРУМ»: ИНФРА-М, 2010. 256 с.

6. Мадиярова Э.С.  Қаржылық менеджмент: Оқу құралы. / Э.С. Мадиярова.- Алматы: Экономика, 2012.- 272 б.