Сулейменова И.К., э,ғ.м.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қаласы,
Қазақстан Республикасы
АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНДЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ауыл шаруашылығы
өндірісінің түбегейлі нарықтық экономика
жағдайына негізделуі бұл салада көптеген экономикалық мәселелердің
туындауына әсер етті. Бұл мәселелердің негізгілеріне –
нарық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді
басқару мәселесі, жекешелендіру, ауыл шаруашылық және
агро өндірістік кәсіпорындардың меншік нысандарының
өзгеруі және АӨК басқару жүйесін тиімді
ұйымдастыру мәселелері жатады.
Ауыл шаруашылығы
өндірісінде басқару қызметі – белгілі бір
аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта
отырып, халық шаруашылығын бір тұтас жүйесін
құрайтын ауыл шаруашылық саласының өндіруші,
тұтынушы және өндірісті ұйымдастырушы қызметін
жүзеге асыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың
экономикалық-құқықтық нысандарына келесілер
жатады:
-
табиғи
ресурстарды бөлістірудің жалпы қағидаларын дайындау;
-
әр
түрлі меншік нысандарының құқықтық
негіздері;
- қаржыларды бөлістіру қағидаларын негіздеу;
- мемлекеттік қаржыларды аймақаралық бөлістіру
көздерін анықтау.
Ауыл шаруашылығын басқарудың келесі бағыты – жеке
аймақтардың экономикасын жақсартуға бағытталу.
Аймақтардың экономикасын жақсарту ауыл шаруашылығын
дамытудың басты көздеріне
жатады. Ауыл шаруашылығын басқарудың жеке
аймақтардың экономикасын жақсартуға
бағытталуының негізгі бағыттарына келесілер жатады:
- ауыл шаруашылығын
дамытуға бағытталған арнайы аумақтық
бағдарламалар дайындау;
- аймақтық ауыл шаруашылығын дамытуға
бағытталған бағдарламаларды мемлекет тарапынан
қаржыландыруды жүзеге асыру;
- қолдауды қажет ететін аймақтарды қолдауды
мемлекеттік бюджеттің басты баптарына енгізу;
- аймақтағы ауыл шаруашылық салаларын дамуытуға
мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
- ауыл шаруашылығының өндірісін дамытуда мемлекеттік
және жергілікті билік органдары тарапынан қолдау көрсету.
Бүгінгі таңда
келтірілген мемлекеттік басқару нысандары бойынша ауыл шаруашылығын
дамыту бойынша көптеген шаралар жүзеге асырылуда.
Мемлекеттің алдында
тұрған негізгі мәселелердің бірі – ауыл
шаруашылық өндірісін дамыту болса, аталған саланы тиімді
басқару экономиканы дамытудың негізгі көздерінің бірі
болмақ. Халықаралық Сауда Ұйымына мүшелікке
енудегі басты талаптардың бірі – ауыл шаруашылық өндірісін
кластеризациялау болып табылады. Ауыл шаруашылығында кластеризацияны
қалыптастыру үшін тиімді басқару жүйесін жүзеге
асыруымыз қажет.
Ауыл шаруашылығын
басқару заңдылығы әр елде өзінің
ерекшелігіне сәйкес қалыптасады. Оның негізгілеріне
аграрлық сектордағы барлық шаруашылық субъектлер
үшін салыстырмалы түрде тең мүмкіндіктерді
қалыптастыру, монополиялық өндіріске шектеу қою мен бәсекелестікті
дамыту жатады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Абдикулова П.Ж. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу
жүйесін қалыптастыру. // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика
сериясы: № 2 (42), 2008.
2.
Кондиус В., Федичкин А.
Региональный АПК в условиях реформирования экономики. // АПК, № 11. 2008.
3. Құбаев Қ.Е., Ихданов Ж.О., Кәрібай А.Ш.
Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері. –
Алматы: Экономика, 2007.
Регистрационная форма
|
Ф.И.О. автора |
Сулейменова И.К. |
|
Место работы (ВУЗ) |
ТарГУ им. М.Х.Дулати, кафедра «Менеджмент» |
|
Должность, кафедра без сокращений, ученая степень, ученое звание |
Старший преподаватель, магистр
экономических наук |
|
Адрес рабочий, домашний,
мобильный |
г. Тараз, ул. Рахимова дом № 3, кв. 51 +7777-876-00-75 |
|
E-mail |
indira075@mail.ru |
|
Телефон рабочий, домашний, мобильный |
р.тел:45-39-41; моб. тел: +7777-876-00-75 |
|
Название статьи |
|
|
Адрес, на который высылать сборник (обязательно с указанием индекса и фамилии получателя) |
480000, Республика
Казахстан, Жамбылская область, г. Тараз, ул. Рахимова дом № 3, кв. 51 Сулейменова И.К. |