КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Г.А.Оспанова статистика магистрі

         Қаржылық тұрақтылықты талдау қаржылық ресурстарды жоспарлау мен ішкі резервтерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Қаржылық тұрақтылықты алғашқы басқару бұл оның бағасы мен ұйымның тұрақтылық түрін анықтау болып табылады.

         Нарықтық экономикада қалыптасқан ұйымның тұрақтылығы оның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың маңызды факторлары болып табылады. Оған ішкі және сыртқы  факторлар әсер етеді, атап айтқанда: сұранысқа ие арзан өнімдерді өндіру; тауар нарығында ұйымның төзімділігі; өндірісті қуатты технологиямен жарақтандыру; әріптеспен сенімді экономикалық байланыс; шаруашылық және қаржылық операциялардың тиімділігі мен құралдар айналымының ырғақтылығы; тәуекелділік деңгейі.

         Талдамалық тәжірибеде ұйымды запастрмен қамтамасыз етуді екі негізгі тәсілдері қалыптсқан. Бірінші тәсіл запастардың қалыптасу көздерін сипаттау үшін қолданылады және онда үш негізгі көрсеткіштер анықталады.

Олар: меншікті айналыс құралдарының бар болуы, меншікті капиталдан ұзақ мерзімді активтер шамасын азайту арқылы;

запастарды қалыптастыруда меншікті капитал мен ұзақ мерзімді тартылған құралдардың бар болуы;

шығындар мен запастарды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы шамасы.

         Құралдарды қалыптастыру көздерінің үш көрсеткішіне олармен запастарды қамтамасыз етудің үш көрсеткіші сәйкес келеді. Осының негізінде ұйымның қаржылық тұрақтылығының типтері қалыптасады.

         Олар:

1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

2) қалыпты тұрақтылық;

3)қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

4) кәсіпорынның қаржылық жағдайы дағдарысты

Екінші тәсілде абсолюттік көрсеткіштер бойынша ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау барысында  запастар мен шығындарды қалыптастырудың екі көзі қолданылады:

а) меншікті айналыс құралдарының бар болуы, меншікті құралдар, ұзақ мерзімді несиелер мен займдар және ұзақ мерзімді активтер шамаларының арсындағы айырмашылыққа тең;

ә) запастар мен шығындарды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы шамасы запастар мен шығындарды қалыптастыруда алдыңғы көрсеткіштер сомасы, қысқа мерзімді несиелер мен заемдық құралдардың сомасына тең.

         Екінші тәсіл бойынша да қаржылық тұрақтылықтың төрт түрі атап көрсетіледі.

         Екінші тәсілдің бірінші тәсілден айырмашылығы мұнда запастар мен шығындарды жабуда меншікті айналыс құралдары қалыптаспайды.

         Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда маңызды міндеттердің бірі қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштермен танысу болып табылады. Қаржы тұрақтылығын талдау барысында кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын қаншалықты дұрыс басқарып отырғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы тұрақтылығының мазмұны, қалыпты өндірістік-коммерциялық қызмет үшін қажетті ақша ресурстарының тиімді қалыптасуы мен пайдалануы, меншікті капитал қаржы ресурстарына ең алдымен таза (бөлінбеген) пайда мен амортизациялық аударымдар жатады. Қаржы тұрақтылығының сыртқы белгісі ретінде шаруашылық субъектінің төлем қабілеттілігі көрініс табады. Төлем қабілеттілік–бұл  кәсіпорынның коммерциялық, несиелік және төлем түріндегі басқа операцияларынан туындайтын өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алу қабілеттілігі.

         Тұрақсыз қаржылық жағдайындағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жақсартудың негізгі жолдары:

*        Меншікті капиталды көбейту;

*        Айналымнан тыс активтерді қысқарту (қолданылмайтын негізгі құралдарды сату немесе жалға беру арқылы);

*        Материалды-өндірістік босалқылар көлемін оңтайлы деңгейге дейін қысқарту (ағымдағы және сақтандырылған босалқылар көлеміне дейін).

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник.Алматы:Экономика, 2009.-366

2. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы. 2001. – 330 бет

3. Зубова Т.В. Анализ финансового состояния предприятия. Учебно-метод. Пособие.-Астана: Фолиант, 2007.-152 с.