АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН
ТАЛДАУ
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Г.А.Оспанова статистика магистрі
Өнімнің
өзіндік құны- ауыл шаруашылығы өндірісінің
экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып
табылады. Онда шаруашылық қызметтерінің барлық
жақтары жүйелендіреді және барлық өндірістік
ресурстарды пайдалану нәтижесі қамтылады. Өнімнің
өзіндік құнын төмендету кез-келген
қоғамның алдында тұраған өзекті және
кезек күттірмейтін мәселе. Өндірісті ұлғайту
қарқыны, кәсіпорынның қаржылық жағдайы
мен оның төлем қабілеттілік жағдайы, алынған
пайдасы мен рентабельділік деңгейі өнімнің өзіндік
құны деңгейіне байланысты. Өнімнің өзіндік
құнын төмендету резервтерін іздестіру көптеген
шаруашылықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып,
банкроттылықтан құтылудың жолдарын қарастырады.
Өнімнің өзіндік құнын
талдаудың негізгі міндеттері мыналар:
-
Өнімнің
өзіндік құнын төмендету жоспарының орындалуына
бақылауды жүйелі түрде жүргізу;
-
Өзіндік
құн деңгейінің өзгерісіне факторлар әсерін
анықтау;
-
Өнімнің
өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтау;
-
Кәсіпорын
қызметін объективті бағалау, өзіндік құнды
төмендету бойынша іс-шараларды атқару.
Бүгін
дағдарыс жағдайында ауылшарушылық өндіріс
қызметін жақсартуда жаңа тәсілдемелер көмегімен
шешілу қажет, барлық экономикалық жұмыстың
дәрежесін арттыру, өсімдік шаруашылығы мен мал
шаруашылық өндірісіне шығындарды есептеуде жаңа әдістерді белсенді түрде енгізу, белгілі
экономикалық тұтқаны пайдалану.
Өнімнің
өзіндік құнының жалпылама көрсеткіштерінің
маңыздысы-өндірілген
өнімнің бір теңгесіне есептелген шығын болып
табылды. Біріншіден, ол әмбебап және өндірістің
кез-келген саласында есептеуге болды, екіншіден, пайда мен өзіндік
құн арасындағы тікелей байланыстылықты сипаттайды.
Талдау
барысында өнім өндірісінің 1 теңгесіне есептелген
шығын динамикасын анықтап, ондағы негізгі
ауытқулардың себеперін анықтау маңыздылыққа
ие.
Өнімнің
(жұмыстар мен қызметтер) өзіндік құнын талдау
мақсаты, этаптары мен талдау объектісі төмендегі 1-суретте
көрсетілген.



Ауыл
шаруашылығында өнімнің
өзіндік құнын төмендетудің басты жолы еңбек
өнімділігі мен ауыл шаруашылығы дақылдары өнімін
интенсивті негізде арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруге
жұмсалатын шығынды кемітуде трактор, комбайн және
басқа да техниканы, транспорт құралдарын және
ғимараттарды тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Шаруашылықтарда
өнімнің өзіндік құнын төмендетудің
негізгі резервтері есептелінеді де нқты іс шаралар қарастырылады.
Шығындарды өнім түріне қарай жіктеу
кәсіпорынның өнімін өндіруге жұмсалған
шығындардың жалпы сметаларын
анықтаудың негізі болып табылады. Бұл
кәсіпорынның бизнес – жоспарында айқын көрініс табады. Кәсіпорында
өнім түрлеріне жұмсалған шығындардың
көлемін анықтаудың
қажеттілігі біріншіден, шығындарды элементтері бойынша үнемдеуге, екіншіден материалдық баланстарды құрастыруға,
үшіншіден, айналым қаражаттарын
нормалауға, төртіншіден,
қаржылық жоспарды
әзірлеу үшін қажет.
Ауыл
шаруашылығы саласында шығындардың құрамы мен
құрылымын әр сала бойынша анықтау жекелеген
салалардағы шығын есебін дұрыс әрі толық жүргізуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Савицкая Г.В.
Анализ хозяйственной деятельности предприятий АПК:учебник,12-е
изд.,перераб. и доп.- М.: Новое знание, 2002.-687 с
2.
М.М.Мыңатаев, Ж.М.Мырзагелдиева Нарық жағдайындағы
кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы.-Алматы: Экономика,
2011.-205 бет
3.А.В.Фудина. Анализ хозяйственной деятельности
сельскохозяйственных предприятий «Агропрмиздат»-М.:, 1991.-256 с.