Педагогические
науки/3.Методические основы
воспитательного процесса
А.К.Каптагаева
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі,
Тараз қ. Қазақстан Республикасы
Білімгерлердің
эстетикалық талғамын
қалыптастыруда актер
шеберлігі пәнінің
маңыздылығы
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен
әсемдікті дұрыс қалыптасуын эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер
және өмірдегі
сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін,
қажетсінуін қалыптастырады.Эстетикалық сезім кез келген
адамның өмірінде зор
рөл атқарады. Әсемдікті көріп,түсініп, жасай
білу адамның рухани
өмірін байытады,сонымен қатар сананы, тәртіп пен
мінез-құлықты қалыптастырады. Эстетикалық талғам – әр
түрлі эстетикалық
қасиеттерді көңіл-күй сезімімен бағалау, ең
алдымен, сұлулықты, әсемдікті
ұсқынсыздықтан айыға білу жөнінде қоғамда
тәжірибе қалыптастыратын адам қабілеті.
Әсемдік, асқақтық
ұғымдары адам
өмірінің эстетикалық
қажеттілігін сипаттайды; адами рухани-байлықтар-мұрат,дін,
этика, эстетика, өнер және мейірім ұғымдары қарастырылады.
Өнер әлемі рухтың кереметтілігін көрсетіп, аз уақыт болса да оны
нақтылы болмыстан
жоғарылатып, жан-дүниені ластан тазартады. Өнерде
ешқандай өзімшілдік сезім,пайдақорлық ойлар,
мүдделер болмау керек, оның негізгі мақсаты – адамды
өзімшілдіктен шығатын
зардаптан құтқарып,тыныштыққа бөлеу.
Актер шеберлігі пәні мұғалімнің
күнделікті жұмысында
психология мен педагогикадан терең білім алу, тәрбиенің
мақсат-міндеттерін, принциптерін
оқушы әсерін теориялық тұрғыда
түсіндіру кажет. Сондай-ақ
білімгерлердің ұжымға деген әрекетін,
құбылыс пен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін
белгілеу керек.
Актерлік өнер- адам бойындағы қабілеттердің
көмегімен белгілі бір
кезең мен уақытқа тән
тірі образ жасау өнері.Актер шеберлігінің шабыт күшін, қиял
қуатын,ыстық сезімді қажет етуі өте маңызды.
Негізінде салт-дәстүрлік
рәсімдерден басталған
актерлік өнер жан- жақты
өнер түрі болып әу баста қалыптасты. Салт-
дәстүрлік рәсімдерде
ән, би, музыка, сөз, грим,
киім т.б. қолданылатын. Бертін
келе актерлік өнердің балетте– бимен, операда – әнмен, ал
драма театрында сөзбен тығыз
байанысты үш түрі айқындалды. Драмалық спектакльдерде
де би мен ән болады,бірақ ол қосымша құрал
ғана. Актерлік өнердің “таза түрі”де бар, ол –пантомима.Әсерлі
сезімге толы қимыл
пантомиманың негізін
құрайды, мұнсыз актерлік өнер де жоқ.
Сондықтан пантомиманы актерлік өнердің негізі деп
қабылдаймыз.Актерлік өнердің өзіне тән
маңызды ерекшелігі бар. Мысалы:
кескіндемешілер кенеппен, бояумен, мүсіншілер гипс, ағашпен жұмыс істейі. Ал,
актердің жұмыс құралы – өзі, яғни
жүрісі, мимикасы, үні және психикасы.Сондықтан актер
үнемі қимыл ептілігін, дауыс мүмкіндігін жетілдіруге тырысады, грим техникасын үйренеді, ең бастысы
іштей түрленуге тырысаы. Актерлік өнерде ізденуді образдың
сомдалуынан бөліп алуға
болмайды. Мысалы, премьера тек
қана істің нәтижесі емес, ол жасампаздық еңбектің жалғасы,
шарықтау шегі. Актер көрермендер
алдында жұмыс
үстінде, ол әрбір
спектакль сайын жаңарып көрінеді.
Актер мен образ бірігіпкеткендей әсер қалдырса, актерлік
өнердің табысты болғаны.
Актер өнері саласына шынайы өнер
туғызушылар жеке дара, жалғыз жарым емес, біртұтас ансамбльден
құралған үлкен
топ-шығармшылық ұжым болып саналады. “Өнерімізің
ірге тасы болып есептелетін ұжымдық шығарма”[1, 125] -
деп жазады К.С.Станиславский, сөз жоқ ансамбльдікті қалайды,
ал оны бұзған адам, өз
жолдастарына қастандық істеп
қоймай, өзі тер төгіп
жүрген өнеріне де
қастандық жасамақ. Өйткені,актер өзі еңбек етіп жүрген аса күрделі ірі
ұжымның белді мүшесі
болып табылады, “театр труппасы”өзара ерекше корпорациялық
ұйым. Ұйым – театрдың көркемдік намысын,
жолдастықтың
шығармашылық ар-ұятын қорғайды. Ол
өз мекемесіне кір келтірмеуі тиіс. Сондықтан, кез –келген актерді
ұжымдық рухта тәрбиелеу –тек режиссердің ғана емес, бүкіл
ұжымның
шығармашылық міндеті.Ұжымдық өнер –
күллі ұлт театрының
көркемдік әрі мемлекеттік мағынасы. Актер шеберлігінің
дұрыс дамып, өзін-өзі өсіруіне ұжымдық
өнерде жұмыс жасай алуы, өте маңызды.
Актерлік өнердің алғы шарттарының
бәрі қазақ
тұрмысында болған. Мысалы: айтыстағы шұғыл,
тапқыр әрі әсерлі
сөз сайысы, әдемі қимыл, орынды мимикамен бірге көрінеді. Бұл да
қазақ халқының
актерлік өнері ерте кезден-ақ дамығанына бірден –бір
дәлел.
Актер
халыққа өнер көрсетіп, эстетикалық
ләззат беруші ғана емес, сонымен қатар тіл сияқты мол қазынаның сақшысы,сөзді
дұрыс айта білуді үйрететін , насихаттайтын, нормалайтын адам.
Дұрыс тыныстап, дұрыс деп алу барысында сөз нақты шығып, тренинг-
жаттығулар жасау нәтижесінде
сахналық шеберлікті молайтуға болады. Актердің шеберлігі шыңдалып, өнер өрісінің биіктей түсуі үшін, мұндай ауыр да,
азапты жолдан басқа, ешбір жеңіл сүрлеудің кездеспейтіндігі тағы белгілі.
Мәдениет пен өнердің тууы мен
қалыптасуы, дамуы мен түрлену үдерісі екі түрлі
үрдіс арқылы жасалады.
Біріншісі, дәстүрлі-нормативті қорғау, яғни
өнердегі дәстүр сабақтастығын сақтау,
мәдени мұраларды қызғыштай қорып,
ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру. Екіншісі,
экспериментальды-ізденіс үрдістері. Бұл бағытқа
негізінен жаңашылдық, заманауи тәжірибелік ізденістер
тән.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Станиславский К.С. Работа актера над собой. – М. : РБК
СОФТ, 2004.
2.
Кнебель М.О.
Мастерство актера. Искусство. 1971г
3.
Байсеркенов «сахна және актер» Алматы «ана тілі» 1993ж