Педагогические
науки/3.Методические основы
воспитательного процесса
Г.Е. Смагулова
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі,
Тараз қ. Қазақстан Республикасы
Жаңартылған білім беру
бағдарламасы негізінде «Музыка» пәні арқылы
оқушының шығармашылығын арттыру
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру
барысында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа
жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы
мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен
қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім
беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды
сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың
шығармашылық іскерлігін дамытуды, музыка пәні
мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда жаһандық
проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық
мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру
бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға,
бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне
қатысты білім беру саласындағы өзекті
құндылықтар мен мақсаттар мектеп
оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты
енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп
мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып,
іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен
өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім
беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған
міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Осы реформалау аясына «Музыка» пәнін оқытуға
арналған білім беру бағдарламасы да қамтылмақ.
«Музыка» пәні бойынша білім беру бағдарламасы жеке
тұлғаның өзінің пікір-сезімдерін білдіру ортасы
және қарым-қатынас жасаудың ерекше нысаны ретінде
адамның рухани өсуіне және мына жылдам өзгеріп, жаҺанданып
жатқан әлемде бір-бірін терең түсінуге мол
мүмкіндік береді. Адамның өз музыкалық ойларын зерттеу
және дамыту сияқты музыкалық дағдыларын дамыту
шығармашылық тұрғыдан және жеке тұлға
ретінде дамуға жол аша отырып, олар адамдардың
құндылықтары мен қасиеттерін түрлі
тұрғыдан қарастыруға көмектеседі. Сонымен
қатар, музыкалық білім пәнге тән дағдыларды,
білім мен түсінікті дамытып кеңейтуге септігін тигізеді.
Музыка
адамның жеке тұлғалық қасиеттерін білдіруге
мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді құрал мен
қарым-қатынас тілі. «Музыка» пəні оқушының
шығармашылық қабілеттерін, музыкалық мəдениетін,
эмоционалды-сезімдік аясын, музыкалық-есту жəне бейнелі көркем
қиял-елестерін қалыптастыруға бағытталған.
«Музыка» пəнінің мазмұны халық музыкасы
(қазақ халық музыкасы жəне өзге
халықтардың музыкалық фольклоры), классикалық жəне
эстрадалық музыка, музыкалық сауаттылық, музыкалық
аспаптарда ойнау (музицирование) сияқты шығармашылық
əрекеттерден тұрады. Бағдарлама қазақ
халқының музыкалық фольклорының жауһарларымен,
қазіргі қазақстандық өнерімен таныстыра отырып,
ұлттық сана-сезімді, патриоттық сезімді, өз
ұлтының мəдениетіне деген сүйіспеншілік пен
құрметке тəрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақта
оқушылар адами құндылықтарды қазақ
халқының дəстүрлі музыкалық өнерін,
еліміздегі халықтар музыкасын, жəне əлемдік классикалық
музыка арқылы білетін болады.
Білім беру
ұйымдары, оқушылардың қалай білім алуды үйрену
керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы
жоғары, өзіне өзі сенімді, жауапты, зерделі оқушы
тəрбиелейтін қағиданы ұстанады. Мұғалімдер
оқушылардың бойында бұл қасиеттерді əртүрлі
оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырады жəне дамытады,
оларға:
-оқушылардың
жеке пікірімен санаса отырып, олардың алдында меңгерген білімдері
мен түсініктерін əрі қарай дамыту үшін оны
қолданудың
маңыздылығын мойындау;
-жүйелі
түрде іріктелген тапсырмалар мен іс-əрекет түрлері
арқылы оқушыларды ынталандыра жəне дамыта оқыту;
-міндеттерді шешу
əдіс-тəсілдерін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, түсінікті жолмен құру жəне көрсету;
-оқушылардың
зерттеу жұмыстарын жүргізуін жəне белсенді оқытуын
қолдау;
-жеке, топтық
жəне ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
-балалар
музыкалық аспаптарында жəне қазақ халық
ұрмалы аспаптарында ойнау үрдісінде, əн айту, музыка
тыңдау жəне өз сезімін жеткізу, музыка жазу жəне
суырыпсалу, əр түрлі дыбыстармен тəжірибе жүргізу үрдісінде
оқушыларды белсенді қатыстыру;
-оқу
үдерісін белсендіру тəсілі ретінде музыкалық шығармалар
мен оқушының музыкалық жұмысына мəн беріп, талдау
жəне бағалау;
-жас музыкант
ретінде өз тəжірибеңнің негізінде пəндік білім мен
дағдыны дамыту;
-оқушылардың
сын тұрғысынан ойлау мүмкіндігін дамыту мақсатында
жəне ерекше шешімдер қабылдау тиімділігі
үшін оқу үдерісінде проблемалық жағдайларды
пайдалану;
-оқушылардың
білімін қолдайтын, ынталандыратын жəне мадақтайтын
түрлі іс-əрекеттерді қолдану;
-білімді дербестікпен
табу үшін оқушылардың мотивациясын қалыптастыру;
-жаңа
идеяларды іздестіру жəне пайдалану, əртүрлі
көзқарастарды қарастыру;
-оқушыларға
оқу кезеңінде қай сатыда екенін жəне одан əрі даму
үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін
түсінуге көмектесетін əртүрлі бағалау
тəсілдерін пайдалану;
-оқыту
үшін бағалау арқылы оқушылардың білім алуын
қолдау;
-шабыт пен ынта
беретін оқыту ортасын құру мақсатында оқытуды
жіктеп, саралау;
-музыка
сабақтарында пəнаралық кіріктіруді қолдану;
-музыкалық-шығармашылық
іс-əрекеттерді əрі қарай ынталандыру мақсатында
оқушылардың өз ойларын жеткізуіне жəне жұмыстарын
көрсетіп, ұсынуына жағдай жасау;
Жалпы білім беретін мектептердегі берілетін музыкалық –
эстетикалық тәрбиенің мағызы зор Бүгінгі
таңда балаларды жастайынан өнерге баулу
бүкілхалықтық іс болып тұрғаны баршамызға
белгілі. Мектеп қабырғасында сабақтан тыс жүргізілетін
әр түрлі көркемөнер үйірмелері арқылы оқушылар
заман талабына сай музыкалық – эстетикалық білім алады.
В.А.Сухамилинский музыканы өнегелі, тәрбиелі, ақылды адамды
тәрбиелейтін құрал деп есептеген. «Болашақта
еңбек етіп, халыққа қызмет көрсетіп,
ұрпақ тәрбиелейтін елінің дамуына өз үлесін
қосатын – мектеп оқушылары. Оқушылардың
шығармашылығын дамытуда музыкалық – эстетикалық
тәлім – тәрбие мен білім беру аса маңызды. Осы орайда
жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушыны
жан-жақты шығармашыл тұлға ретінде дамуына
маңызды үлес қосады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Музыка» пәні бойынша
1-4-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы,
1.1–1.9-тармақтар.
2.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы.
«Музыка пәні бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу»
тарауы.
3.
Мұғалімдерді бағамдауға арналған жаттығулар.