Р.Б.
Маженова, Манашова Г.Н., Ж.М. Тасболат,
Сулейменова А.Б.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан, Қарағанды қаласы
Балаға
мектепке дейінгі ұйымға
бейімделу кезінде психологиялық қолдау көрсету
«Бала
тәрбиесін жақсы білейін
деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді
өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп,
көңіл- сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланы
туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы
қалай кіретін жолын іздеуі керек, баланың ісіне, түсіне
қарап ішкі халінен хабар аларлық болуы керек», - деп Ахмет
Байтұрсынұлы балалар тәрбиесіне баса назар аударған
[1].
Бұл мәселенің
өзектілігі мектепке дейінгі ұйымдарға
бүлдіршіндердің бейімделуі кезеңіндегі
қиыншылықтарды анықтап, оны жеңу жолындағы
педагог-психолог маманының қызметін қарастыру және
балабақшаға бейімдеудің жаңа технологияларын
қолданудың жетістіктерін анықтау болып табылады.
Баланың психикалық дамуы
кезіндегі ортаға бейімделу мәселесіне өз үлесін қосқандар
Л.С. Выготский, Д. Б. Эльконин, А. Н.
Леонтьев, Я. И. Ковальчук, Р. С. Буре, Л. Ф. Островская, М.И. Лисина, К.Л.
Печора, Г.У.Мажит, Л. Махамбетиярова, А. Наманбаева және т.б..
Баланы үш жастан мектепке
дейінгі ұйымға беру дұрыс емес болып есептелінеді.
Балаға бұл кері әсерін тигізеді. Мұның себебі,
баланың психологиялық дамуының ерекшеліктеріне байланысты.
Бала осы сенсетивті кезеңде өзімен қатар
құрдастарымен карым-қатынасты қажет етпейді.
Көбінесе ата-ананы түрлі ойындар ойнауда партнеры(серіктесі) етіп
санайды.
Бүлдіршіндердің
балабақшаға бейімделу кезіндегі қиыншылықтардың
себептеріне келетін болсақ: ата-анасының назарынсыз қалып көрмеген; басқа адамдармен
бұрын қалып көрмегендіктен; дәретке өзі отырып
үйренбегендіктен; кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ,
мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап
үйренбеген (картоп, нан); кей отбасында ата-ана баласы екі жасқа
толмай екінші баласын дүниеге әкеледі. Себебі, олар
балабақшадағы тіршілікке ілесе алмағандықтан. Мысалы:
жылдам киімін ауыстыра алмайды, серуенге
жиналуда, тамақтануда да баяулық танытады. Ал мұны
тәрбиешілер дер кезінде түсініп психолог мамандарына
жүгінбегендіктен бала онан сайын баяу болып, шаршағыш болады
және өзімен жасты құрдастарынан дамуы жағынан
қалып қояды.
Психолог ғалым К.Л. Печора,
өзінің зерттеулерінен мектепке дейінгі ұйымдардағы
балалардың тек 18,2% ғана балабақшаға баруға
дайын болады, 6% - дайын емес,
75,8% шартты түрде дайын[2].
Дәрігерлер мен психологтар Баланың балабақшаға
бейімделу кезеңнің ұзақтылығы үш
дәрежеге бөлген [3]: жеңіл,
орташа, күрделі.
Жеңіл
бейімделу кезінде бала бір апта ішінде немесе 6 күнде
бір қалыпқа келеді. Бірінші аптаның аяғында
тамаққа деген тәбеті орнына келеді.
Екінші аптаның
аяғында ұйқысы қалпына келеді.
Мектепке дейінгі балалардың сезімі әр түрлі
болады. Біреуі көңілді , біреуі тұйық, біреуі
салмақты. Көңілді балалар мен салмақты балалар
ересектермен яғни тәрбиешілерімен, құрбыларымен
қоршаған ортаға тез бейімделеді.
Орташа бейімделу кезеңінде
ұйқысы мен асқа деген тәбеті 20-40
күнде бір жүйеге келеді. Бір ай бойы баланың сезімі
тұрақсыз болады.
Бұл орташа бейімделуде балаға мына
қасиеттер тән болады.
Баланың балабақшаға
бейімделуінің қиыншылықтары салдарынан балада
денсаулығының нашарлауы байқалады. Соның ішінде
психологиялық денсаулығын нашарлатады.
Бейімделу процессі бір бағытта емес, яғни бірнеше
одақпен жүреді.
І.
Тәрбиешілермен мынадай жұмыстар жүргізіледі: бейімдеу бойынша консультациялар өткізу;
әдебиет көрмесі; бейімделу
бойынша практикум парақтарын толтыру; баланың
мінез-құлқын баллмен өлшейміз; әртүрлі
факторларды (эмоционалдық жай-күйі, әлеуметтік байланыстар,
ұйқы, тәбет) баллдық жүйемен бағалаймыз;
«+3»тен «-3»ке. Бұл баланың мінез-құлқына,
бейімделу деңгейіне обьективті түрде талдау жасауға
көмектеседі.
ІІ. Мейірбикелермен жүргізілетін
жұмыстар: баланың бейімделуі кездегі болжауда, патронажды
мейірбикелер баланың үйлеріне барып ата-аналарымен сөйлесіп
бала туралы ақпараттарды алады. Сонан кейін мейірбикемен осы
мәселені талқылайды.
ІІІ. Баламен жүргізілетін
жұмыстарға келсек: баланы бақылау; психологтың
кабинетінде ойын түрінде жүреді; баланың әлеуметтік
дағдыларын анықтап оны дамыту: танымайтын ересекпен
қарым-қатынасқа түсу, үлкендердің ықпалынсыз
әрекет етуі, бастамашылдық, шыдамдылық; баланың
психолог кабинетінде қалай ұстайтынына қарап, оның
жаңа ортада қалай ұстайтынын анықтай аламыз.
Психологпен бірінші кездесуінен баланың проблемасы байқалады
және отбасылық бірінші консультация болады.
Алдын-алу диагностикасы. Егер бала
белсенді және ойындарды қызығушылықтармен ойнаса, онда
баланың даму картасын толтырылуы. Даму картасы 1-4 жас аралығында
жүргізіледі.
IV. Ата-аналарымен жүргізілетін
жұмыстар: жалпы ата-аналар жиналсыны өткізеді;
жиналыста
психолог ата-аналарды бейімделудің түрлерімен таныстырады. Отбасыны
мектепке дейінгі ұйымдарға бейімделу кезде қандай
қиындықтар күтіп тұрғаны жайлы, баланың
реакциясы қандай болады, балаға қандай көмек
көрсету керектігі жайлы ұсыныстар айтуы керек. Ата-аналар арасынан
психологиялық қолдауды қажет ететін жағдайда жеке консультацияларды
ұйымдастыруы керек.
Жиналыс аптасына екі рет жасау керек.
Ол жиналыста балада бейімделу процессінің өтілуі талқыланады.
Алғашқыда бейімделу бағытын таңдап алынады, онан
соң үйрену қадамы жүреді.
Баланың ата-аналарымен байланыс
орнатуға көмектесуге келсек. Әдетте,
қарым-қатынас орнатуда бірден қиыншылықтар
туындайтын ата-аналар кездеседі. Осындай
жағдайда, тәрбиешілерге ата-аналардың ұстанымдары мен
қауіптенетін мәселелерін түсіндіреді. Бұл
тәрбиешілерге ата-аналардағы түсініспеушілік туындаған
жағдайда көмектеседі.
Қорытынды этап.
Тәрбиешілер мен ата-аналарынан анкеталау әдісін қолданып,
оның қорытындысынан баланың мектепке дейінгі
ұйымға бейімделуін бағалаймыз.
Баланың мектепке дейінгі
ұйымға бейімделуге көмектесетін жаттығуларды орындату
арқылы топтағы импульсивті, агрессиялық
көңіл-күйді төмендетеді. Балабақшаға
бейімделе алмай жүреген, әлі де көңіл бөлуді
талап ететін балаларға диагностикалық жұмыстарын қайта
жүргізеді.
Біздің ұсынысымыз:
ата-аналарға баланы балабақша беруді жаз айларында
ұйымдастыру қажет. Жаз айларында жұмыстан демалыс
уақытысы келеді. Сол демалыс уақытын балаңызға арнап,
балақақшаға балаңызбен 2-3 күн көлемінде
барып жүріңіз. Осы уақыт ішінде баланың жанынан
табылыңыз, яғни, құрдастарымен ойындар ойнағанда,
тәрбиешілердің жасатқан жаттығулары кезінде, серуенге
шыққанда. Алғашқыда бала құрдастарымен
ойнап жүрсе де алаңдап жүреді, анасы жақында ма деп
қарайлауы мүмкін. Бірақ көзі жеткенде тыныштанып, ары
қарай ойынын жалғастырады. Би билеп жүрген кезде анасы
баласының қасында баланың биіне қол шапалақтап,
қолдау көрсету арқылы ертеңгіліктерде кездесуі
мүмкін қиыншылықтардын бірте-бірте арыламыз.
Қорыта келгенде,
баланың маңызды және жаңа ортаға бейімделуі
жеңіл емес мектепке дейінгі шақтағы балабақшаға
бейімделуде психологиялық қолдау көрсету психикалық
денсаулығын сақтаудың және баланың
толыққанды дамуындағы маңызды аспект болып табылады.
Әдебиеттер
тізімі:
1. http://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/38695/.
2. http://www.maam.ru.
3. Г.У. Мажит. Баланың мектепке дейінгі білім беру
мекемесіне бейімделуі// Отбасы және балабақша. – 2016. - №5. –
Б.10-11.