ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінің аға
оқытушысы, п.ғ.м. – Жумаш Ж.Е.
Қазіргі таңда білім берудің
әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне
айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр
елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған.
Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі
тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы
қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен
өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды
іс-шара болып табылады.
«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
(Питер Клайн)... Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті
қазіргі мектеп бағдарламаларында маңызды рөлге ие.
Мұның себебі зерттеушілік іс-әрекетті бала қабілетін
ашу, үйлесімді тұлға етіп тәрбиелеу мен дамытудың
мықты құралы деп тануда деп білеміз.
«Қазақстан»
Ұлттық энциклопедиясында: Іс-әрекет – адамның
дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет
барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп,
шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін
іскер, жасампаз субъект ретінде
қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны іс-әрекет объектісі етеді. Адам
іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен
қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне
ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің
өлшемі мен мәні етеді [1].
Зерттеушілік іс-әрекет – алдын-ала шешімі белгісіз
және ғылым саласындағы зерттеулерге тән мәселені
қою, тақырыпты теориялық зерттеу, зерттеу әдістерін
таңдау, практикада жүзеге асыру, өз бетінше ақпарат
жинау, оны талдау және қорытынды шығару сияқты негізгі
кезеңдерден тұруды болжайтын оқушылардың
шығармашылық, зерттеушілік міндетті шешумен байланысты
іс-әрекеті [2].
Мектеп жеке тұлғаның
өзіндік дамуына ықпал ететін әралуан танымдық
әдістерін оқушылар тарапынан меңгеруді қамтамасыз етуге
жәрдем етеді. Бастауыш сынып оқушыларын белсенді танымдық
әрекетке араластыру үшін, мұғалімнен дидактикалық
шарттарды құру талап етіледі, ол жағдайда білімді
меңгерумен қатар оқушылардың өзіндік жеке
тәжірибелік әрекеттері ұйымдастырылады. Оны жүзеге
асыруда технологиялар, әдістер мен тәсілдердің үлкен
қоржыны бар: бағытталған оқыту, зерттеушілік және
жартылай зерттеушілік әдістері және жобалау әдісі.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге
ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру
оқу үдерісіне қойылатын негізгі талптардың бірі болып
табылады.
«Дүниетану» пəні
оқушыларға қоршаған ортаны, түрлі
қоғамдық, мəдени жəне табиғи үдерістер
мен құбылыстарды толық, өзара байланыста танып-білуге
мүмкіндік береді. Олардың қызығушылығын оятып:
Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Қайда тұрып жатырмыз?
Бізді не қоршап жатыр? Біздің өткеніміз бен келешегіміз
қандай? - деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік
береді. «Дүниетану» пəнінің бағдарламасы
Қазақстан халқының əлеуметтік, моральдік,
шығармашылық жəне коммуникативтік өмір тəжірибесі
жөнінде кеңінен мағлұмат береді. Оқушылар
өзі, өз үйі мен отбасы туралы ой қозғаудан
бастап, қоршаған ортаның, дүниенің сырларын да
түсіне бастайды.
«Дүниетану» оқу
пәнінің жалпы мақсаты
бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында
жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды
қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен
қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара
тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін
қалыптастыру [3].
Дүниетау сабақтарында оқушылардың
зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында алдымен
тақырыпты анықтаймыз. Мысалы «Құстар».
Құстар туралы не білесің? Олар қайда мекендейді? Немен
қоректенеді? Құстар жайлы қандай ертегілер,
өлеңдер, әндер білесіңдер? және т.б. Яғни осы сұрақтардың
жауабын тауып, зерттеу жүргізуге бағыт-бағдар беріледі.
Құстар жайлы
терең білім алып, жан-жақты зерттеу мақсатында
оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беруге болады:
Ø Түрлері
Ø Сипаттамасы
Ø Мекендейтін ортасы
Ø Қорегі
Ø Қызықты
мәліметтер
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар Орман-тоғай құстарын зерттейді.
Ол үшін сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа зерттеуге
құстардың аттары беріледі. 1-топ – Тотықұс, 2-топ
– Тоқылдақ, 3-топ – Бұлбұл, 4-топ – Бөдене.
Зерттеу нәтижесі:
ОРМАН-ТОҒАЙ
ҚҰСТАРЫ
|
ТОТЫҚҰС – ПОПУГАЙ – PARROT |
||||
|
Түрлері |
Бұйра тотықұс |
Ара
тотықұсы |
Какаду |
Тукан |
|
Сипаттамасы |
Жануарлардың
ішіндегі ең ақылды құс. Дене тұрқы 9,5 см
– 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның
қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде
қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа,
басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара
алады. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың
дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз
тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы
ұрғашыларына қарағанда еркек тотылар ірі болады.
Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Тотылар 1000-ға жуық
сөздерді жаттай алады. Есте сақтау қабілеті жақсы
дамыған. Адамнан естіген сөздердің мағынасын
түсінбесе де қайталайды. Тотытәрізділер қолға
тез үйренеді, сондықтан оларды көп жағдайда
экзотикалық құс ретінде үйде, торда ұстайды. Әлемде
тотықұстардың 350-ден аса түрі кездеседі. |
|||
|
Мекендейтін ортасы |
Жалпы тропикалық
аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді.
Ұяларын ағаш қуысына, жартастардың
жарықтарына салады. |
|||
|
Қорегі |
Тотытәрізділер өсімдік тұқымдарын, әр түрлі жемістерді кейде қатты жаңғақтарды жейді. |
|||
|
Қызықты мәліметтер |
1) Австралияда
тотықұстарға арналған арнайы мектеп бар. Онда
құстарды сөйлеуге үйретеді. 2) Тотықұстар
арасындағы әлемдегі ең үлкен тұмсық иесі
– қара какаду. Тұмсығының ұзындығы – 10
сантиметр. «Какаду» сөзі "какатуа" деген малай тілінен енген.
"Какатуа"- "тістеуік" деген мағынаны білдіреді. 3) Америкада Бейби есімді
тотықұс полиция қызметкеріне көмек көрсеткен.
Белгілі бір бизнесменнің пәтеріне басып кіріп, тонап кеткен кезде
оқиға орнында болған тотықұс полиция қызметкерлерінің
көзінше ұрлықшы қылмыскерлердің бірінің
есімін атап берген. 4) Тотықұс мойын бұрмай-ақ
артындағыны көре алады 5) Ұзақ ғұмырға ие
тотықұстардың өмірі кейде 50-60 жылға, кейде
100 жасқа да созылады. |
|||
|
ТОҚЫЛДАҚ – ДЯТЕЛ – WOODPECKER |
||||
|
Түрлері |
|
|
|
Шұбар тоқылдақ |
|
Сипаттамасы |
Тоқылдақ – ұсақ және орташа келген орман
құсы. Тоқылдақ
тұқымдастарының ақ, қара және
қызыл түстердің үйлесімінде жабын
қауырсындармен сипатталатын кішкене және ірі денелі
тоқылдақтар туысы. Шұбар тоқылдақтар туысы отыз
үш түрден тұрады. Қазақстанда солардың
төртеуі кездеседі. Олар ағаш бойларымен тез козғалады.
Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне
бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Балапандары
көп уақытқа дейін ұяларында болады. |
|||
|
Мекендейтін ортасы |
Тоқылдақтар негізінен
тропикада көп тараған. Олар орманда да мекендейді. Бұлар
ұяларын ағаштарға салады. |
|||
|
Қорегі |
Ағаштардың дәндерімен,
жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен
қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін
мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен
алады, оның формасы түрліше болады. |
|||
|
Қызықты мәліметтер |
1) Тоқылдақтың негізгі
жауы - тиін. Тиін тоқылдақ жұмыртқаларын жеп,
ұясын бұзып кетеді. 2) Барлық
тоқылдақтың басында ашық қызыл
түсті телпегі бар 3) Шұбар тоқылдақ 1 секундта 20
рет тоқылдай алады. 4) Бір жегенде 1000 құмырсқа
жұта алады. 5) Тоқылдақ – орман дәрігері |
|||
|
БҰЛБҰЛ – СОЛОВЕЙ – NIGHTINGALE |
||
|
Түрлері |
|
Оңтүстік не зортұмсықты бұлбұл |
|
Сипаттамасы |
Бұлбұлдың дене тұрқы
160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей,
салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр,
қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл –
жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың
басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп
арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына
салады. Мамыр –маусымда ұяларына үш не бес
қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны
мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын
өрбітеді. Оңтүстік бұлбұлдың
кәдімгі бұлбұлдан айырмашыдығы -
құйрығы ашық қызғылттау, бауыры да
ешқандай алабажақсыз ақ түсті. Ұялау
қылығы да кәдімгі бұлбұл сияқты,
бірақ ұясын көбінесе тікелей жерге емес, шөбі
қалың өсіп жасырған бұталардың
төменгі бұтақтарына салады. Қалған
қылықтарының барлығы -
жұмыртқаларының саны, түсі, аталығы мен
аналығының арасында міндет бөлісуі кәдімгі
бұлбұлдікі сияқты.Оңтүстік бұлбұл
кәдімгі бұлбұлдан едәуір нашар сайрайды деп саналады |
|
|
Мекендейтін ортасы |
Оңтүстік
бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен
бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай
саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің
бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дегенмен осы
заманғы ірі қалаларға дейін елді мекендерде бақтар
және тынымбақтарға қоныстанудан да қашқақтамайды. |
|
|
Қорегі |
Бұлбұлдар
жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт
ағашының жидегімен және өсімдік
тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы,
қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді.
Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. |
|
|
Қызықты мәліметтер |
1) Әнші құстар
ретінде эстетикалық маңызы да бар 2) Бұлбұлдар жыл құстары.
Олар қайтып оралғанда өздерінің ұяларына
ғана тұрақтайды, орнын ауыстырмайды. 3) Жылы жаққа келген
бұлбүлдар 3-5 күн ән салмайды 4) Бұлбұлдың мекендейтін
аумағы 50-150 м. кв. құрайды. Ол жерге басқа
бұлбұл да, өзге құстар да жоламайды. 5) Шығыста бұлбұл – бақыт
құсы деп аталады. |
|
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін
дамыту мақсатында алдын-ала екі оқушыға тапсырма беріледі.
Оқушылар өз зерттеулерін сабақтың басында таныстырады.
Зерттеуге арналған сұрақтар:
1. Ылғал сүйгіш
өсімдіктерді ата.
2. Олардың қандай ерекшеліктері
бар?
3. Егер осы өсімдіктердің
тіршілік ету ортасын ауыстыратын болса, ары
қарай өсе ала ма?
4. Құрғақшылыққа
төзімді өсімдіктерді ата.
1. Күріш қандай
өсімдік?
2. Қайда өседі?
3. Пайдасы қандай?
4. Қандай түрлері бар?
5. Зияны бар ма?
6. Күріштен не жасауға
болады? Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында,
оқушылар ақпарат көздерін іздей бастайды. Натижесінде
оқушылар мынандай кестені толтырды.
|
Сипаттамасы |
Тарихы |
Күріш сорттары |
Отандық күріш
егетін жерлер |
Тұрмыстық
жағдайда қолдану |
Пайдасы |
Күріштен жасалатын заттар |
|
Оның биіктігі 60 – 150 см, бір
жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см
тереңдікке дейін кетеді). |
Қытайдан басталатын атақты «Жібек жолы»ҚазақстандағыСырдарияныңжағасындағы
ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар
қаласына келіп тірелетін
Күріштің Сыр бойына өте ертеде келген.
Қазақстанда аса маңызды. |
Алтынай |
Қызылорда,
Оңтүстік Қазақстан,Алматыоблыстарындағы Сырдария, Ілежәне Қараталөзендерінің
аңғарында егіледі. |
1.Шыны ыдыстарды жууға
көмектеседі. 2. Ылғалды тартып алады. 3. Құмыра-ларды
безендіреді. 4.Желім жасауға болады. |
1.Адам ағзасын тазалайды. 2.Жүрек
қан-тамырының жұмысына шипалы. 3.Асқазан жарасы бар
науқастарға емдік әсерін тигізеді. 4.Жүйке жүйесі
жақсы жұмыс атқарады. 5.Ұйқы
дұрысталады6.Бет терісінің түсі әдеміленеді. 7.Ауыздан жағымсыз иісті
болдырмайды. |
Күріш дәнінен спирт,крахмалалынады, сабанынан қағаз
жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға
болады. |
Бастауыш сынып оқушыларының
зерттеушілік іс-әрекеттері – бұл шығармашылық
әрекет, ол қоршаған ортаны танып – білуге
бағытталған, оқушылар тарапынан өздеріне қажетті
жаңа білімдерді ашу. Ол олардың құндылық,
зияткерлік әлеуеттерінің нәтижелі дамуы шарттарын
қамтамасыз етеді, оқушыларды белсендіру құралы болып
табылады, зерттеліп жатқан материалға олардың
қызығушылықтарының артуын қамтамасыз етеді,
зерттеліп жатқан материалдың аясын неғұрлым
кеңейтуге мүмкіндік береді, пәндік және жалпы
дағдыларды қалыптастырады. Зерттеушілік әрекеттері үдерісі
кезінде оқушы оқыту нысанынан арылады, ол білім беру
үрдісінде белсенді позициялық орын алады. Мұндай бағыт
оқушы бойында шешімдерді жасау мен оларды қабылдауда өз
бетінше жұмыс жасай алу қабілетін қалыптастырады, ол өз
әрекеттеріне жауапкершілік алады, өзіне – өзі сенімділігі
артады, жеке тұлға бойындағы маңызды мақсаттылық
пен өзге қасиеттерге ие болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақстан»:
Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ж.–720 б.
2. Ақмағанбетова
Г. Жобалау-зерттеу қызметіне жетелейтін жол//«Қазақстан
мектебі» №7. 2013 жыл. 4-5бет
3. Дүниетану.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш метепке (1-4
сыныптар) арналған оқу бағдарламасы – Астана, 2016. 43б.