СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ
Сарсенова
С.Е., Уристенбекова Г.К.
Ш.Есенов
атындағы КМТИУ, Қазақстан, Ақтау қаласы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
бағдарламасы – әлемнің түкпір- түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені
жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит. Жобаның негізі
Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
“Сын
тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды
қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды
жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу,
салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен
тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп
түсіндіреді авторлар.
Сын
тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта студенттердің
қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін
және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан
ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, студенттің өз
ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап,
салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі
зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен
және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту
бағдарламасы. Студентті
оқытушымен, топтағылармен еркін сөйлесуге, пікір
таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға,
құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Студент — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Оқытушы
— әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің
түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен
еңбегі.
Сын
тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі
шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2)
студенттерге
ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға
рұқсат беру;
3)
әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену
барысындағы студенттердің белсенді іс-әрекетін қолдау;
5)
студенттердің бір-бірінің жауабына жасаған сынының
дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын
тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез —
келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған
түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін,
жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз
ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе,
өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой
елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан
қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Сын тұрғысынан
ойлауға үйрету модулінде оқытушы мен студенттің сын
тұрғысынан ойлауын дамытуды көздейді. Сын
тұрғысынан ойлаудың өзіндік ерекше белгісі - белгілі
бір мәселені тұжырымдауда сыңаржақтылыққа
жол бермеу, оның шынайылығы мен маңыздылығы туралы
ойлана білуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлау –
Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды
болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Бұл модуль студенттердің де, мұғалімдердің де сын
тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен
қабылдауын көздейді. Психолог-ғалым В.Г. Крутецкий:
«Ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің
және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы,
барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды
нақты және жан-жақты тексеру», - дейді. /1:32/ Сыни
тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау, «ойлау туралы ойлау»
деп сипаталған ол маңызды мәселелерді талқылау
және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Біз өз іс тәжірибемізде «Сын
тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданамыз. Мақсатымыз
әр студентте өзін–өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын
дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім
алуға үйрету және дамудың ең биік шыңына
жеткізу болып табылады.
Мысалы: қорытынды сабақта алдыңғы
сабақтардан алған мәліметтерін қорыту мақсатында
Э.Бононың «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясын
қолдандым. Ақылдың алты қалпағымен жұмыс жасау
кеңінен сыни ойлатуға бағытталған әдістің
бірі. Бұл тапсырмада студенттер өздерінің «Қазақ
елі» жайлы жақсы меңгергендігін aйтудан таянып қaлмады.
Өз пікірлерін өз деңгейлерінше талдап, айтып шықты.
Бұл тапсырмада студенттер жұп болып жұмыс жасады. Қызыл
қалпақтағылар – түйсік, еліміздің қай
жағынан алып қарасақ та бай ел, жер қойнауының
пайдалы қазбаларға бай екенін айтып өз ойларын ортаға
салса, сары қалпақ – позитив, еліміздің тәуелсіз ел
екенін, өз тумыз, елтаңбамыз, әнұранымыз барын тілге
тиек етсе, еліміздің басқа да жетістіктерін, жағымды
тұстарын мақтанышпен көрсетті, жасыл қалпақ –
креатив, менде қандай идеялар бар?, еліміздің экономиккасын
дамытып, мұнайды, бекіре тұқымдас экспортқа
қымбат бағамен шығарған болар едік деген тың
идеяларын ұсынса, ақ қалпақтар – 1991 жылы
тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді, 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік
рәміздерімзді қабылдағанын, 1992 жылы наурызда
Қазақстанның БҰҰ-на мүше
болғандығын нақты фактілермен, ақпараттармен
дәлелдеді, қара қалпақ – ғылым мен техниканың
жетістіктерінің шапшаң дамуы табиғатқа кері
әсерін бергендігін, нәтижесінде экология нашарлап, аурулардың
түрі көбейгенін тілге тиек ете отырып, жағымсыз
жақтарын көрсетсе, көк қалпақтағылар –
Қазақстан бірлігі жарасқан ел, табиғатымен,
өнеркәсібімен, пайдалы қазбаларымен ерекшеленетіне жалпы шолу
жасады. Студенттер сабақта қолданылған «Ақылдың
алты қалпағы» әдісі арқылы тақырыпқа
толық сипттама берді. Өздері алдыңғы сабақтарда
алған теориялық білімдерін, жинаған мәліметтерін
пайдаға жаратты. Студенттер топта жұп болып жұмыс жасап, сыни
тұрғыдан oйлана келе тапсырманы орындап шықты. Бұл А,
Б, С деген студенттердің
тапсырманы орындаудағы шеберліктері байқадым. Топтық
жұмыс, жұптық жұмыста да студенттер сыни
тұрғыдан ойлана отырып, практика жүзінде, теория жүзінде
жауап берді. Бұл тапсырманы орындатқанда төмендегідей
нәтижелерге қол жеткіздім:
- Студенттер ойланып-толғанып, ойын ашық
айтты;
- Әр түрлі идеялар мен пікірлерге сыни
тұрғыдан қарады;
- Әрбір студент сыни шешімді қабылдай алатын
қабілетіне сенімдік білдірді;
- Сыни ойлауды бағалады;
- Өздеріне деген сенімдерін және өз
пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінді.
|
|
|
|
Топтағы студeнттeрді өз тәжірибeмдeгі
дәлeлдeргe ынталандыруым қажeт болды. Ол үшін
студeнттeрдің қызығушылығын оятып, олардың сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін
қолдануға болатын түрлі мысалдар ұсындым. Сонымeн
қатар, студeнттeрдe бақылау, талдау, қорытынды жасау
жәнe интeрпрeтациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік
жасауға бағыттау мүмкіндігін қарастыруды ойластырдым.
Мысалы: студeнттeргe сурeттeр, фотосурeттeр, видeоматeриалдар,
дeрeккөздeр ұсындым. Олар жиналған ақпараттар бойынша
қорытындылар жәнe тұжырымдар жасап, нeгізгі
дeрeккөздeрді салыстырды жәнe талқылады. Диаграмманы толтыру барысында көптeгeн
қажeтті мәлімeттeр, ақпараттар пайдаланды. Мысалы, екі
көлдің өзіндік географиялық, физикалық
ерекшеліктерін сипаттай келе, олардың ұқсас белгілері –
олардың тұйықтығы деген қорытынды жасады.
Нәтижесінде студенттерімнің екі көл туралы мәліметтерді
салыстыра алатындығына көзімді жеткіздім. Осы
қағиданы негізге ала отырып, айшықты мекеннің бірі –
Жасыбай көлі мен Каспий көлінің өзіндік eрeкшeліктeрі
мeн ұқсастықтарын салыстыра отырып, «Вeнн диаграммасына» түсіруді мақсат етіп қойған
болатынмын. Венн диаграммасын беруімнің себебі жақсы мен жаманды
айыра білуге, оның жақсы тұстарын өмірде пайдалана
білуге үйрету.
Жалпы әрбір модуль өзіндік
жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс
тәсілдерді әр оқытушы өзінің ізденісі арқылы
студент қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп,
қолданылады. Студенттерге тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп
сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және
тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген
әдіс – тәсілдер студенттердің оқуға деген ынта –
ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім –
біліктерінің арттыруға үлес қосатыны сөзсіз. Соның
бірі сыни тұрғыдан ойлауды тереңірек пайдалануды жөн
көрдім. Сыни тұрғысынан ойлауда студенттер
өз ойларын сараптау қабілетін, ақпараттың
шынайлығы мен маңыздылығын ойлана білуін, оқытушы
үшін сыни тұрғыдан бағалауға тиімді. Осы
тұрғыдан сабағымда«Сәйкесін тап!» және «Кластер»
әдістерін пайдалануды жөн деп
санадым. Берілген мәліметтердің яғни Жасыбай
көлі бойынша мәтінмен жұмыс жасай отырып,
мәліметтердің дұрыс, бұрыстығын сыни
тұрғыдан жіберген қателіктерін келесі топ анықтады. Ал
«Кластер» әдісі бойынша берілген тапсырмада Блум таксономиясының ойлау
деңгейлері бойынша алдыңғы сабақтардан алған
теориялық білімдерін сарапқа сала отырып, материалды түсінді,
қолданды, талдады, ойларын жинақтады. Байқағаным бойынша, бұл
тапсырма студенттрге қиындық тудыра қойған жоқ.
Себебі алдыңғы сабақтарда қазақстанның
байлығы, табиғи байлығы т.б. мәліметтерді толық
меңгерген.Сабақта қолданған бұл
әдістерімнің тиімділігі - сын тұрғысынан ойлау,
бақылау, толғану, тәжірибе және пайымдау нәтижесінде
алынған ақпараттарды түсіну, талдау, бағалау және
синтездеу болып табылады.
Сабақ соңында қол жеткізген
нәтижелеріміз: студенттердің танымдық ізденімпаздығы
қалыптасып, мәселелерді терең талдауға үйренді,
шығармашылық ой-өрісі артты, ұжымдық ой-пікірлері
жетіліп, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым
жасауға үйренді, оқытушы
мен студенттердің қарым-қатынасы
ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артты, студенттер өз
ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренді, білімін
жүйелі түрде толықтыруға, өз әрекетіне сын
тұрғысынан қарауға, тұжырым жасап
қорытындылауға үйренді.
Сабақ барысында сыни тұрғыдан
ойлау стратегиясын қолдануымызда сәтсіз тұстары да болды. Студенттердің барлығы жаппай сыни ойлап кетті
деп айта алмаймын. Себебі орыс тобы болғандықтан сөздік
қордың аздығы көп кедергі жасады. Сонымен қатар өзін жеке дара тұлға ретінде таныта алмаған
студенттеріміздің де болғанын байқадық.
Студенттер өздерінің курстастарымен диалог
жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой
әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына
отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап,
зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Сабақта сын
тұрғысынан оқыту технологиясының, стратегияларын
пайдалана отырып, студенттердің ұсыныс пікірлерін еркін
айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген
сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдық.
Ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үрдісі
студенттердің қабілеттерін жоғарылатады. Сондықтан да біз
келешекте сыни
тұрғысынан ойлау модулінің диалог арқылы ойлауды,
джигсо, рефлексиялық оқыту әдіс-тәсілдерін сабақ
барысында жиі қолданып, оларды дамытып студенттің ой-өрісін
шыңдауды көздейміз.
Пайдаланылған әдeбиeттeр:
1.
Студeнткe
арналған нұсқаулық, 2015.
2.
Крутeцкий
В.А. Основы пeдагогичeской психологии. 1972.