Абишева Лаззат
Сагинтаевна
№ 16 мектеп
Қарағанды
қаласы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі кезде мектептерде
жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі –
оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау
қабілетін қалыптастыруға бағытталған
әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде
жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең
де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын.
Адамның танымы неғұрлым биіктей
берген сайын дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе
бермек. Дүние,
табиғат бір
қалыпта емес, ол
үнемі динамикада. Сондықтан да
біз бәріміз
бұрынғының
қажеттісін ала отырып, бір жаңашылдыққа ұмтыламыз. Неміс ақыны: «Біліп қана қою -
аз, сол білгеніңді істе қолдана білу қажет, ниеттену
ғана аз, сол ниетіңді іске
асыруың керек», -
деген тамаша пікір білдірген
екен. Адам санасында көп білімді жинақтайды,
бірақ соларды іске
асыруға құлшылық
ете білмейді. Соңғы
жылдары мен «Қазақ тілі мен
әдебеті» журналынан «Тақырыптас шығармаларды сабақтастыру» деген қызықты мақаламен таныстым. Онда белгілі тақырыпқа арналған бірнеше автордың шығармаларын бір
сабақта өту, сол арқылы
өмір
құбылысын
бейнелеудегі әр
автордың шеберлігін салыстыра
отырып,тақырыптас
шығармаларды
сабақтастыра оқыту балалардың білім
өрісін өсіріп,
аталмыш тақырыптарды жан-жақты танытуға, көркем туындыны
талдау мен жазушы
шеберлігі туралы дәйекті
пікір
қалыптастыруға
көбірек
мүмкіндік беретіні туралы
жазылған. Осы
мәселе көпке дейін ойымда жүрді. Бұндай сабақтардың мұғалімге де, оқушыға да тиімді екенін байқадым.
Өзімнің іс-
тәжірибеме енгізу үшін
мен педагогикалық еңбектерден осы
мәселеге жуық материалмен
таныстым. Бұндай әдіс педагогикада сонау В.Шаталов
кезінен қолданылады екен.
В.Шаталов оқыту материалдарын
ірілендірген. Яғни, ұқсас,туыстас бірыңғай
ұғымдарды оқытуды біріктірген. Бұл тәжірибені педагог П.Эрдниев те көп жылдар қолданған.
Ол « дидактикалық бірлік »
ұғымын енгізіп,
оған мынадай түсінік береді: «Бір сабақ көлемінде
ұқсас материалдың немесе тапсырмалардың біте
қайнасуы, дидактикалық бірліктермен меңгерту - оқу
процесінің негізгі « клеткасын»
көздейді, яғни
күрделі, көп
компонентті материалды аз
уақыт көлемінде салыстыра
және нақты
меңгеру.»
Оқушы нақты білімді
және оны қызықты жолдармен
меңгерткенді
қажет етеді. Жоғарыда аталған
еңбектермен танысып болып, мен
7-сыныптың әдебиет
сабағында өнер тақырыбына арналған І.Жансүгіровтің
«Әнші» өлеңі мен Ж. Аймаутовтың «Әнші»
әңгімесін сабақтастыруға
болатынын аңғардым.. Әр
шығарманы жеке меңгерткеннен кейін
оларды салыстыра отырып, мазмұн мен түр жағына шолу
жасау, көркемдігі мен тілін
талдау арқылы шығармадағы сабақтастық пен
ерекшеліктерді тани білу, жазушы
стилі мен шеберлігін сөз ету, балалардың ойын жинақтау мен
талдау, салыстыру
машығын қалыптастырып,
өнер туындысын
тереңірек тани түсуіне
әсерін тигізері нақ.
Сабақ тірек – кестемен бекілтіліп отырылады. Яғни, авторлары,
прототиптер, жанрлар, тақырыбы мен идеясы,
көркемдігі талданады. Бұндай
сабақтар басты мәселеге әр автордың бейнелеу
тұлғасынан келіп,
оқушының өзіндік ой
қорытуына
мүмкіндік жасайды. Кей
жағдайлардағы бір шығармадағы ой, сурет екіншісін
толықтырып, тақырыпты
терендетуге жол ашады.
Бұндай сабақтарда көбіне
логикалық «талдау,
жинақтау,диагностикалық жеке ізденіс зерттеу»,
оқулықпен, жеке әдістерді
қолдануға болады. Оқыту процесінде көбіне
білім беру ақпараттарының
көлемін ұлғайту мен оқушының оларды
меңгере алмауы арасында қарама-қайшылықтар туып жатады.
Осында көп ақпараттардың ішінде ең керектісін негізгі,нақты, қажеттісін
меңгертетін бұндай
әдістердің оқушыға пайдасы мол.П. Эрдниеввтің «дидактикалық бірліктерді ірілендіру»
технологиясын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жиі
пайдалануға болады. Мысалы көркем шығармаларды талдау кезінде
«кубизм» стратегиясын қолдану- оқушының түпкілікті
ойлануына, өз пікірін қалыптастыруға, сабаққа
қатысуына, ойларын қопаруға, мәтінмен жұмыс
істеуіне, өзгенің пікірін құрметтеп, өз ойын
ұсына білуге зор әсерін тигізеді. Кубтың алты жағында
алты түрлі тапсырма бар. Яғни, суреттеңіз, ойыңызбен
байланыстырыңыз, қолданыңыз, зерттеңіз,
салыстырыңыз, талқылаңыз немесе қарсы
шығыңыз. Мен бұл стратегияны көбіне әдебиет
сабағына қолдануды жөн көремін. Оқушылар
қызығушылықпен
сабаққа қатысып, құнды ой- пікірлерін
жеткізе алуға дағдыланады. Бұндай жұмыс түрі
тақырыпты жан- жақты қамтуға мүмкіндік
туғызады. Сынып алты топқа бөлініп, алты түрлі
жұмыс жасайды. Мұнда сабаққа қатыспай
қалмайтын оқушы болмайды. Әркім өз ойын білдіреді.
Және де осы тақырып бойынша өзі білмейтін өзгелердің
қызықты пікірлерімен танысып, білімін толықтырады.
Бұндай сабақтарда мен ынталандыру- қызықтыру
әдістері ( қызықтыру жағдайлары) , апперцепция
әдістерін қолданамын. Оқушы көрген- білгеннен
айтуға тұрарлық, құнды пікірін бөліп алып
айтады. Осындай жұмыс түрлерінің үнемі
жүргізілуінің пайдасы мол. Ұстаз аракідік қана
шұғылданбай, өзінің әдістемесінде жиі
қолданып отырса, нұр үстіне нұр. Сонда біз баланы
тәрбиелей отырып білім береміз. Әл- Фараби тәрбиесіз берілген
білімнің ең қауіпті екендігін айтқан ғой. Ендеше
біз алдымызда отырған әр баланы ертең өмірдің
шатқалдарында, асуларында адаспайтындай, шаршамайтындай етіп
тәрбиелеуге міндеттіміз.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың
іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік,
дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен
көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға
жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді
қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға
тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына
мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза
білуге үйретеміз.
Қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды
бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік
қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға
жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа,
жүйелі білімге жетелейді.
Сонымен, қазақ тілі мен
әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы
бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген
өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2. Жаңа білім бойынша өз
жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері
талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік
қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми,
шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен
алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға
қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
5. Білім дәрежесі
деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының
деңгейі қалыптасады/
6. Бір-бірімен
ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі,
айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде
ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің
және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен
қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті
адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап
оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен,
іс-тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл
бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын
алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық,
жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс
қабылдауға үйренеді.
Әдебиеттер:
1. Т.А. Ильина « Педагогика»
А, 1977ж
2. Қазақ тілі
мен әдебиеті журналы « Тақырыптас шығармаларды
сабақтастыру» А, 1999, №6
3. Л.М. Фридман»
Педагогический опыт глазами психолого»( Опыт В.Ф. Шаталова М., 1987 стр65-71
4. « Даналардан
шыққан сөз» нақыл сөздер жинағы А,. 1987
5. А.Женни Стилл, Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу
жоспары». 1 Методикалық құрал.280б.