БЕЙСЕНБАЙ ҚАСҚЫРБАЙҰЛЫНЫҢ АЙТЫСТАРЫ
Төлебаева Айдынгүл Тойбазарқызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
Қазақтың
ақындық өнері фольклорлық үлгіден жазба
әдебиетке ұласқан кезеңі де ХІХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасыр басы деп танимыз. Өйткені, осы кезде,
сөз өнерінде ауызша шығармашылығымен қатар жазба
үлгідегі жаңашыл ақындар көбейе түседі.
Мәселен, Шортанбай, Әбубәкір, Тұрмағамбет, Омар,
т.б.
ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Сыр
сүлейлерінің қалыптастырған жазба айтыс
өнерінің тарихи уақытына дәл келеді. Ұлы
жазушы-ғалымның атап көрсеткеніндей, жазбалық
өнер – ауызекі айтқаннан әлдеқайда бөлек формада қалыптасады.
Жазба айтыста ақынның жеке ой-толғаныстары рөл
атқарады. Оның шығармалары көркем
әдебиеттің еншісіне тиіп, ауызекі өнердің сипаттарынан
жырақтай түседі.
Жазба
әдебиеттің рөлі артып, мәртебесі көтеріле
бастаған уақытта олар, импровизация – суырыпсалмалық
өнерін тастап, алаңсыз жазба өлеңмен шұғылданады
дей алмаймыз. Қайта аса дарынды суырыпсалма ақындардың
шығармашылығына үстеме жауапкершілік алып келді десе де
болғандай. Оларды елдегі шиеленіс өмір, теңсіздік
түрлері шыңдай түскен еді. Осы кезде Жанақ,
Түбек, Шөже, Орынбай, Шортанбай, Сүйінбай,
Қашаған, Дәме, Мұрат, Кемпірбай, Күдері
қожа, Ақсұлу, Дәме, Ырысты қыз, Ұлбике,
Біржан, Сара, Кеншімбай, Манат секілді айтыстың ірі тұлғалары
дараланып шықты.
Әдетте,
жазбаша айтыстың мақсаты әртүрлі болып келеді.
Кәдімгі суырып – салма айтыстарындағыдай сатира жағы басым
боп көрінгенімен, кейбір айтыстар уәж айтыс мәселесіне
келгенде ұзағырақ толғайды. Көтеретін
мәселелері де әр алуан. Жалпы жазба айтыстың тууына аса бір
дайындықтың, саяси талап-тілектің болуы шарт емес. Мысалы,
Әбдікәрім Оңалбаев пен Бейсенбай
Қасқырбаевтың арасындағы алғашқы айтыс
Әбдікәрімнің Бейсенбайға қиянат ықтиярсыз
кітабымды алдың деп жала жабуынан басталады.
Асылы,
жазба айтыс үлкен білім мен сауаттылық негізінде дүниеге келеді.
Ауызекі айтыста бір-бір шумақтан жиын-тойда аты шыққандар да
болған. Ал жазба айтыста тек сүбелі өнер иелері, оған
нағыз саңлақ ақындар ғана қатыса
алған.
Жазбаша
айтыста сөз болып жатқан жағдайға байланысты мысал
келтіреді, сол арқылы ақын өз ойын салмақтай жеткізеді.
Тек оның ұйқасы, сөз қолданысы
ақынның өз шеберлігіне
байланысты және ол ақындардың ойы мен өрісін
таныту үшін қолданылатын әдісі.
Б.Қасқырбаев
Әбдікәрім Оңалбаевтың бірінші хатына жауапта мысал –
хикаят келтіреді. Өсек сөзге ерген Мәруан жан жолдасын
өлтіріп, Шам қаласына қашып кетеді. Сол өсектің
кесірінен миллиондаған халық жапа шеккенін мысалға келтіре
отырып, біреудің артынан анығын білмей ғайбаттама. Екі сөйлеу,
өтірік сөйлеу азаматқа тән іс емес екендігін
Әбдікәрім ақынға мойындатады.
Ағартудың
әмеңгері аңлап бас,
Аз
күн ермек маңсабына болма мас.
Масайраудың
мазмұны-терең, тұңғиық,
Құрбы
көңілін құр жасытып, етпе тас.
Мәруан
еппен жан жолдасын өлтіртіп,
Шам-шәріге
жалғаз қашқан жалаңаш.
Өсегінен
миллион халық бүлініп,
Майдан
түзеп, халық қырылып, ақты жас.
Шам
деген Үрімдегі үлкен қала.
Ежелден
даңқы Туран, Иран халқы,
Қан
төгіп, қорғандарын еткен дала.
Асылы,
Шамшы деген арабы тіл,
«Ш»
- жұрнақ қысқартылған шәһизада.
Мәуренқан
төккішінің сиқыршысы,
Асанға
«у» бергізген Әсімаға.
Сондайын
шамшы менен қол ұстасып,
Өсекпен
жүрегіме салдың жара.
Қиялдың
қанатында самғаған ақын ойынан туған мысалдар –
Сыр бойы ақындарында жиі кездеседі. Себебі, сол кезде Сыр бойы
ақындарының шығармаларында шығыс үлгісі
сақталды. Өйткені, әдебиетте шығыс үлгісі
дәстүр дәрежесіне жеткен болатын.
Сыр
сүлейлерінің жалғасындай бола білген Б.Қасқырбаев
айтыс атты дүбірлі өнерде өзіндік қолтаңбасын
қалдырды. Біздің қолымызда ақынның 1945 жылы
ақындар айтысында айтқан «Қызыл қасқа
бұқаның арызы», Жалағаш ауданының ақыны
Төлеубай Үркімбаев және Әбдікәрім
Оңалбаевпен жазба айтыстары бар. Бейсембайдың Төлеубай,
Әбдікәрім ақындармен айтысы толассыз, әрі сәтті
жалғасып отырған. Осы айтыстары арқылы оның айтыс өнеріндегі
ерекшелігі де айқындалды. Ол Бейсембайдың тапқырлығы,
білімпаздығы, қарсыласымен шебер айтыса отырып, толғамды
ойлар мен замана, дәуір бейнесін көрсете білуі. Айтысты «От басы,
ошақ қасын» күйттеуден аулақ, әлеуметтік
мәселе қозғайтын өнер майданына шығаруы.
Жергілікті
ақындар Үркімбаев Төлеубай мен (Жалағаш ауданы)
Бейсембай Қасқырбаевтың Қармақшы ауданының
атынан 1944 жылдың 11 қарашасынан бастап, 1945 жылдың 20
қаңтарына дейін екі ауданның жетістік, кемшіліктері
жөнінде баспасөз бетінде өнер жарыстырған.
Т.Үркімбаевтың бірінші хаты (1944.11.11) Бейсенбайға
жолданады. Бармысың, Қармақшыда Қасқырбаев? деп
басталады.
Бейсенбайдың
жеке басының қасиеттерін санамалай келе:
Жасыңнан
өлеңді сен сүюші едің,
Алтындай
асыл сөзді жиюшы едің.
Толтырып,
қарыныңды қазынаға
Халықтың
құлағына құюшы едің
Жалықпай
елің үшін қызмет етіп
Жаныңды
керек десе қиюшы едің
Бір
басты, екі аяқты пенде болса
Өлеңмен
алысқанда жеңуші деп өнеріне үлкен баға береді.
Екеуінің
де туған жері Қармақшының өткені мен
бүгінін зерделейді.
Қармақшы
мен де туған жерім еді
Өзімді
ерке өсірген елім еді.
Қамыстан
ат қып мініп, асыр салған.
Төрт
көлдің төбешігі дөңім еді.
Суы
бал, топырағы алтын, шөбі шүйгін,
Малға
жай бетегелі белім еді ...
Есіліп
ер анамыз еміреніп
Еңбектің
ықпалына көніп еді.
Үйіліп
ақ қырмандар Алатаудан
Айтарлық
алтын дәнді төгіп еді.
Қаһарман
Қармақшының қалың елі
Кездескен
кедергіні жеңіп еді.
Амал
не, осы биыл Қармақшының
Хал-жайы
өте нашар көрінеді.
Ортақ
боп туған жердің қайғысына
Қабырғам
қарап жүріп сөгіледі.
Айтыс
Қармақшы ауданының егін жинауда жоспардың төрттен
бірі ғана берілгенін, ауданда орны толмас кемшіліктердің орын
алғанын тілге тиек етіп, оған кінәлі кім, шаруашылықты
тез арада қалай жөндемексіздер деп сұрайды. Расында
шаруашылық жайын сөз ету – уақыт талабы. Ақындар
күнделікті қарапайым тіршіліктің өзін отан
алдындағы зор жауапкершілікке балаған тұстары аз емес. Бейсенбай
да сөз таппай қалмайды, бірінші хатқа (136 өлең
жолы) 221 өлең жолымен жауап қайтарады.
...
Жұмыстың басын бастап, артын тастап,
Меніңше
сіз айыпты, сыртқа көшкен
Жеткіншек
тәрбиелеп мұра сайлап,
Қалдырмай
неге асықтың, қай себептен?
Дәлелсіз
мен айыпты қалай болам,
Ерлермен
етігімен суды кешкен?
Тынық
Дон, Днепрдің жұққан суы
Жыл
толмай, етігімнен жоқ қой кепкен.
Яғни,
Бейсенбайдың соғыстан оралғанына жыл да толмаған еді.
Сен ер болсаң, әуелі Қармақшыдай еліңде
танылмадың ба, елімнің айбарын асырмадың ба,- деп
кінәні Төлеубайдың өзіне аударады.
...Түс
көріп мұңайыпсың, қайғы жеп
Халық
мұңын неге ерте жыр етпедің?
Мерзімді
дер кезінде көрсетіп дөп.
Іс
жайын ертеменен сезген болсаң,
Неге
үгіт жүргізбедің, ауданға кеп?
Өткен
жылкөктемінде неге жазбай,
Болмаса
не бітірдің ала жаздай.
Жиналып
егін – тегін қыста бітіп,
Ол да
өтіп, құстар келді, тобын жазбай.
Кезінде
Асанқайғы кезді жерді,
Каспий,
Арал, еділ, Жайық суын көрді.
Жетісу,
Торғай, Ертіс суын шолып,
Желдіріп
желжаямен төсін керді.
Болмаса
қалған, аз атағы,
Қайғыдан
басқа, халыққа нені берді.
«Бар
өнім шұнайыпты», - деп қайғырған,
Сөзіңіз
қажытпай ма қайратты ерді?
Бейсенбайдың
хатында халыққа жігер, қайрат, қуат беретін отты
сөздер бастан-аяқ төгіліп жатыр. Ел
қорғаудағы ерлердің
есімі, жеңіске жету мақсаты, халқымыздың
жеңіс тойы тезірек жетсе екен деген тілегі өлеңнің
өн бойында ақынға тән стильмен келісті өрілген.
Ел бірлігінің арқасында фашистерді талқандайтынымызға
сенімі зор. Халықтар достығы, ел бірлігі, патриотизм –
Бейсенбайдың басты нысаны.
Б.Қасқырбаевтың
Т.Үркімбаевпен бірінші айтысындағы талантын таразылай келе,
нағыз ақын екенін сезінесіз. Ол татулықты, достықты,
отан-ананы, туған жер мен ел тарихын, оның сүйікті
ұлдары мен қыздарын, еңбекті жырлады. Еңбегі
жанған ерлерді сұлу сөзбен сырлады.
Екінші
айтыс көлемі 296 жолды құрайды. Сөз кезегінде
ақындар қыр-сырына қанық шаруашылықтағы
кемшіліктерді, социалистік жарыстағы екі ұжымның
жетістіктерін нақты фактілер арқылы көрсетеді. Сын
түзелмей, мін түзелмейді деген қорытындыға келеді.
Т.Үркімбаев:
Қаһарман
Қармақшының қалың елі,
Кездескен
кедергіні жеңіп еді.
Егістен,
малдан өнім мол өндіріп,
Майданға
сансыз көмек беріп еді.
Жарыстар
облыстағы, аудандардың,
Алдыңғы
кеудесіне келіп еді.
Осындай
абыройдан аумаспас деп,
Кеуілімде
бұл бір мықты сенім еді,
Амал
не, осы биыл Қармақшының,
Хал-жайы
өте нашар көрінеді.
Ортақ
боп туған жердің қайғысына.
Қабырғам
қарап жүріп сөгіледі.
Ұйықтасам
кейбір түні түсіме еніп,
Ойсырып
ойым ойға бөлінеді.
Алды
бар аудандардың арты да бар,
Ішінде
бүтін де бар, жарты да бар.
Ең
артта қалды деген Қармақшының,
Қайғылы
хабары бар, даңқы да бар.
Айтыс
барысын сараласақ, оза шауып, дараланған Бейсенбайдың
ақындық таланты көрінеді. Ал тақырып аясында
олардың бірлігі сақталады. Бұл айтыстарда ақындар
руының, жеке басының намысын жыртпайды, әріптесі де ол
жағына барыспаған. Олар жалпы елдік, әсіресе,
қоғамдық мүддені алға қойып жырлады.
Мақтау мен даттау сөздері қоғами үгіт насихат деңгейінен
аспайды. Осы кездегі айтыстың үлкен бір ерекшелігі – ақын
өз атын ғана емес, өзінің облысы, ауданы,
ұжымындағы келеңсіздіктерді алдын ала газеттен оқып,
«хат тасушы» адамның да түртпек болатыны бар (мысалы
Т.Үркімбаевқа Қармақшы ауданының мәліметін
беріп тұрған Кенжебаев Зейнебіл деген кісі) берілген деректермен
толық танысқаннан кейін ғана сынасады. Сол себептен де айтыс
шын мәніндегі өнер жарысы, таланттық қабілет сайысы
деңгейіне жете бермегенінде жасыруға болмайды.
Пайдаланылған
әдебиеттер: