Финансовое право

Копбасарова Ф.З – құқық магистірі

ТарМУ им М.Х. Дулати ,Казақстан

 

САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ

 

Салық міндеттемесінің құрамын қарастыруға көшпестен бұрын, біз бұл түсінікке қандай мағына беретінімізді айтып өтуіміз керек. Құқық теориясының жалпы бөлімінде, өз ішіне тек қана заңды мазмұнды алатын құқық-қатынастың заңды нысанының құрамын ғана айырады.  Мысалға, С.С. Алексеев былай деп жазады: «Егер де, құқық–қатынасты тек қана идеологиялық нысан ретінде ғана қарастырсақ, онда бұл жағдайда оған субъективті заңды құқықтар мен міндеттерден құралатын тек заңды мазмұн ғана тиісті . Ерекше құқық–қатынаста идеологиялық нысан ретінде ешбір өзгешелік жоқ және болуы да мүмкін емес. Егер де құқық–қатынас заңды нысан мен нақтылы материалдық мазмұн бірлігі деп танылса, онда оның құрылымы басқаша сипатталады. Бұл жағдайда құқық–қатынаста субъективті құқықтар мен міндеттермен қатар (оның заңды мазмұнын құрушылар ), тағы да екі негізгі элемент бөлінуі мүмкін: құқық субъектілері мен объектілері. Одан артық бұл жағдайда, құқық–қатынастың материалдық мазмұны оңашаланады». Жоғарыда айтылғандарды түгендей отырып, салық міндеттемесін нақты мазмұн мен заңды нысан бірлігі деп қарастыру жөнді болады. Бұл жағдайда, салық міндеттемесінің құрылымын оның барлық көріністерінде көрсетуге мүмкіндік туындап отыр.Осылайша салық міндеттемесі құрамына:   салық міндеттемесінің субъектісі; салық міндеттемесінің объектісі; және салық міндеттемесінің мазмұны (субъективті заңды құқықтар мен міндеттемелердің бірлігі ретінде, және де субъектілердің осы құқықтар мен міндеттерді нақты әрекеттерімен іске асыруы түріндегі материалдық мазмұндар. 

Салық міндеттемесіндегі міндетті тараптың алғашқы негізделген белгісі – бұл тараптың дербес тұлға статусын иемденуі болып табылады. Жеке тұлғаларға                қатысты бұл белгі әбден түсінікті және ешбір сұрақтарды тудырмайды. Бұл белгі заңды тұлғаларды сипаттауда түсіндіруді қажет етеді, себебі бірқатар мемлекеттердің салықтық заңдамаларында дербес заңды тұлғалар болып табылмайтын субъектілерді салық төлеуші деп тану тәжірибесі кең өріс алуда. Мысалы, 1995 жылдың 1–шілдесінен бастап өзінің күшін жойған «Кәсіпорындар табыстары мен кірістеріне салық салу туралы» (№1568 1994 жылдың 12-ақпанынан) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының 1–пунктінде: «Берілген Жарлық бойынша табыстар мен кірістерге салынатын салықтың төлеушілері болып, заңды тұлға статусына ие болу болмауына қарамастан, ұйымдастырушылық құқықтық нысанындарына, қызмет түріне және меншік түріне байланыссыз кәсіпкерлік қызметті іске асыратын барлық субъектілер табылады» - деп айтылады.

 Республикамыздың қазіргі салық заңдамасында да заңды тұлғалардың бөлімдерін дербес салық төлеуші ретінде қаралуы мүмкін болып отыр. Ресей Федерациясының салық құқығында да салық міндеттемесінің міндетті субъектілерін анықтау мәселесі бар. «Осылайша, салық төлеуші статусын анықтағанда бір жағынан – тұлғалар туралы, ал екінші жағынан – жеке баланс пен есептік не басқа да шоттарға ие филиалдар, бөлімдер және заңды тұлғалардың басқа да жекелеген бөлімшелері ретінде қарастырылатын кәсіпорындар туралы айтылады.

 Салық міндеттемесінің құрамы, салық міндеттемесі субъектісінің өзара байланысты және өзара шарттасқан субъективті құқықтары мен заңды міндеттерінің комплексімен анықталады. Міндеттеменің құрамын, несие берушінің борышқордан қандай да бір әрекеттерді орындауды (немесе орындамауды)  талап ету құқығы және борышқордың оларды орындау (орындамау) міндеті құрайды. яғни, «міндеттеме құрамы» борышқор міндеттеме бойынша неге міндетті деген сұраққа жауап береді. Осылайша, борышқор міндетінің құрамы оң әрекеттерге (бір нәрсе беру немесе жасау) не теріс әрекеттерге (белгілі–бір әрекеттерді жасамау, олардан тартыну және т.б.) кездеседі. Міндеттеме құрамы, несие беруші мен борышкер арасында құқықтық байланыстың бар болуындағы идеологиялық нысан (несие берушіде субъективті құқықтың, ал борышкерде заңды міндеттеменің бар болуы), және міндеттеме субъектісінің анықталған мінез–құлық, әрекеттерін орындауымен сипатталатын материалдық құрамның бөлінбейтін байланысы. Құқық теориясында, «құқық қатынастың заңды құрамы – бұл  құқық–қатынасқа фактілік қоғамдық қатынастардың ерекше идеологиялық нысаны ретінде өзіне тиісті ерекшелігін көрсететін, субъективті құқықтар мен міндеттер», - деп айтылады. Осылайша, заңды құрам салық міндеттемесін, оның субъектілерінің өздерінің субъективті заңды құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысы деп сипаттайды. Заңды міндеттеме – салық міндеттемесінің заңды құрамының екінші маңызды бөлігі, мемлекетпен міндетті тұлғаға бұйырылған мінез–құлықтың қажетті шегімен сипатталады. Салық міндеттемесінде қажетті мінез–құлық болып, салық субъектісімен немесе басқа міндетті тұлғамен өзінде салық салу объектісін анықтау, мемлекетке оның бар болуы туралы хабарлау, оның ішінде мемлекетке тиісті салық сомасын есептеу, және салық заңымен анықталған шарттар негізінде оны төлеу сияқты оң әрекеттерді жасау болып табылады.

Салық міндеттемесінің шегіндегі заңды тұлға, берілген әрекеттерді белгілі–бір тәсілдермен, белгілі–бір нысанда және анықталған мерзімдерде орындау қажет. Салық туралы кез–келген заңда болуға қажетті бұл шарттардың барлығы, міндетті субъектілердің тиісті мінез–құлық шектерін анықтайды.  Заңды міндеттеменің анықтығы, жасалып жатқан субъективті құқық пен заңды міндеттеменің арақатынасын тиісті түрде ұстануға мүмкіндік береді. Ешкімнің салық субъектісінен заңда көрсетілген келісім–шарттардан басқа бір шарт негізінде, салық міндеттемесін орындауды талап етуге құқығы жоқ.

Салық міндеттемесінің ерекшелігі сол, ол мемлекеттің әркімнің салық төлеу қажеттілігімен шығарылған жалғыз ғана бұқаралық–құқықтық нұсқаулығынан автоматты түрде пайда болмайды, ол нақты заңды фактілердің бар болуымен тығыз байланысты. Бұл фактілер түрліше, және де олар салықтық құқық–қатынасынң өзінің негізделуі, өзгеруі мен тоқтатылуының негізінде жатқан заңды фактілермен түйіседі. Осы арада салықтық құқық–қатынас пен салық міндеттемесінің арақатынасын айтып кету керек. Кейде заңи әдебиеттерде, салық міндеттемесі – салықтық құқық–қатынас болып табылады, яғни осы екі түсінік бірдей деген пікірлер айтылады. Бірақ та, құқық–қатынас пен  міндеттеме арасындағы байланыс күрделірек:

1.     біріншіден, құқық–қатынас пен  міндеттеме өзара байланысты бола отырып, өзбетінше жеке заңды категориялар;

2.     екіншіден, міндеттеме құқық–қатынас туындысы;

3.     үшіншіден, егер де міндеттеме әрқашан да құқық–қатынастың туындысы болса, әр құқық–қатынас міндеттеме болып табылмайды.

Жалпы алғанда заңды әдебиетте салық міндеттемесінің пайда болуының заңды фактілерінің үш түрін көрсетуге болады:

4.     Салықты төлеу туралы Конституциялық норма;

5.     Салық туралы заң;

6.     Және нақты заңды факт – салық салу объектісінің болуы.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.     Қазақстан Республикасының Конституциясы 28.01.1993ж.

2.     Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж.(Қазақстан Республикасының 07.10.1998ж. №284-1 Заңымен енгізілген өзгертулерімен.) – Алматы: Юрист, 2002;

3.     Қазақстан Республикасының Салық кодексі. – Алматы: Юрист