Жерді иелену мен пайдаланудың құқықтық ерекшеліктері

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық институты

з.ғ.к. Молдабеков Е.Б

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық институты

3-курс студенті Алдекова А.А

 

 

Тұйіндеме

Мақалада ҚР Жер қатынастары, жерді пайдалану мен иеленудің ерекшеліктері қарастырылған.

 

 

 

 

ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес ҚР мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады[1].

Мемлекетіміздің басты байлығы –оның экономикалық жәәне әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары.

ҚР жер кодексіне сәйкес, қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға жерді ұтымды пайдалануға жерді орман және ауылшаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сонымен қатар топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық және басқа да іс-шаралар жүйесі жерді қорғау болып табылады[2].

Жер қатынастарына қатысты Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдаулары кезек күттірмейтін мәселе. Себебі, Елбасымыздың Жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қойып, болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы жолдаған Жолдауында, - «Жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады»,- деп атап кеткен болатын. 2017 жылғы Преидент Жолдауынының 4 басымдығында «жерді пайдалану тиімділігін арттыру қажетт. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет» делінді.

Болашаққа серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, тиімді пайдалану, оны бақылау және қорғау болып табылады.

Жерді  ұтымды пайдалану қызметінің тиімділігін артттыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қорғауды құқықтық реттеу тетіктерінің нақты аражігін ажырату керек.

Қазіргі кезде Қазақстандық ғалымдардың құнды ғылыми еңбектері бар. Солардың ішінде Ә.Е.Еренов, С.Б.Байсалов, Ә.Е.Бектұрғанов, А.Х.Хаджиев, Е.Ш.Дүсіпов, С.Мұстафаев, Ә.Ерәли, Ж.Х.Қосанов, Н.Б.Мухитденов және т.б. бөліп айтуға болады.

ҚР жерлер пайдалану мақсатына қарай 7 санатқа бөлінеді. Бұл санаттаржерлердің құқықтық режимдері әртүрлі. Бұлар мемлекетіміздің жер қорын құрайды.

Жерді пайдалану мен қорғау мемлекеттік бақылау мемлекеттік бақылаудың міндеттері болып мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың ҚР жер заңдарының сақталуын, ҚР заңдары бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінің дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады[3].

Біздің елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мақсаты – жерді өндірістің бірден-бір құралы ретінде пайдалану тиімділігін жоғарылату, сонымен бірге, жерді қорғау шараларын жүргізуді жоғарғы дәрежеде ынталандыру.

ҚР Жер кодексі жерді жеке меншікке және пайдалануға берудің механизмін ашып көрсеткен. Мысалға алатын болсақ:

-         мемлекет меншігіндегі жер учаскелері жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі мүмкін;

-         тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілуі мүмкін;

-         басқа да мақсаттарда пайдалануы мүмкін.

Қазіргі таңда мемлекетіміздің ең маңызды мәселесінің бірі ол жерді жеке меншікке беру мәселесі болып отыр. Мұның өзі болашақта жермен жасалатын әр түрлі азаматтық мәмілелердің қоғамда орын алатынын көрсетеді. Себебі, кез-келген заңды тұлға немесе азамат өзінің белгілі бір мұқтаждарын қанағаттандыру үшін өзінің жеке меншігіндегі жер учаскесімен әр түрлі азаматтық құқықттық мәмілелер жасауы мүмкін және меншікке ерген кезде ақы төлеу арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Негізі жерді иелену мен пайдалану және қорғау үшін ақы төлеуді бірнеше мағынада қарастыруға болады. Ең алдымен, жерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін экономикалық ынталандырушы әдіс ретінде. Екінші, жер қатынастарын мемлекеттік реттеудегі басқару функциясы ретінде[4].

Қазіргі таңда әлемнің дамыған көптеген мемлекеттерінде жер жеке меншікте. Бірақ, көп жағдайларда әлемдік құқық жүйесінде жердің жеке меншігіне елеулі шектеулер қойылған. Мысалы, АҚШ жердің 50%-дан астамы жеке меншікте, ал 40%-ға жуығы қоғамдікі (оның ішінде, мемлекеттік меншіктің барлық деңгейінде: федералдық – 32%, штаттық және жергілікті - 16%-ды құрайды). Ал, Италияда жер иелері жер учаскелерін алған кезде оны 30 жыл бойы сатуға құқығы жоқ. Жапонияда заңда белгіленген уақытқа дейін жерді сатуға болмайды. Жердің бағасы жергілікті органдардың бақылауында болады. Өзбекстан Конституциясы бойынша жер тек мемлекет меншігінде. Бірақ, Президент Жарлығы бойынша сауда, қызмет көрсету сфералары орналасқан жер учаскелері меншік құқығымен берілуі мүмкін[5].

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     ҚР Конституциясы, 30.08.1995

2.     ҚР Жер кодексі 20.06.2003

3.     Еркінбаева Л.Қ, Ағаринова Г.Т. ҚР жер құқығы (жалпы жәнеерекше бөлімдер). – Алматы: Жеті Жарғы, 2010ж

4.     Архипов И.Г. Земельное право Респубики Казахстан. – Алматы: Издательство «Борки», 1997. - 295 с.

5.     О собственности на землю в некоторых зарубежных странах – Астана, 2002 г.

 

 

 

 

 

Түйін сөздері: жер қатынастары, жеке меншік, жерді пайдалану

Кeywords: land relations, private, land use