Есеева Роза Тураровна-ТарМПИ- аға
оқытушы, Тараз қ.
Асанова Мөлдір-Тар МПИ студенті
Сенсорлық оқытудың ойындық жүйесі - балалардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде
Таным
әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді
және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды
ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында
тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды,
сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала
қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.
К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек
және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын
тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл
жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі
жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен
қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны
жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді.
Қабылдау оқуды қамтитын
белсенді үрдіс. Оның негізін сезім мүшелерінің
жұмысы құрайды. Қабылдау түсіну синтезінің
нәтижесінде елестету мен бұрынғы тәжірибе кемегімен пайда
болады. Қабылдаудың мәселесі шетелде және
кеңестік психологияда да кең түрде зерттелді. Шетелде оны
зерттегендер ассоциативтік психология (Д.Селли), гештальт психология (К.Кофка,
Т.Фолькельт) жөне функционалды психология (К.Бюлер, Ж.Пиаже)
өкілдері болды. Кеңестік психологтар (Е.Н.Соколов, Н.А.Кудрявцев,
П.А.Шеварев, Р.И.Говорова және т.б.) кабылдау мәселесіне
табандылықпен өзгеше ғылыми қортынды жасады [1].
Ойлаудың
көрнекі формасының негізінде сөз-логикалық ойлау
формасы қалыптасады. Балалардың қызығушылығын,
белсенділігін арттыру олардың ойлау қабілетінің дамуына
мүмкіндік туғызады. Ойлау қызметінің белсенділігін
арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай
өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын
ойын-сабақтарды ұйымдастыру қажет,
Сенсорлық оқытудың ойындық жүйесі (СООЖ.) балаларының
қабылдау қабілетін қалыптастыруға
бағытталған. Сенсорлық оқытудың ойындық
жүйесі балалардың қабылдау қабілетінің
қалыптасу заңдылықтарын және сенсорлық
эталондардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Сондықтан
да біздің оқыту жүйемізде ойын сабақтарында балалар
қабылдай алатын әр түрлі қасиетке ие сенсорлық
үлгілер ұсынылады. Бұл жүйеге сондай-ақ
перцентивтік әрекеттердің қалыптасуына
бағытталған ойындар кіреді.
Сенсорлық
оқытудың ойындық жүйесінің көмегімен баланы
заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттерін
қабылдауға үйретіп, бұл қасиеттер мен
олардың түрлері тұрпайы
ұжымды қалыптастыруға және оны тануға
үйретуге болады [2].
Жүйе
күрделілігі екі деңгейден тұрады:
а) заттардың қасиеттерін кеңістікті,
уақытты, қозғалысты
қабылдауға негізделген ойындар.
б)
табиғатты, өнерді (музыка, әдеби жанр, сурет т.с.с.)
күрделі қозғалыстар және адамдар арасындағы
әлеуметтік қатынастарды қабылдауға арналған
ойындар әр ойын үшін қабылдауға қолайлы жас
мөлшерлері көрсетілген.
Әр
жүйеге қабылдаудың берілген түріне сәйкес
қасиеттер енгізген. Бұл баланы мектепке дайындау үшін
өте қажет. Баламен ойын
барысында қабылдаудың қарапайым түрінен күрделі
түріне жас мөлшеріне байланысты өту керек. Сенсорлық оқудың ойындық жүйесі
қабылдауды мақсатты және жедел түрде ғана
қалыптасуына мүмкіншілік
беріп қана қоймай, сонымен қатар,
қабылдаудың дамуының деңгейін шамалап
анықтауға мүмкіншілік береді. Егер бала тапсырманың ойындарды
өз бетінше орындаса, онда ойын атқаруына қарап, перцентивтік
әрекеттердің қандай сенсорлық эталлондарды
баланың меңгергендігін анықтауға болар.
Нәрсені
осылай тексере оқып үйрену әрекеттері перцепциялық әрекеттер дап аталады. Олар балалардың практикалық
әрекеттерімен – ойынмен, еңбекпен, оқумен функционалды
байланыста болады
Балаға “шкаф
сенің артында” десе, “ол арт
жақ қайда: арқа қайда?”- деп бала нақтылай
түседі де, нақты сезіну үшін, арт жағына
нәрсенің кеңістік жағдайын таңдап білу үшін
арқасын шкафқа тақап тұра қалды.
“Саңырауқұлақтардың
суреті салынған карточкаға онда көрсетілген
саңырауқұлақтардың әркайсысына
ұқсас бір-бір саңырауқұлақтан қойып
шық”. Бала оларды карточкада тексеріп алады; ең алдымен,
олардың өзіне-өзі көрсеткендей, карточкадағылардың
әркайсысын саусағымен нұқиды. “ Саңырауқұлақтарды
оң қолымен сол жақтан бастап қойып шығу керек,
міне, былай ”,- деп мұғалім көрсетіп береді. Бала да
көрсетілген қозғалыстың ізімен жүре отырып,
оң қолдың саусағымен солдан оңға
қарай карточканы бойлай жүгізеді.
Мұндай
перцепциялық әрекеттердің толып жатқан фактілер
алғашқы математикалық түсініктердің
қалыптасуының негізінде сенсорлық процестер жататынын
дәлелдейді .
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен
жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын,
сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін
көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы
баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір,
нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы
келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп
көрсетеді[1].
Перцепцилық әрекеттерде
салыстыру (формасы, шамалары, саны бойынша), баланың осыған дейінгі
тәжірибесіне болған нәрселермен салыстыру жұмыстары
жүргізіледі. Сондықтан тәжірибе жинақтаудың
ұйымдастырудың, балаға салыстыру үшін
қоғамдық мәні бар үлгілердің және
әрекеттің өте тиімді әдістерін пайдалана білуге
үйретудің маңызы зор .