Құлымбетов Олжас Батырғазиевич
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ АЛАШОРДА
ҮКІМЕТІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРІ
Рухани жұбанышымызға орай, «ағылшын экономикасы»,
«француз утопиясы», «неміс философиясы», «славян идеясы» іспетті
ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы»
қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда
қалыптасты. Ұлттық азаттығың, рухани
тәуелсіздігің,
жерің-Отаның, тілің- құдіретің,
тарихың-тағдырың, саяси бас бостандығың мен
экономикалық дербестігің – Алаштың Азаттығында дейтін
Ортақ ұлттық мүддені ұран еткен, оны жүзеге
асырған Ұжданды Ұлдар туды10. [№1, 87б].
XX ғасырдың бас кезінен өрістей
бастаған қазақ қауымына тән
қоғамдық қозғалыс өз алдына
буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық
мақсат-міндеттерді: ұлттық тең
құқылық, халықтың мәдениетін
көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін
қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты
міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл
істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса
бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана
тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық
сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.
Бірінші орыс революциясы дүмпуі Ресей
империясының шет аймақтарында да ұлт-азаттық
қозғалыстың өрши түсуіне әсер етті. Осы
жылдары қазақ зиялылары жалпы ұлттық мүдде
арнасында іс-әрекеттерге көшіп, ұлттық бірлікті
орнықтыруға, әрі тәуелсіздік жолында
ұлттық, мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы
негізінде діндес, бауырлас, тағдырлас елдер өкілдерімен бірлесе
кіріскенді11.[№19, 4б].
Олардың саяси көзқарастарының
қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына
бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады.
Мәселен, 1903-1909 жылдары Петербургтегі әскери-медициналық
академияда оқыған, кейін Алаш козғалысының белгілі жетекшілерінің-бірі
болған Халел Досмұхамедовтың саяси
көзқарасының қалыптасуы мен саясат саласында белсене
көріне бастауы оның осы Петербургте өмір сүрген
кезеңіне дәл келді. Бұған Халел
Досмұхамедовтың 1931 жылғы қыркүйектің
14-інде ОГПУ-дің тергеушісіне өз қолымен жазып берген
мәлімдемесі дәлел бола алады. "Мен, деп жазды өз мәлімдемесінде Халел
Досмұхамедов, Петербургке бірінші
орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде
демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да,
жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш
студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге
кірістім. Әртүрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен
таныстым... Мені және басқа қазақ студенттерін ешбір
саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады. Социал-демократтар
тек қана жұмысшылар туралы айтса, социал-революционерлер шаруалар
жөнінде сөйлеп жататын Кадеттер орыс халқының
ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы
жұмған аузын ашпайтын, ал оңшылдар болса орыс емес
халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын. Сол кезде
жолдастарыммен бірге митингіге кездейсоқ тап болғанымызда сонда
сөйлеген Милюковтың
айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан
жоқпын. Ол "патша үкіметі орыс емес халықтарды аса
дөрекілікпен және үятсыздықпен қанап отыр"
деп еді ...
1905-1906 жылдары мен кейбір қазақ
студенттерімен бірге Орал қаласында үгіт жұмыстарын
жүргізіп, халықка елде болып жатқан оқиғаларды
түсіндірдім. "Фикр" және "Уральский листок"
газеттерінде мақалалар жарияладым. 1906 жылы қырдағы
ауылдарды аралап жүргенімде полицляның көзіне іліктім де
саяси жұмыс жүргізуіме тиым салынды [№20].
Бұл құжат қазақ интеллигенциясының
алғашқы легінің Халел Досмұхамедов, Әлихан
Бөкейханов, Мұметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Жаһанша
Досмұамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі
ғасыр басындағы Россияда орын алған саяси хал-ахуалға
сергектікпен әрі сын көзімен қарағандығын, ал
содан кейін барып қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін
көрсетеді.
Солардың алғашқы
көрінісінің бірі 1905 жылдың соңында Орал
қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Жаһанша Сейдалин,
М.Дулатов, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов сияқты қазақ зиялылары
өкілдерінің "бес облыстық делегаттар съезі"
аталған бас қосуда жасаған "қазақ
конституциялық- демократиялық" партиясын құру
жөніндегі әрекеті болды. Бұл
әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.
Бұл
пікірімізді Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылғы
жарияланған "Қырғыздар" (қазақтар —
авт.) атты әйгілі мақаласындағы ой -тұжырымдары растай түседі13.[№21,14б]. Бұл мақала 1910
жылы Петербург қаласында А.И.Костелянскийдің редакциясымен
жарық көрген "Формы национального движения в современных
государствах" деген кітапқа енген болатын. "Қырғыз
(қазақ авт.) халқының арасында, деп жазды
Ә.Бөкейханов осы еңбегінде, саяси партиялар әлі пайда бола
қойған жоқ ... орыстандыру саясатының
ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың
халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке
қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл
қояды. Жақын болашақта қырғыздар
арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытка сай екі
саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін
ұлттық-діни бағыттағы деп атауға болар, ал
оның мақсаты қырғыздарды басқа
мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз
келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге
байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман татар партияларын үлгі тұтар,
екіншісі оппозициядағы орыс
партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партия-сын
үлгі етпек". Осы үзіндіден анық көрініп
тұрғанындай, XX ғасырдың алғашқы он
жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері
қазақтың ұлттық саяси партиясын әуел баста
патша үкіметіне оппозицияда болған либералдық орыс
буржуазиясының өздерін халық бостандығы партиясы деп
анықтаған конституциялық демократтардың
(кадеттердің) үлгісінде құруға бейім
тұрғандығын аңғару қиын емес.
Европа мәдениетінжәне оның озық
ойлы саяси-құқықтық ой-пікірлерін Ресей
университеттерінде білім алу арқылы меңгерген қазақ
зиялылары Ресейдің оппозициялық партиялардың ықпалы
арқылы парламенттік, өкілетті демократиялық тетіктермен
танысып, қоғамды реформаторлық, эвлюциялық даму жолымен
жетілдіруді қабылдағандарға бір табан болса да жақын болды14.[№17,29б].
1905 жылдың күзінде Ақмола облысының орталығы
Омбы қаласындағы митингтен кейін Ж.Ақбаев Павлодар Қарқаралы бағыты бойынша
үгіт жүргізу сапарына шықты. Осы сапар барысында ол 1905 жылы
қарашаның 7-сінде Павлодарда болған қалалық
митингіде бостандық идеясын уағыздаған және жергілікті
әкімшілікті қайта сайлауды талап еткен сөз сөйледі, осы
мазмұнды сөздерді ол қарашаның 11-інде Баянауылда,
14-інде Қарқаралыда көп адам қатынасқан
жиналыстарда да айтты. Қаркаралыдағы митинг 14,5 мың адам
қол қойған Россия министрлер кеңесінің
төрағасы С.Ю.Виттенің атына жолданған петиция (арыз-тілек,
арыз-талапты) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Жақып Ақбаев сияқты ұлттык-либералдық
қазақ зиялылары дайындағаны айдан анық. Петицияда
патшаның 1905 жылы қазанның 17-сінде жарияланған
Манифесінде халыққа бсргсн уәдслсрдің орындалуы, ал
қазақ өлкесі жағдайында жер мәселссінің
әділ шешілуі, халықтың өшпснділігін тудырған
патшаның жергілікті озбыр чиновниктерінің аластатылуы
қазақ тілінде ұлттық басылым-дар шығару, т.с.с.
талап етілді. Осы петиция туралы
және оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы
Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары
бағалаған Мұхтар Әуезов 1923 жылы жазган
"Ахаңнын елу жылдық тойы" деген мақаласында былай
деп баса керсетті: "1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен
басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке
қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілск) жіберген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Жұртбай Т. Алаш идеясы және Ораз Жандосов. //Саясат. 1999. №10,
[№1,85б.]; [№1,87б.].
2. Нүрпейісов К.Алаш һәм Алашорда. Алматы:
Ататек. 1995. 256б. [№2,153б.]; [№2,27б.].
3.
Актюбинский обл.гос. архив д-681 опись-1 дело-4.[№3,1-7б.].
4. Сайлаубай Е. Семейдегі Алашорда үкіметінің
құжаттары мен іс-қағаздары. //Абай. 1999. №36, [№4,44-47б.]; [№4,6-9б.]; [№4,45б.]