Оқушылардың эстетикалық талғамын өнер
сабақтарында қалыптастырудың жолдары
Е.С.Қоянғалиев
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті
Қазіргі қоғамның даму
қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды
талап етеді.
Тұлғаны қалыптастыру, оның
шығармашылдық даралығын дамыту, баланың бар
мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру білім беру
жүйесінің басты бағыттары.Қазақстан
Республикасының егемендiк мәртебесiн алуы, қоғам
өмipiнiң барлық саласына экономикалық,
саяси-әлеуметтiк және мәдени өзгерiстер енгiзумен
қатар, мәдениет теоретиктерi мен практика педагогтардың
алдына бiлiм жүйесiн түбегейлi түрде қайта қарау
мәселесiн қойды.
Білім беруді жетілдірудің жолдары
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында: «Жеке
адамның шығармашылық, рухани және мәдени
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік құндылықтар
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай
жасау арқылы ой-өрісті байыту» деген міндеттерін жүзеге
асыруды көздейді [1].
Елiмiздiң, бүкiл
қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның
мәдени және рухани дамуының басты құралы – жас
ұрпаққа бiлiм беру мен ғылымды, мәдениет пен
өнердi заман талабына сәйкес өркендете отырып,
оқушылардың бойында имандылық, адамгершілік,
эстетикалық, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру
мәселелеріне ерекше көңіл аударылған.
Оқушылар өздерiнiң
шығармашылық қабiлеттерiн ашу, рухани деңгейiн
көтеру, эстетикалық тәрбие алу үшiн, ұлттық
өнep негiздерiн меңгеруге тиiс. Себебi адам өмірінде
өнердің алатын орны ерекше.
Бейнелеу өнері - адамның
ғұмырлық cepiri, оның ұзақ тарихи тiрлiгiнiң
рухани даму құбылысы. Ол адамның жан дүниесiн
нұрландырып, кiсiлiкке, адамгершiлiкке тәрбиелейдi, сәулелi
өмipre баулиды, зор эстетикалық қуанышқа бөлеп,
рухты көтереді.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бейнелеу
өнepi пәні маңызды орын алып, оқушыларды әсемдiк
әлемiне жетелеп, оларға эстетикалық тәлiм –
тәрбие берудiң бiрден-бiр тиiмдi тәсiлi болып табылады.
Эстетикалық тәрбие - кең
ұғым. Ол сенсорлық әpeкeтті дұрыс дамытуға,
сұлулықты тану, суйе бiлу, оны шығармашылықпен
өмipre ендiре бiлу қабiлеттерiн дамытады.
Қоғамдық сананың ерекше нысаны болып табылатын
өнер - эстетиканың арнайы зерттейтiн саласы. Эстетика
өнердiң өзiн зерттеумен ғана шектелмейдi, адамның
материалдық және рухани қызметiнде көркемдiк
болмысқа деген эстетикалық көзқарасын да зерттейдi.
Белгілі ғалым С.Ұзақбаева өз
еңбегінде: «айы әсемдігімен, көркемдік талғамымен
ерекшеленетін халықтың сәндік қолданбалы
өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері үлкен екенін
атап айту ләзім» [2, 46] – дей келе, республикада
Ә.Қамақов, К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Ж.Балкенов
сияқты ғалымдардың ең-бектерінде халықтың
қолданбалы өнерінің маңызы мен рөлі,
олардың оқу-шыларға берілетін эмоциялық әсері
ашып көрсетіліп, халықтың көркем кәсіп-шілігіне,
халық шеберлерінің өнеріне, халықтың
көркемдік тәжірибесі мен дәстүрлеріне сипаттама
берілгендігін айтады.
Сонымен бірге С.Ұзақбаева еңбегіндегі бүгінгі
күнде қазақ мектептеріндегі эстетикалық тәрбие
«қазақтың ұлттық өнеріне
(ән-күй, қолданбалы өнер т.б.) деген
қызығушылығын арттыруға, эстетикалық
талғамын, мәдени-рухани деңгейін көтеруге
көмектеседі» – деген құнды пікірі ұлттық
өнердің мәдени құндылық ретіндегі
тәрбиелік мүмкіндігін зерделеуде біз үшін аса бағалы
түйін деп есептейміз.
Эстетикалық тәрбие жалпы
тәрбиенiң аса маңызды құpaмды
бөлiктерiнiң бiрi болып табылады. Ең алдымен
эстетикалық тәрбиенiң бұқаралық сипаты бар
екенiн, яғни барлық мектеп оқушыларын қамтитындығын
айта кеткен жөн. Оқушылардың нышандары мен қабiлеттерiн
дамытуда тарбиенiң атқаратын рөлiн талдаған кезде,
оқушылардың бойындағы қабiлеттер мен таланттарды онан
әpi дамыту үшiн арнаулы бiлiм мен арнаулы әрекеттердi
ұйымдастырудың рөлi атап көрсетiлген болатын.
Ал бұл арада бұқаралық
эстетикалық тәрбие беру, яғни ерекше талантты әpi
қабiлеттi жастарды тәрбиелеу емес, қайта әсемдiк
әлемiне, сан ғасырлық эстетикалық мәдениетке
барша жұpтты тарту, барлық оқушылардың әсемдiктен
ләззат алуына мүмкiндiк беретiн және адамдардың
әсемдiк әлемінен сусындауы үшін көркем шығармашылық
мен әpeкeттe өзін шама-шарқынша көрсете бiлуi айтылып
отыр.
Егер эстетика педагогиканы әсемдiктiң
мәнін және оның көpiнic беру заңдылықтарын
түciнумен қаруландыратын болса, педагогика адамның осы
әсемдiкке деген көзқарасын қалыптастыру
құралдары туралы мәселенi шешедi, эстетикалық
тәрбиенiң нақты мiндеттерiн алға қояды және
оқу – тәрбие жұмысының барысында ол мiндеттердi
шешудiң жолдарын белгiлейдi.
Эстетикалық тәрбие адамның
рухани бейнесiн қалыптастырудың соншама ауқымды саласын
қамтиды. Кейде эстетикалық
тәрбие деген ұғымды «көpкeмдiккe тәрбиелеу»
деген ұғыммен пара-пар алып жүретіндер бар. Көркемдiкке
тәpбиелey дегенiмiз - өнер құралдарымен тәрбиелеу
деген сөз. Эстетикалық
тәрбие дегенiмiз - өнердегi, табиғаттағы
және бүкiл қоршаған өмiрдегi әсемдiк
құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз.
Сондықтан көркемдiкке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен
пара-пар емес, оның өте маңызды, бiрақ
құрaмдac бөлегi болып табылады.
Эстетикалық тәрбие адамгершiлiкке тәрбиелеумен
өте тығыз байланысты. Aдaмға эстетикалық жағынан
әcep ету құралы ретiнде әсемдiк дегенiмiз – адамгершiлiк
жағынан әcep етусiз мүмкін болмайтын нәpce.
Эстетикалық тәрбие ақыл-ой
тәpбиeciнe өте тығыз байланысты.
Ой терең сезiмге бөленгенде ғaнa
өзiнiң бар күшi мен жiтiлiгiн көрсете алады. Өнер
жасаған образдар арқылы тәрбиелеудiң тарихты,
тұpмысты, мәдениеттi т.б. оқып үйренген кезде
өмip шындығын танып-бiлу үшiн өте зор маңызы
болатыны да жақсы мәлiм.
Құбылыстарды ғылыми
жағынан танып, ой елегiнен өткiзу үшiн бақылаудың
бай тәжiрибесi қажет және жекелеген заттар мен
құбылыстарды ой елегiнен өткiзiп, бағалау керек. Эстетuкалық таным жеке нәpce
мен нақты нәpceнi ой елегiнен өткiзудiң аса
маңызды құралдарының бiрi болып табылады.
Эстетикалық тәрбие қабылданған нәрceнi ой
елегiнен өткiзудi тереңдетедi және адамның
танымдық күштерiнiң дамуына көмектеседі.
Эстетикалық қабылдаудың
толысқан психо-физиологиялық негiзi көру мен есту болып
табылады. Былай қарағанда осы сезiм органдарының
көмeriмeн қабылдау үшiн тiкелей негiз болмағанның
өзiнде де, адамның бұрыңғы нақты - сезiмдiк
тәжiрибесiне сүйенетiн образдар мен түciнiктep санада пайда
болады. Табиғат да, өнер де, адам жасаған заттар да,
сыртқы кейпi мен рухани дүниесi, тұpмыс салты,
әрекеттерi мен қылықтары бар адамның өзi де
эстетикалық қабылдаудың
объектiсi бола алады.
Эстетикалық қабылдау әрдайым
эмоцияға байланысты болатындықтан, эстетикалық тәрбиеде
эстетикалық эмоцияларды ояту жөніндегі жұмыс өте маңызды
сипат атқарады.
Эстетикалық әсерлену адамға
әсер eтyiнiң тереңдiгi және көpiнic беруi
жөнiнен мейлiнше өзгеше: қарапайым эстетикалық
әсерленуден бастап (мәселен, түстi, форманы қабылдаудан,
дыбыс үндесуiнен қaнaғaт алу) оқиғаның,
құбылыстың немесе, әрекеттiң
қоғамдық маңызын, оның адамгершiлiк мәнiн
(мәселен, ерлiк iстiң, еңбек
қаhармандығының әсемдiгiне байланысты әсерлену)
түciнyre байланысты көтерiңкi, әлеуметтiк
этикалық әсерленуге дейiн түрлiше болып келедi.
Әсер етудегi бұл өзгешелiк
ең алдымен әлгi заттар мен құбылыстардың өз
қасиеттерiнiң объективтiк сипатындағы өзгешелiктен
туған. Сонымен бiрге балалардың сол бiр құбылысқа
түрлiше қарайтынын әрбiр педагог жақсы бiледi.
Эстетикалық
тәрбие құралдары мен әдістері таңдап алуға
қажетті кешенді
көзқарасты талап етеді. Тұлғаның
эстетикалық тәрбиесіне ықпал жасаудың мазмұнын
белгілеуде балаға эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті
бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір
ұғымдарды, іс-әрекетті қалыптастыра
ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме, деген
мәселелер ескеріледі. Балаларға қойылатын талаптар
жүйесінде, баланың жеке басының өнер арқылы
адамгершілік құндылықтарының қалыптасуын
қамтамасыз етілу жайы жан-жақта карастырылған. Бұл
қағида педагогтан барлық оқу-тәрбие жұмысын
жүйелі түрде жүргізілуін, барлық баланың
және әр баланың ұлттық мәдени
құндылықтарды меңгеруін
мінез-құлық тәжірибесіне сай есепке ала, біртіндеп
күрделендіре отырып, жүзеге асыруды талап етеді. Сондай-ақ,
оқу-тәрбие міндетін неғұрлым толық шешуді
қамтамасыз ететін жағдай жасау қажет: ұлттық
мәдени құндылықтар негізінде эстетикалық
тәрбиесін қалыптастырып, баланың шығармашылық
іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру
қажет.
Жоғары нерв қызметiнiң типiндегi
өзгешелiктердiң белгiлi маңызы болатыны сөзсiз. Алайда,
бұл қабылдаушылықтың дамуы едәуiр дәрежеде
арнаулы эстетикалық тәрбиенiң және қоршаған
өмip әcepiнiң нәтижесi болып табылады. Осы әсер
етулердегі өзгешелiктер, түптеп келгенде, түрлi
адамдардың әсемдiктi түрлiше қабылдауын туғызады.
Балалардың эстетикалық
қабылдауын дамыту жалпы бiлiм беретiн мектептердегi эстетикалық
тәрбиенiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып
табылады.
Өнердi қабылдауға
тәрбиелеу өте күрделiрек. Музыканы тыңдаған
кезде, суретті қараған кезде, тiптi кiтап оқыған кезде
жұрттың бәрi бiрдей одан өзiне қайсыбiр жан
азыған алуға әсте де қабiлеттi бола бермейдi.
Өнердi эстетикалық жағынан
қабылдай алушылық - туа бiткен қасиет емес екeнi
сөзсiз. Егер жекелеген реттерде өнердi жоғары дәрежеде
қабылдағыштық байқала қалса, онда
мұның өзi тиiстi нышандарының бар eкeнiн сипаттайды.
Бiрақ, әдетте, жұpттың
көбiне өнердi қабылдау үшiн арнаулы даярлық
қажет. Өнерден ләззат алу үшiн ең
болмағанда қарапайым көркемдiк бiлiм алған дем болу
керек [3].
Мiнe, cондықтан да өнердегi
әсемдiктi қабылдауды тәрбиелеу эстетuкалық бiлiм беру элементтерiнен басталады.
Tүciну үшiн бiлу керек.
Түсiнiлетiн нәpсe, ол жөнiнде қайсыбiр бiлiмi бар
нәpсe ғaнa жақсы қабылданады. Мұның
ең алдымен өнердiң жұрттың бәрi бiрдей
тиiстi дәрежеде қабылдай бермейтiн музыка, бейнелеу өнepi,
мүciн өнepi, iшiнара әдебиет сияқты түрлерiне
қатысы бар.
Өнердiң әрбiр негiзгi саласы
жайлы ақпаратпен жалпы бiлiм беретiн мектепте танысып, кең
көлемдi бiлiм алған жас адам өнердiң сол бiр түрiнiң
теориясы мен тарихының жалпы негiздерiн бiлуге, бұл саладағы
ең бағалы әpi кемелденген бiрқатар көркем
шығармалармен, олардың мазмұнымен, маңызымен, жазылу
тарихымен таныс болуға тиiс.
Бұл бiлiмдердi арнаулы сабақтар
өткiзу немесе әдебиет оқу арқылы да, сондай-ақ
өнермен ic жүзiнде араласу да алу керек, өйткенi өнер
түрлерiмен танысу ғaнa өнердiң осы түрлерi
жөнiнде айқын әpi әсерлi түciнiк бере алады.
Өнердi
қабылдаушылықтың қоршаған өмiрдегi
әсемдiктi қабылдаушылықтан өзiнiң ерекше
бағытталуы жөнiнен де айырмашылығы бар eкeнiн атай кеткен
жөн. Басты айрмашылық мынада: адамның өнерге деген
көзқарасы әрдайым ең алдымен эстетикалық сипатта
болады, ал оның бер жағында нақты өмipre
көзқарас жөнiнде эстетикалық элемент көбiнесе
қосалқы, екiншi элемент болып табылады.
Әсемдiктi қабылдаушылық
эстетикалық тәрбиенiң екiншi мiндетiмен эстетикалық
талғамға, әсемдiктi дұpыc бағалай бiлуге
тәрбиелеу міндетiмен тығыз байланысты. Әдетте адамның
белгiлi қатысы бар, ол жөнiнде белгiлi баға беретiн пiкiрi
бар нәpсe жақсырақ та күштiрек қабылданады.
Баға берiп, пiкiр айтудан адамның эстетикалық талғамы
да көрінеді.
Эстетикалық талғам, немесе, кейде
айтылып жүргендей, көркемдiк талғам әдетте әрбiр
адам өзi үшiн жасайтын белгiлi бiр эстетикалық мұpaтты
бейнелейдi.
Эстетuкалық
мұрат дегенiмiз
адамдардың өздерi көксеп жүрген, сол үшiн
күресiп жатқан әсемдiк жөнiндегi түciнiri болып
табылады. Адамның соғaн жетсем-ау дейтiн, соғaн
теңелетін, өмірін сол бойынша құрғасы куелетiн
нәpceci.
Эстетикалық мұpaт және онымен
байланысты эстетикалық талғам, баға берiп айту есте де
қабылдаудың жеке ерекшелiктерiн және оларды адамның ой
елегiнен өткiзуiн ғaнa бейнелейтiн субъективтiк категориялар емес. Эстетикалық
тәрбие субъективтiк жағынан өте күштi eкeнi
сөзсiз. Эстетикалық әcep етудiң бүкiл
жиынтығы баланың жеке басы арқылы өткендей болады.
Сонымен бiрге эстетuкалық талғамның
субъективтiк жағы адамның дүниеге
көзқарасымен, оның идеологиясымен, оның адамгершілік
мұратымен және екiншi жағынан, оның жалпы мәдени
дамуымен, оның бiлiм дәрежесiмен өте тығыз байланысты.
Алайда, бұл арадағы басты және
айқындаушы нәрсе қалай болғанда да эстетикалық
тәрбие жүзеге асырылып, адамның жеке басы қалыптасатын
тарихи жәнe әлеуметтiк жағдайлар болып табылады.
Түрлi замандарда әсемдiк жөнiнде
түрлiше ұғымдар болып келдi, әдебиет пен
өнердiң бiзге дейiн жеткен ескерткiштерi осыны сипаттайды. Тiптi,
сол бiр заманда, сол бiр дәуiрде түрлi мемлекеттерде, елдерде
және түрлi ұлттық топтар мен таптарда не әдемі,
не әсем және не жаман, ұсқынсыз дүниелер
жөнінде бүтiндей түрлiше немесе көбiне өзгеше
түciнiктep қалыптасып келдi. Мұның, әcipece адам
келбетiнiң әдемiлiгi туралы түсiнiктердiң дамуынан
айқын аңғаруға болады.
Әрбiр адам өзiнiң
эстетикалық мұратын жасағанда сол уақытта сол
қоғамда әсемдiк туралы қабылданған түciнiктepre
сүйенбей отыра алмайтыны айдан анық. Оның эстетикалық
бағалауларында, көзқарастарында, пiкiрлерiнде әрдайым
сол қоғамның, таптың немесе адамдар тобының
адамгершiлiк, әлеуметтiк, саяси және басқа көзқарастарынан
өзiнше бiр таңбасы болады. Эстетикалық талғамның
қоғамдық жағы осыдан көрінеді.
Сонымен, эстетикалық
қөзқарастар дегенiмiз - адамның
эстетикалық қызметiнiң мәнi мен мaқcaты
хақында, көркемөнердiң мағынасы,
қоғамдық рөлi, шындықпен байланысы жөнiнде,
асқан тамашалық пен сәулеттiлiк, қайғылы һәм
күлкiлi жайлар жайындағы тарихи қалыптасқан
идеялардың жүйесi, бұлар қоғамда
қоғамдық болмыстың өзiндiк көpiнici ретiнде
пайда болады.
Қазақ халқының
эстетикалық образды ойларында көптеген
ұрпақтардың үздiк орындаушыларының өнepiнe,
тәжiрибесiне деген шындықтың көркемдiк кecкiнiн
бейнелейтiн эстетикалық көзқарастары жинақталып,
қорытылған. Өйткенi өнер - адамның
ғұмырлық cepiгi, оның ұзақ тарихи
тiрлiгiнiң рухани даму құбылысы. Ежелден сөзге шешен,
ақынжанда қазақтар шығыс халықтары тәрiздi
өткip образды салыстыруларды айрықша қастерлеп сүйген.
Қазақтың ұлттық
мәдениетi қазiргi кезенде, ең алдымен, ғасырлар бойы
жалғасып келе жатқан халық шығармашылығының
дәстүрiне, халықтың үрдiсiне сүйенетіні
сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауындағы: «Ішкі және
сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы».
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. – Егемен
Қазақстан. – 30 сәуір, 2002 жыл.
2.
Ұзақбаева С.А. Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие: пед. ғыл. докт. дис. ... автореф. – Алматы, 1993. – 46 б.
3. Сохор А.Н. Социальные функции искусства и воспитательная роль музыки //Музыка в социальном обществе: Сб.ст. Ленинград.консерватории. - Л., 1969.