Бейсенбекова
Г.Б.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің доценті. Қазақстан.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық
ойлауының даму ерекшеліктері
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі
стратегиясы халқымыздың рухани ғылыми және шығармашылық
қабілеті жоғары болған жағдайда ғана
Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге
мәжеленген мақсаттарға жетуге болатындығын
анықтап берді[1]. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасындағы білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту - 1
жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі
тәрбиелеумен және оқытумен толық қамту, балаларды
мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең
қол жеткізуін қамтамасыз ету керектігі айтылды[2]. Осыған орай, осы кездегі ғылым
мен техниканың жедел дамыған уақытында ойлампаз
тұлғаны қалыптастыру қажеттігі туындап отыр. Ол
қажеттілікті қанағаттандыру үшін білімді
әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын,
логикалық ойлауы дамыған жаңаша тәуелсіз ойлай алатын
шығармашыл адамға айналдыру талаптардың бірі ретінде
қарастыру керектігіне көз жеткізуге болады. Жаңа
педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау
жүйесін қалыптастыруды, әртүрлі жағдаяттарда
нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді
десек, бұндай педагогикалық ұстанымдар – білім беруді
жаңартудың негізгі өзегі болса, онда білім беру
саласының алдында тұрған негізгі мақсат – мектеп жасына
дейінгі балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту,
қызығушылығын арттыру болып табылады. Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік
мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі,
көрнекі – бейнелі және ұғымдарға сүйенген
логикалық пікірлесу, тәсілдерімен шешеді. Бала неғұрлым
жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап
көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекі – бейнелі
және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді.
Демек, балалар алған
білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға
машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды
анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы
анық көріне бастайды және осы кезеңде баланың
ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды,
заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің
ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала
тиісті жүйе – логикалық ойлауға сүйенеді. Логикалық ойлаудың ерекшелігі –
қорытындылардың қисындылығында, олардың
шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен
құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз
анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен
қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар
мен қатынастардың дұрыстығын теріске
шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Танымдық әрекеттің күрделі үдерісі – ойлау.
Ойлау - сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарының
байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде
бейнеленуі. Ойлауды зерттеумен айналысатын ғылымдардың бірі логикалық ойды зерттеудегі
әдіс-тәсілдерінде өзіндік ерекшелігі – бүкіл
адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен
формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын
ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын
зерттейді. Соның ішінде, бұл мәселені ассоциация психологиясы мен құрылым
психологиясында жан-жақты қарастырды. Н.Ах адам ойлауынын
ақылды сипатының тірегі неде екенін ашып көрсету ниетімен оны
ерік процесімен ұштастырғысы келді. Сондай-ақ, Пиаженің
пайымдауынша, баланың өзіндік ойлауы биологиялық дара жан
иесі ретінде оның «жеке меншігі» болып саналады да, ол даму процесінде
ортанын әсерінен ығыстырылады, жеке меншік ойы ойлау формаларымен
алмастырылады. Сөйтіп баланың өзіндік ойы түсінде
көргендей айкын ойы әлеуметтену салдарынан адамдардың
логикалық ойлау сипатына қарай ауысып, бала бұрынғы
«жеке меншігінен» айырылады. Оның ойлау әрекеті енді
ұғым формасына, қисынды ойлау жүйесіне ауысады дейді.
Баланың өзіндік ойының (эгоцентрлік ойының)
әлеуметтенген ойлау жүйесіне қарай ойысады. Ал Бюлердің
баланың ақыл-ойының дамуынын бастапқы
кезеңінен-ақ қарапайым ойлау формалары болады деген идея
көтергенді[3]. Ол баланың жүйелі ойлауы 3 жаска дейін
қалып тасып жетіледі де, бұдан былайғы даму кезеңінде
оның ойлауында жаңа қадамдар жасала қоймайды.
Психолог ғалымдар Н.Н.
Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев және т.б. пікірілерінше,
«логикалық ойлау» дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана
отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген
ойлаудың бір түрі.
Ойлау өз логикасымен объектінің логикасын жасауы керек,
танымның кез-келген деңгейінде ойлаудың табысты болуы
оның логикасы мен объектінің логикасының сәйкес келуі
арқылы көрінеді. Заттың даму логикасы мен құрылу
логикасының сәйкес келу теориясы - дүниенің бірдей
көрінісін жасаудың ең
басты шарты. Сондықтан ойлау табиғаттың енжар қабылдауы
негізінде емес, тікелей қабылдаудан жасырын жақтан заттардың
ішкі логикасын ашатын белсенді әрекет процесінде дамыды. Дегенмен де,
ойлауға үйрену дегеніміз – бұл бір ғажайып
құбылыс тектес қабілетке адамды баулу немесе
тұлғаны қоршаған ортамен байланысқа үйрету
және сол арқылы әлемдегі барды тұтас бір
өмірдегідей сезіну. Педагогика, психология ғылымының да алдына қоятын мақсаттарының
бірі осы бала ойынын дамып жетілуін қамтамасыз ету. Баланың даму
кезендеріндегі ақыл-ойының өсуі мен жетілуі оның
ғылым негіздерін қандай деңгейде меңгере білуіне жол
ашып береді. Сөйтіп бала өзінің өмір тәжірибесі
мен ішкі жан дүние түсінігінің дамуына да ой жүгіртіп,
оны өзі бақылап басқара алатындай қабілетке ие болатыны
сөзсіз.
Психолог П.Я.Гальперин бойынша ақыл-ой баланың сыртқы
өрістеген әрекетінің қысқарған, ішкі,
индивидуалды әрекетке айналуы – интериаризацияның негізгі
мазмұнын құрайды[4]. Бұл процесте өтетін кезендер
ойлаудың ішкі жоспарының қалыптасуының
генетикалық сатыларына сәйкес болады. Ақыл-ой әрекетін
сатылы қалыптастыру бірінеше кезендерді қамтид: әрекеттің
бағдарлаушы негізін құру; әрекетті материалды
қалыптастыру; әрекетті дауыстап сөйлеуде қалыптастыру; әрекетті
қалыптастыру; әрекетті ішкі сөздер қалыптастыру. Әрекетті
орындауда бұл бағдарлаушы негіз тапсырмадағы бағдарлау
процесін анықтайды, сөйтіп ол әрекеттің маңызды
психологиялық механизмі болып табылады. Бұл әдіс материалды
құралдар мен бағдарламалардың көп қырлы
функцияларын зерттейді, сондай-ақ қалыптастырдың
әртүрлі тәсілдерінің тиімділігін, атап айтқанда,
амалды-көрсеткіш, ұйымдастырушы және реттеуші
заттық-информациялық функцияларды зерттейді. Әрекет пен
ұғымды ұғыну, қалыптастыру стратегиясынан
тәуелді деп көрсетілген, қалыптастыруда дайын үлгіні
бергенде, объект құрылымындағы мәнді параметрден
шығарылған әрекет пен ұғымдардың сапалы
сипаттамасы ретінде қарастырылды. Сатылап
қалыптастыру теориясында сөз, сыртқы әрекетті ішкі жоспарға
ауыстыратын құрал мен ақыл-ой әрекетін тасушы ретінде
қарастырылады. Логикалық
ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен
ерекшеленеді. Балалардың логикалық
ойлауын дамытуға біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып
білу; екіншіден – баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік
талаптардың күшеюі; үшіншіден – сөздік
қорының кеңеюі әсер етеді. Бала әрбір нәрсенің мәніне ой
жүгіртіп түсінетін болады. Үйреншікті әрекеттері
арқылы мінез-құлқының ерекшеліктерін танып
біледі. Мұның бәрі баланың ойлау деңгейінің
өсіп жетілуіне қолайлы жағдай тудыратын қажеті
факторлар деп білеміз. Дәлірек келгенде, ойлаудың негізгі
формалары: ұғым, пайымдау және ой тұжырымы.
Ұғым
– деген сөздің өзі
«ұғу» деген етістікпен бір түбірлес. Біздің
қандай да бір нәрсе не
құбылыс туралы біліміміз болса, оның қасиеті
туралы басқа нәрселермен
қатынасын білген жағдайда ғана оны басқалардан
ажыратамыз және сол нәрсе
туралы ұғымымыз болады.
Ғалым Д. Рахымбек «Ұғымдарды меңгермейінше
заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес,
өйткені олардың өзі ұғымдар арасындағы
байланыстарды білдіреді. Ал ұғымды меңгеру дегеніміз –
болмыстың, заттар мен құбылыстардың маңызды
қасиеттерін, олардың арасындағы мәнді байланыстарды,
ара қатынасты білу», – дейді. Бұдан шығатын қорытынды
ұғымның қалыптасуының негізгі логикалық
тәсілдері: талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау және
жалпылау. Сонымен қатар А. Байтұрсынов ұғымның
өзін екіге бөліп қарастырады: 1) ес ұғымы. Ол
арқылы – адам заттардың мәнін, сипатын, сырын, т.б. таниды;
2) іс ұғымы. Ол арқылы – табиғат күшін танимыз
деп жазған болатын[4]. Бірнеше ұғымнан тұратын
ойлаудың формасының екінші түрі – пайымдау. Пайымдау – онда
нәрсенің бар екендігі, немесе нәрселердің
ара-қатынасы туралы бір нәрсе не құпталады, не терістеледі.
Ойлаудың үшінші формасы – ой тұжырымы. Ол пайымдау мен
ұғымға
қарағанда анағұрлым күрделі. Ақыл-ой
қызметінде сөз – ұғым, сөйлем–пайымдау десек,
онда ой тұжырымы сол ақыл-ой қызметінің өзі.
Талдау, сұрақ қою, жауап іздеу, түсіндіру, болжау,
дәлелдеу, көзін жеткізу, күдік тудыру, сұрау, талап
ету, тыйым салу – барлығы және де басқа ойлау әрекеті
белгілі ой тұжырымының
түрлеріне ие болады. Сондықтан
біз ойлау мен ой тұжырымын жасау екеуі бір нәрсе деп айта аламыз.
Егер ұғым негізінде – шындықтың нәрселік сипаты,
ал пайымдау негізіне – нәрселердің байланысы (қатынасы)
жатса, онда ой тұжырымы объективтік нәрселердің
неғұрлым күрделі, өзара байланысын құрайды.
Ой тұжырымы нәтижесінде дұрыс қорытынды шығару
үшін ақиқат пайымдарды негіз ете отырып, ойлау
заңдарының орындалуын басшылыққа алады. Кез келген
ғылымдағыдай, логиканың өз заңдары бар, ол
айрықша заңдар. Олар, бір жағынан, ойлаудың негізгі
қасиеттерін бейнелейтіндіктен ғылым заңдарына, басқа
жағынан, дұрыс ойлауға қойылатын негізгі заңдарды
құрайды. Ол заңдарға қайшылық заңы,
тепе-теңдік, үшіншісінің болмау заңы және
негіздеу заңы. Логиканың формалары мен заңдары дұрыс
орындалуы арқылы балалар білімдерді меңгереді және логикалық тұрғыдан ойлайды.
Алайда, мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы
үшін логикалық
ойлаудың ролі зор[4]. Логикалық ойлау – мектеп жасына дейінгі
кезеңнен басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше
қызмет түрі. «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: -
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру,
жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; - ойлау
белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
Қорыта келгенде, басты
міндеттерінің бірі – балалардың ой-өрісін, іс-қимылын
жан-жақты дамыту. Ол үшін логикалық ойындар мен
логикалық жаттығуларды пайдалану өте тиімді болмақ.
Мәселен. «Не артық»?, «Санамақ», «Мен сенімен келіспеймін»,
«Жұбын анықта» және т.б. логикалық тапсырмалар
балалардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.
Әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан - 2030» Ел президентінің Қазақстан
халқына жолдауы «Барлық Қазақстандықтардың
өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және
әл-ауқатының артуы». Алматы: Дәуір, 1997.
2.
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. - // Егемен
Қазақстан 2010, 14 желтоқсан.
3. Жарықбаев Қ. Жан тану негіздері. Оқулық.
Алматы: Эвро, 2004.
4. Дүйсенова Ж.Қ., Нығыметова Қ.Н.
Балалар психологиясы. Оқулық. Алматы: ТОО «Полиграфкомбинат», 2012.