ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ ДЕГЕН
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Қоянғалиев Е.С.
п.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің доценті, Қазақстан Республикасы, Атырау
қ.
Тәуелсіз елімізде
табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты
қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі
өзгерістер енгізуде.
Тәуелсіз мемлекетіміздің
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын
жүзеге асырудың аса маңызды
құралы қоғамның барлық саласын, соның
ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды.
Қазақстан
Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында
(1996): "Тәрбиенің түп мақсаты - коғамның нарықтық
қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық
және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,
өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке
түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті
дамытуға ерекше мән берілген.
Тәуелсіз еліміздің дамуы
үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек
үрпаққа қалдырудың үлесі зор.
Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі
халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен
табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану
үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр,
ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай
ұрпақтың өмірге деген эстетикалық
көзқарасы оның қызметінің барлық саласында
көрініп түрады.
«Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи
ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ
желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті
ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру
мен күнкөріске байланысты қалыптасқан
қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті
қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар
өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір мазмұнға құрылатын
күйлері, ақындық шешендік өнері, халық
әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып,
ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ
ұлтының ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар».
Өнер арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете
ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен
түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық
қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға,
дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.
Жоғарғы оқу орнының болашақ
түлектеріне: «Ұстаздық
еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп, ұлы Абай айтқандай, жас ұрпаққа
сапалы білім, саналы тәрбие
беріп, жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыруға
үлес қосатын ұстаз
орны әрқашан ерекше.
Сондықтан да бүгінгі өмір талабы ұстаздарға
қажымай-талмай жемісті еңбек етіп, ыждағаттылықпен,
шығармашылық ізденімпаздықпен жұмыс істеуді міндеттейді.
Ұрпақ тәрбиесі ісіне жете көңіл бөліп, жас
жеткіншектерге өнер әлемінің қыр-сырын үйретуде
талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр.
Мақалада
– халықтық
дәстүрлері арқылы оқушыларда халықтық
өнерге деген дүниетанымын қалыптастыру жұмыстары
қарастырылады.
Мұғалім
үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту
процесіне мынадай міндет қойылады: оқушылардың
ұлттық қазына арқылы қызығушылығын
ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды
жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық
мұраларды насихаттау.
Өнерді оқыту мен тәрбиелеу
үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды
қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті,
эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы
етіп тәрбиелеу болып табылады.
«Әлемнің
басты өлшеушісі – ол Адам». XXI ғасыр табалдырығын аттау
сәтінде тұрып, жан-жақты дамыған қоғам
ретінде адамгершілік қасиетті жоғары сақтауды талап етеді.
Көпқырлы
қоғам бағытын жетілдіру процесінде, ой-өрісі
жоғары, мәдени тәрбиелі, сезінуі, эмоциялылығы,
өмірдің бағасын сезіне, болжай білуіне үйретеді.
Біздің
қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық
көзқарасын дәйекті көзқарасының
қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса
өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен
өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің
алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан
сусындаған ата-бабаларымыздың өнер әлеміндегі ірі-ірі
тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай
тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз
керек. Оқытушылардың эстетикалық тәрбиесінің
тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің
қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен эстетикалық
дамуы болып саналады. Жастардың жеке эстетикалық дамуын
бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы
дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік
туғызады.
Әрбір
оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы,
мәдениеті, өмірге көзқарасы, эстетикалық
қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік
ерекшелігі- тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек,
оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір
оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық
тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі
міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім
мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса,
кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық
іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.
Адамның
тұлға болып қалыптасуы жолында халық өнерінің
әсері ұлан-ғайыр.
Ұлттық
өнер тек эстетикалық құрал ғана емес, оның
өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат.
Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы
тұрғыдан да зер салып, әдістемелік
тәсілдеріміздің
мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда
жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін
іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген өнер
сабағының тәрбиелік мәні өте зор.
Бастауыш
сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай
білуі мен рухани өмірін байыту,
туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін
және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ
фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың
бойында эстетикалық
мәдениетті тәрбиелеу – бүгінгі таңда
өзекті мәселе болып отыр.
Оқушының
әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік
пен зұлымдықты, қуаныш
пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның
эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары
айқындалады. «Жаратылыстың, һәм өнердің
сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың
сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз
болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан.
Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай
түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын
сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов
айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық
мәдениетінің дамуы сынып жетекшілерінің және пән
мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары
қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына,
әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Оқушылардың
ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан
түрлі және ол оқушының жас мөлшеріне
тәуелді. Өнерге деген көзқарасын қалыптастыру
әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады.
Педагогикалық ғылым мен практика оқушының шығармашылық
қабілетінің неғұрлым тиімді әдістерін
анықтап отыр. Олар: оқушылардың өнер туындыларын қабылдауы
мен эстетикалық мәдениетінің бастапқы
көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдістері:
а)
қоршаған ортаны
жасампаздандыруға және мінез-құлық
мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған
практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру
әдістері;
ә)
шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге
итермелейтін проблемалық
жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық
қабілетті қалыптастыруда қолданатын сендіру
әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс
әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі.
Оқушыда эмоциялық үн қосу өнер
шығармаларымен тікелей ұшырасқанда пайда болады. Бұл
әдісті көрнекілік, сондай-ақ ауызша әдіс деп те
санауға болады.
Үйрету
- жаттықтыру әдісінің мәні - оқушыны
тыңдай, көре бағалай білуге және соған
сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Үйрету,
жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді және
түрлі жағдайларда қолданылады. Аталған әдістерді
кешенді пайдалана отырып оқушының қабылдау белсенділігін
тәрбиелеу керек. Оқушылар әдебиетті оқуға,
музыканы тыңдауға, сурет салуға ынталы келеді.
Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы
іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну
үшін оқушыларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру
ұстаздың міндеті.
Оқушылардың
шығармашылық қабілеті және белсенділігі тұтас
педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық
еңбегі, демалысы шығармашылық бағытта тиімді ұйымдастырылса,
ол өз өміріне әдемілік
элементтерін енгізе алады.
Қазіргі
таңда жас ұрпаққа тәрбие беру саласында көп
өзгерістер жаңалықтар болып жатыр. Бүгінгі күнде
негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны
тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды.
Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы
ұғымды қамтитын бейнелеу өнері. Халық
тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған
ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде,
тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де
жетерлік. Өнер адамзаттың рухани азығы, жан серігі,
ұшқыр қиялы, нәзік сезімі.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Ақынжанов М. «Қазақтың тегі туралы», Алматы,
ҚБМБ, 1956ж.
2.
Асқарбекова Ғ. Қазақстан мектебі «Айтыс
өлеңдерінің тәрбиелік
мәні» 2001 ж, №2, 40-43 б.
3. Балтабаев М.Х. «Педагогическая
культурология». - А., 2000. 178.-183 б.
4. Басенов Т.К. «Орнамент Қазақстана
в архитектуре». - А., Изд. Ан.
КазССР,
1957, 7-126 б.
5.
Ғабдуллин Ж. Таңдамалы 2 бас. – А., «Жазушы» 1985, 177 б.